ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 120
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жердегі тіршілік дамуының замандары мен кезеңдері қосымша1 Эволюциялық процестің болғандығын ертедегі тіршілік жайлы ғылым— палеонтология көз алдымызға елестетеді.Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Сондықтан геологиялық қабаттар Жер тарихының шежіресі болып саналады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын аықтады.Жер тарихы— заманға, заман — кезеңге, кезең—дәуірге, дәуір—ғасырға бөлінеді.Заманның аттары:Криптозой:1. Архей — ежелгі заман;2. Протерозой — алғашқы тіршілік;Фанерозой:3. Палеозой — ертедегі тіршілік;4. Мезозой — ортадағы тіршілік;5. Кайнозой — жаңа өмір;
Архей мен протерозой заманының ауысатын кезеңінде екі ірі эволюциялық өзгеріс болғандығы анықталды.1) Жыныстық жолмен көбею процесінің пайда болуы;2) Көп жасушалы организмдердің пайда болуы;Көп жасушалылардың бір тобы — белгілі бір орынға бекініп тіршілік етуге бейімделіп, губка тектес организмдерге айналды. Олардың екінші тобы — кірпікшелерінің көмегімен козғалып, олардан жалпақ құрттар пайда болды; үшінші еркін жүзіп тіршілік ететін, ауыз қуысы бар организмдер тобынан - ішекқуыстылар келіп шықты.
ұлулар, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз кірпісі пайда болды. Сондықтан да кембрийді — омыртқасыздардың даму кезеңі деп атайды.Ордовик кезеңі: Бұл кезеңде теңізде коңыр, кызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами берді. Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы алғашқы басаяқты ұлулар пайда болды, сонымен бірге иықаяқты, бауыраяқты ұлулар да тарала бастады. Тұщы су жағалауларында өсетін споралы өсімдік — псилофиттер өсе бастады. Геологиялық қабаттардан қазіргі миногалардың, миксиндердің арғы тегі болып саналатын жақсүйексіз омыртқалылардың қаңка қалдықтары табылды.Силур кезеңі: Бұл кезеңде тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрлықтың көлемі артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяғы бар, оның ауыз айналасына орналасқан ең алдыңғы жұбы, қорегін ұстап ұсақтау үшін қысқышқа айналған алыпқұршаяндар тіршілік ете бастады. Силурда ішкі қаңқасы шеміршекті, денесі сүйекті сауытпен қапталған алғашқы омыртқалы жануарлар — сауытты балықтар пайда болды. Олардың жұп жүзбеқанаттары болмағандықтан су түбінде жатып тіршілік етті. Олар тек пішіні жағынан балыққа ұқсағанымен шын мәнінде жақсүйексіздер (дөңгелекауыздылар) класына жатқан. Өте баяу қозғалуы ары қарай дамуына мүмкіндік бермей бірте-бірте жойылды. Осы күні дөңгелекауыздылар — миногалар мен миксиндер сол сауытты балықтардың жақын туысы болып саналады. Судың азайып таяздануынан ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік — псилофиттердің құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға ұқсас болған, олардың нағыз жапырақтары болмаған. Олар жіңішке жіп тәрізді өскіншелері арқылы топыраққа бекініп, су мен минералды тұздарды сіңірген. Өсімдіктердің құрлықка шығуы, эволюцияның ең негізгі күрделі өзгеріс кезеңі болды. Бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың әрекетінен құрлықта псилофиттер қорек қорын алатын биогенді қабат — топырақ түзіле бастады. Ең алғаш құрлықта псилофиттермен қатар өрмекшітектес буынаяқтылар да тіршілік ете бастады.