ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚМЖ
Сабақ:қазақ тілі | | |
Сынып: 5ә | | |
Күні:10.12 .2018ж | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақты зерттеу сабағының тақырыбы | Оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыруға «Төрт сөйлем» тәсілі қалай әсер етеді? | |
Бөлім / тақырып | Бос уақыт және хобби. Шынықсаң шымыр боласың | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру; 5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану | |
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді,туынды сөздерді тілдесім барысында қолданады. | |
Оқушылардың басым бөлігі: Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді ,туынды сөздерді және күрделі сөздерді тілдесім барысында талдайды. | ||
Кейбір оқушылар: Көтерілген мәселе бойынша өмірмен байланыстырып туынды сөздерді және күрделі сөздерді тілдесім барысында қолданып, ой қорытады,құндылығын анықтайды. | ||
Бағалау критерийі | Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді. Туынды сөздерді және күрделі сөздерді тілдесім барысында қолданып, ажырата алады. | |
Күтілетін нәтижелер | Спорттың адам өміріндегі маңызы мен рөлін түсінеді,қазақ елінен шыққан танымал спортшылар туралы ақпарат береді, сыныптастарымен пікір алмасады. | |
Ойлау деңгейі | Білу,түсіну,қолдану | |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады:мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді,көтерілген мәселе бойынша туынды және күрделі сөздерді тілдесім барысында қолданып өз ойларын білдіреді. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Спорт,спорт клубы, самбо ,самбо шебері ,күрес ,дене шынықтыру,чемпион Талқылауға арналған сұрақтар: Сен спортты жақсы көресің бе? Бос уақытында спортпен айналысатын кімдерді білесің? | |
АКТ қолдану дағдылары | Проектор,ноутбук. Сабақ барысында АКТ-ны қолданамын. | |
Құндылықтарға баулу | Cалауатты өмір салтын қалыптастыру. | |
Пәнаралық байланыс: | Дене шынықтыру, биология | |
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Дене шынықтыру сабағы бойынша спорт түрлерін , спортшылар туралы мәліметтерді біледі.Спорттың денсаулыққа пайдалы екендігін түсінеді. | |
Жоспар |
Жоспарлан -ған кезеңдері | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 6 мин | Оқушылармен амандасу, ынтымақтастық орнату. «Мен спортшымын» тренингі Оқушылар танымал спортшылар кейіпінде сап арасынан қол бұлғап өтеді. Мысалы: Мен ...... Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы оқиды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Өткен сабақтағы сұхбат кезіндегі оқушылардың ұсынысын ескере отырып , мұғалім ұсынған, орынға бір қыз, бір ұл болып отырады. «Ой шақыру» сұрақтарын қоямын: Сендер спортты жақсы көресіңдер ме? Бос уақытында спортпен айналысатын кімдерді білесіңдер? Біздің ауылда ,мектепте спортпен айналысатын кімдерді білесіңдер? ҚБ:Смайликтер арқылы бағалау. Сабақтың мақсатымен таныстыру. | Кеспе қағаздар жалаушалар жұмыс дәптерлері слайд | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 мин 10 мин 2 мин | Тыңдалым. 1- тапсырма. Мәтінді мұқият үнтаспадан тыңдаңдар. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды естеріңде сақтаңдар. Өздерің осы мәтін бойынша топ ішінде екі сұрақ құрастырып , «Көршіңе бер» әдісімен сағат тілінің бағытымен сұрақтарыңды алмасыңдар. Сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселе бойынша өз ойларыңды айтыңдар. Шынықсаң шымыр боласың Белгілі боксшы Жарас Төлегенов дене тәрбиесі пәнінен сабақ берген жылдары Жамбыл атындағы орта мектеп аудандық, облыстық жарыстардың алдыңғы қатарына шыға бастады. Балалардың көбісі боксшы,футболшы, гимнастшы, волейболшы болып кетіп еді.Сүмбідей тіп –тік, суреттей сұлу Жарас Төлегеновтің абырой- беделі артқаны сонша – балалар соның аузына қарайтын. Мектеп директоры Рақым Дәуітов жан-жақты ауылдардан келіп, волейбол ойнайтын жігіттердің өнерін тамашалау үшін бір топ мұғалімді бастап келіп отыратын. Бүгінде белгілі қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев допты қиғаштап кеп ұрған сайын қиқулап үн қосып көтермелейтін.Ол аудан орталығындағы волейбол жарыстарында ауылдың намысын қорғайтын.Сонда Рақым ағамыз қасындағы мұғалімнен: «Осы баланың сабақ үлгерімі қалай екен?» ,- деп сұрайтын. «Жақсы оқиды деседі ғой» деген жауапты ести сала: «Әп, бәсе,доп соққанның әдісін жақсы білетін бала жаман оқымауға тиіс», - деп сүйсіне үн қататын.
