Файл: Жердегі тіршілік дамуыны замандары мен кезедері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бор кезеңі: Бұл кезеңде гүлді өсімдіктер кеңінен таралды.Бұл кезеңдегі өсімдіктер әлеміндегі өзгерістерге: үйеңкітерекеменэвкалипт, тал, қайың, т.б. жалпақ жапырақты ағаштардың пайда болуы жатады. Гүлді өсімдіктердің дамуы оны тозаңдандыратын жәндіктердің және жәндікпен қоректенетін құстардың пайда болуына себепші болды. Бор кезеңінің соңында ауа райының суынуына байланысты су жағалауындағы өсімдіктердің таралу алқаптары азайып, өсімдікқоректі және жыртқыш динозаврлар жойылды. Ірі бауырымен жорғалаушылар (колтырауындар) тек тропиктік белдеулерде ғана сақталып калды. Бор кезеңінде құстар мен сүтқоректілердің қарапайым топтары пайда болды. Бұл кезеңде жылықанды жануарлар құрлықта кеңінен таралып, ұшпайтын алып құстар пайда болды.
Сүтқоректілердің шығуына себеп болған ароморфоздық белгілер.
1. Жүйке жүйесінің күрделенуі, алдыңғы ми сыңарларының дамуы жануарлардың мінез-қылығының өзгеруіне, қоршаған орта жағдайларына бейімделуіне әсерін тигізді.
2. Омыртқа жотасы айқын бөлімдерге жіктелді әрі аяқтары денесінің бүйір жағынан бауыр жағына орналасты.
3. Ұрық аналық организмнің денесінде дамып, арнайы мүше — жатырда жетілді әрі ұрпағын сүтпен қоректендірді.
4. Денедегі жылуды қалыпты сақтау үшін түкті жамылғы пайда болды.
5. Газ алмасу қарқындылығын күшейтетін көптеген көпіршіктерден тұратын өкпе дамыды.

Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы:


Кайнозой. Жаңа өмір заманы (ұзақтығы 66 млн жыл)

Антропоген (төртінші) (1,8 - біздің күндер)Мұздық алаңының мезгіл-мезгіл кеңеюі. Қырымға және Еуропанын ортасына дейін жеткен 3-5 ірі мұз басу. Мұздыққа таяу климаттың ылғалдығы және мұздықтан алыс климаттық құрғақ болуы. Мұхит деңгейінің 80-120 м төмендеуі- суыққа төзімді формалардың ( жүндес керіктер, солтүстік бұғылары), шөл формаларының өте көп мөлшерде дамуы. Ірі жыртқыштар, шөпқоректілер және гоминидтер.

Жылы климатта гүлді өсімдіктер, мұздақтарда тундралық өсімдіктер және солардың аралығындағы қылқанды өсімдіктер. Адамның жаралуы және пайда болуы. Жоғары жүйке әрекетінің (ойлау, ес) пайда болуы

Неоген (үшінші) (25-1,8)Альпі, Карпат, Гималаи, Кавказдар қалыптасты. Теңіздің өте құрғауы, Антарктиданы мұз басу. Солтүстік жөне Оңтүстік Америка арасында фаунаның алмасуы. Сонынан олтүстік және Оңтүстік Америка арасындағы алмасу. Австралияда - қалталылар. Жәндіктер мен өсімдіктердің түрлік құрамы қазіргі замандағыларға жақындаған. Жабық тұқымды өсімдіктер және сүтқоректілер: аю, мысық, керік, бұғы, жайлаң (жи­раф), жоғары сатылы приматтардың (адамтөріздестердің) үстем болуы. Австралопитектің пайда болуы. Тайга және тундра флорасы қалыптасты. Адамтектес приматтарда қарапайым естілік әрекеттің пайда болуы


Палеоген (66-25)Теніздердің сансыз көп көтерілуі және қайтуы, тау түзілу. Теңіздерде косжактаулы ұлулар, мүкденелілер, сүйекті балықтар тіршілік етті. Континенттік сукоймаларда құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер, тәмсактар (крокодил) болды. Құрлықта тасбакалар, кесірткелер өмір сүрді. Төменгі сатылы приматтар (лемурлар) өркендеді. Бунакденелілер алуан түрде кездесіп, жабықтұқымды өсімдіктер үстемдік етті. Өте ежелгі маймылдар (парапитектер), кұстардын осы замангы тұқымдастары, тұяқтылар болды. Приматтардың миы жөне сезім мүшелері дамыды


Жер тарихы

ЭОН

Криптозой Фанерозой

(жасырынған тіршіліктің уақыты) (айқын тіршіліктің уақыты)

ЗАМАНДАР











Палеозой (ежелгі тіршілік)

Архей ( көне тіршілік)





Протерозой (біріншілік тіршілік)

Мезозой (орта тіршілік)





Кайназой (жаңа тіршілік)


Геохронологиялық кесте

Эон- заман- кезең- дәуір-ғасыр- уақыт