Девон кезеңі: Бұл кезеңді балықтар кезеңі деп те атайды. Бұл кезеңде теңіздің көлемі азайып, ауа райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейе түсті. Теңіздерде шеміршекті (осы күнгі акулалар, тұтас жүзбеқанаттылар, химералар) және сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбеқанаттарының құрылысына қарай сүйекті балықтар сәулеқанаттылар (жүзбеқанаттары желпеуіш тәрізді) және саусаққанаттылар (жүзбеқанаттары саусаққа ұқсайды) деп бөлінді. Саусаққанатты балықтардың жүзбеқанаттары етті әрі қысқа, олар: 2 көкірек, 2 құрсақ жүзбеқанаттарының көмегімен жүзіп қана қоймай, суы құрғай бастаған көлдерден су іздеп жорғалап жүруге де бейімделген. Тым таязданып кеткен суларда олар атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделе бастады. Олар қан тамырларымен торланған торсылдағы арқылы тыныс алды. Жұп жүзбеқанаттары біртіндеп жүруге көбірек икемделіп 5 саусақты аяққа, ал торсылдағы өзгеріп өкпеге айналған. Көпке дейін саусаққанатты балықтарды палеозойдың соңғы кезенінде жойылып кеткен деп келген еді. Бірақ
1938 жылы Оңтүстік Африканың мұражайына ұзындығы 1,5 метр, салмағы 50 кг балық тапсырылған. Ғалымдар латимерия бұдан 300 млн жыл бұрын пайда болған деп есептейді. Латимерияның дене кұрылысында қосмекенділердің, басқа да омыртқалы жануарлардың (5 саусақты аяқтары) белгілері сақталған. Девонның соңында саусаққанатты балықтардан алғашқы қосмекенділер- стегоцефалдар кұрлыққа шыққан. Девон кезеңінде өсімдіктерден — споралы қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар пайда болды. Тұқымды қырықжапырақтар көптеп тарала бастады. Құрлықтағы жасыл өсімдіктер ауаны оттекпен байытып әрі жануарларды қорекпен де камтамасыз етті.Тас көмір кезеңі: Жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан солай аталған. Бұл кезеңде ауа райы ылғалды, жылы болып, батпақты жерлердің көлемі арта бастады. Биіктігі 30—40 м ені 1-2 м ағаштектес плаундар-лепидодендрон мен сигиллярия, каламиттер қалың орман болып өскен. Тас көмірдің орта кезінде жер бетінде өсімдіктер кеңінен таралды. Тұқымды қырықжапырақтардан ашықтұқымдылар таралып, эволюцияда өсімдіктердің тұқыммен көбею жолы пайда болды. Девонның соңында пайда болған стегоцефалдар (сауытбасты қосмекенділер) кең тарала бастады. Стегоцефалдардың дене пішіні қазіргі тритондар менсаламандраларға ұқсаған әрі олар уылдырық шашып көбейген. Олардың итшабақтары суда дамыған әрі желбезекпен тыныс алғандықтан қосмекенділердің дамуы осы күнге дейін сумен тікелей байланысты.Пермь кезеңі: Пермь кезеңінде тау сілемдері түзіліп, құрлықтың көлемінің ұлғаюы ауа райының өзгеруіне де әсер етті. Экваторда ылғалды тропиктік, одан солтүстікке қарай ыстық әрі құрғақ ауа райы болғандықтан, батпақты, ылғалды жерде өскен ормандар, қырықбуындар, қырықжапырақтар, плаундар біртіндеп азайып жойылды. Олардың орнын тұқымды өсімдіктер басты. Ең алғашқы тұқымды өсімдіктер — ашықтұқымдылар болды. Жануарлар дүниесінде де едәуір өзгерістер байқалды. Трилобиттер, палеозой маржандары, құрғақ ауа райына төзе алмаған қосмекенділер де жойылды. Тек бақа, құрбақа, тритон, саламандра, аяқсыз қосмекенділер ғана сақталып қалды. Жойылған қосмекенділердің орнына құрлыққа жақсы бейімделген терісі мүйізді қабыршақпен немесе сырты қатты қабықпен қапталған, сары уызға бай жұмыртқа салып көбеюге бейімделген, тыныс алуы, қан айналымы жақсы жетілген бауырымен жорғалаушылар пайда болды. Олар жер бетіне кең тарала бастады. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың аралық формасы ұзындығы 25 см, денесі кесірткеге, басы бақаға ұқсаған балықпен қоректенетін бақакесірткелер тіршілік етті.
-
Архей заманында тіршіліктің дамуы:

Протерозой заманында тіршіліктің дамуы:
-
суда тыныс алатын желбезектің дамуы;
-
Палеозой заманында тіршіліктің дамуы:
-
Кембрий; -
Ордовик; -
Силур; -
Девон; -
Тac көмір; -
Пермь;