ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 45
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.2. Қазақ поэзиясындағы жаңалық
Өлеңде дыбыстық жағынан үйлестіру қазақ поэзиясында Мағжан әкелген жаңалық. Мағжан өлеңдеріндегі көп жаңалықтардың бірі. Ерте күнде отты Күннен Гун туған, Отты Гунмен От боп ойнап, мен туғам, -дейді Мағжан. Өлеңде қазақ өлеңдерінде бұрын-соңды кездеспеген сипат. Қорыта айтқанда, символизм, қазақ поэзиясына аз жаңалық әкелген жоқ. Символизм - поэзияның бір бұтағы ғана. Осы реализм Мағжан Жұмабаевтың әдебиетімізге әкелген тағы бір жаңалықтарының бірі. Батыс әдебиетіндегі көптеген орыс ақындарының қалам тартқан тақырыбы. Ол А.Блоктың, С.Есениннің тағы басқа символшыл ақындардың өлеңдеріндегі жаңа лепті ұстанды. Осындай сыршылдығы, дарындылығы арқасындағы Мағжан өз қатарластарынын оқ бойы озық тұрды. Мағжан өлеңіндегі от сөзі, отқа өзін теңеуі, сөзінің де от, өзінің де от екенін оның рухты ақын екендігін айғақтап тұр. Бойындағы жігері, қайнап жатқан қаны, бұлқынысы- бәрі де «От» өлеңінің мәні, мағынасы. Кейбір ақындар заманның ағымына қарай жазып жатқанда, түсініксіз от, түрікшілдікті қозғаған ақынның өмірі, әрине қиындық туғызды. Қиындық туғызып қана қойған жоқ, сонымен қатар, өлім жазасына кесілді. Ақын жаны елі үшін құрбан болды. Заман өте келе, қарайған ағарды, әділдіктің ақ туы аспанға көтерілді. Ақ түйенің қарны жарылды. Түрікті, түрік дүниесін сүйгені үшін кете барған ақын мұрасы қайта жаңғырды.
Ақынның «От» өлеңіне талдау жасасақ: Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын,
Күнге ғана бағынам.
Өзім-күнмін, өзім-от,
Сөзім, қысық көзімде –от,
Өзіме өзім табынам.
Жерде жалғыз Тәңірі-от,
Оттан басқа Тәңірі жоқ.
Егер біз бұл тармақтарды бір шумақ деп есептесек, өлең осындай тоғыз шумақтан тұрады. Әр шумағында сегіз тармақтан. Ұйқастарына қарасақ: а,а,б ұйқас үлгісі пайда болады. Өлеңде метафора, эпитет, кірме сөздер, сұраулы, лепті сөйлемдер көптеп кездеседі. Мысалы, өзім-от, арым да-от, қараңғылық-дұшпаным, Идеялды-Алланы деген метафора кездеседі. Қараңғы тас қаласын, қысық көзін деген эпитет бар. Иман, Алла, Тәңір сөздерінің өзін айтуға тыйым салған заманда жырға қосқан ақын бабамыздың расында да оттан туғандығы анық. Сол кезде қара қылды қақ жарғандай әсер қалдырады. Қазағының ұлылығын, түркі халқының даралығын асыл бабамыз әдемі өрнектеген. Қазіргі кезде ақын өлеңдерінің ішінде «От» өлеңі ең жігер беретін, рухты көтере өлең деп айта аламын. Кейбір жеткіншектерге оттай, жалын сияты мінез жетпей жатады. XXІ ғасырда өмір сүріп жатсақ та ақын өлеңдері өз өміршеңдігін жоймақ емес. Заманға сай көкейтесті мәселе, тақырып деп айта аламын. Белімізді бекем буып алып, болашаққа нық қадам бассақ деймін. Мағжан өлеңдерін оқи отырып, тарихымыздан мол мағлұмат аламыз.
Қорытынды
Зертеу барысында, мектеп оқушыларының арасында сауалнама жүргізген болатынмын. Берген нәтиже мені қуантты. Оқушылардың көп пайызы Мағжан өлеңдерін оқып, жаттайды екен. От өлеңінің мәні мен мағынасын айтып та берді. Ең көп тараған өлеңдері: От, Мен жастарға сенемін, Түркістан, Сүйемін, Толқын, Сағындым, Шолпы, Пайғамбар, Қарағым т.б.
Мағжаннан ұрпақ қалмағаны бәрімізді қатты күйзелтті. Бірақ біз бармыз ғой, өлең сүйер ұрпақ бармыз ғой деп өзімізді жұбаттық. Зұлиха апайдың өмірі де, туған-туыстарының да өмірі өмір болмапты. Ақын жанының тереңіне үңілгіміз келді. Төрт жасынан қолына қалам ұстаған ақынның, тарих шындық болса, қырық бесінде қаламы қолынан кетті. Өлең мәңгілікке жазалмастай боп кете барды. Бірақ күннен туған пайғамбар өлеңі біздің мәңгі есімізде қала бермек. Мен жастарға сенемін,- деген ақын баба.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Әуезов М. Қазақ әдебиеті-газеті.1993.13 тамыз. Досжанов Д. «Абақты» – Алматы: Қазақстан,1992 ж. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы»; Жұмабаев М., Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989. -
Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату: -
Хасен, Мурат Абдирахманулы. Алаштың ақиық ақыны – Мағжан Жұмабаев / Мурат Абдирахманулы Хасен, Г. М. Абилкасов, П. Ю. Гладких, А. Т. Еслямова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 32-34. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42724/ (дата обращения: 13.04.2023). -
"Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде". Т. Х : Арғын. -
↑ Мағжанның соңына шам алып түскен үш адам бар – Бақыткамал Қанарбаева, мағжантанушы(қолжетпейтін сілтеме) -
↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 -
↑ Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Аймауытов Ж., Мағжанның ақындығы туралы. “Лениншіл жас” журналы, ғ5, 1923; Тоғжанов Ғ., Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы, М., 1926; Тоғжанов Ғ., Әдебиет және сын мәселелері, Қ.-О., 1929; Мұқанов С., XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-бөлім, Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі, А., 1932; Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсынұлының және Жүсіпбек Аймауытұлының творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы. “Социалистік Қазақстан” газеті, 1988, №298; Елеукенов Ш., Мағжан, А., 1995; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы, А., 1995; Нұрпейісов К., Алаш һәм Алашорда, А., 1995. -
↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3