Дескриптор: - мәтінді мұқият тыңдайды , негізігі ақпараттарды анықтап отырады. - топпен екі сұрақ құрастырады. - сұрақтарға жауап береді. - көтерілген мәселені анықтайды ,өз ойын айту барысында туынды сөздерді қолданады.
ҚБ:Смайликтер арқылы бағалау. Жеке жұмыс. Жазылым. Тыңдалым мәтінін пайдалана отырып , «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып, өз ойыңды жаз. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.. Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз. ЖЖ. жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді жазбаша тілдесім барысында қолданыңдар.
Дескриптор: - өз пікірін бір сөйлеммен білдіре алады; - өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. - өз пікірін өмірден мысал келтіріп дәлелдейді. - өз ойын қорытып жазады. - туынды және күрделі сөздерді қолданады. ҚБ: Смайликтер арқылы бағалау. Сергіту сәті. «Ұлытау Жұмыр қылыш» | ноутбук үнтаспа Жұмыс дәптерлері Оқулық Слайд Үлестірме қағаздар смайликтер Үлестірме қағаздар Смайликтер видеоролик | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 6 мин | Кері байланыс: «Тілек ағашы» әдісі. Өтілген үш сабақ бойынша өз ойларын жазады. Құрметті балалар, бүгінгі сабақтан алған , алдыңғы екі сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, мына «Тілек ағашына» ілулеріңізді сұраймын.
| «Тілек ағашы» үлестірме қағаздар | ||||||||||||||
Үйге тапсырма: 1 мин | 5- тапсырма ,81- бет. Жазылым. Мәтінді оқып , «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып, өз ойыңды жаз. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.. Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз. ЖЖ. жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді жазбаша тілдесім барысында қолданыңдар. | слайд | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат: Қосымша әдебиеттерді интернеттен іздеп оқу , мәліметтер жинау. | ||||||||||||||||
Саралау Оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырмаларды қалай күрделендіресіз? | Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық технологияларын сақтау | ||||||||||||||
«Көршіңе бер» әдісімен бір біріне сұрақтар қою арқылы көтерілген мәселені анықтауға көмектесемін. Оқушылардың мүмкіншілігін ескере отырып, тапсырмалар ұсынамын. «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып білімдерін қолданып, ойларын жазады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының артуына үлес қосамын. | Смайликтер арқылы бағалау. Ауызша, жазбаша мадақтама ,сұрақ-жауап арқылы оқушыларға кері байланыс беремін. Әр тапсырмадан кейін дескриптор құрамын, сол дескриптор арқылы оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін анықтаймын. Оқушылардың материалды игеру деңгейін топтық және жекелеген тапсырмаларды орындағандарына қарай бағалаймын.Өзара бірін-бірі бағалайды. | Осы мақсатқа сай қауіпсіздік ережесі сақталды. |
Рефлексия Сабақ мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма? Уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | |
Қорытынды бағамдау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) Қандай екі тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты? Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |