Файл: Амола облысы білім басармасыны ОРалжын ауданы бойынша білім блімі сабынды ауылыны сенов атындаы орта мектебікмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ САБЫНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ҮСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»КММ

7 «А» СЫНЫБЫНДА ӨТКІЗІЛІНГЕН ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы:

«Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік»

Дайындаған: 7 «A» сынып жетекшісі: Омарова С.Қ

2021-2022 оқу жылы

Тақырыбы: «Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Құқық бұзушылықтың алдын ала біле алатын азамат қалыптасады.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушы назарын сабаққа аудару

Сәлемдесу.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру

Оқушылар өздері қалаған орындарына отырады

Интерактивті тақта, қанатты сөздер, кітап көрмесі, тірек сызбалар

Жаңа сабақ

Тақырып бойынша жұмыс

Мағынаны тану

Сергіту сәті:

Білген маржан (терминдермен жұмыс)

Қорытынды

Бағалау:

Топтарды бағалау



Құрметті оқушылар! Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата – заңның  1 –  бабында «ҚР –сы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» деп аталады.

Екі топқа бөлінген оқушылар жеке – жеке отырғызылады, топ лидерлерін сайланады.

1– топ «Заңгерлер»

2– топ «Бейбітшілік»

Ой қозғау: «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасап көру

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – мақал – мәтел сайысы

1. Бір қазаға екі ………….. жоқ (жаза)

2. Би екеу болса, ………. төртеу (дауа)

3. Әр елдің  ………… басқа , иттер қара қасқа (заңы)

4. Елшіге ………. өлім жоқ (өлім)

5. Тақыр жерге су төксең жеруге тайғақ болар,

Жаманға сырығды айтсаң …………… , болар (айғақ)

6.Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің,

Анық достың қадірін, ………….. болғанда білерсің (жалалы)

Конституция – қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқық нормалары біріктірілген және жұйеленген нормативті акт

Амнисция – қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінара босату, не әлгі адамға сот тағайындаған жазаны жеңілдету немесе жазадан босату

Санкция – қолданылатын жағымсыз шара

Жаза – соттың үкімі бойынша тағайындалынатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы.

Міне, осы айтылғандарды саралай келгенде, біздің еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы сіздер мен біздердің қолымызда. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сендер. Ендеше М. Әуезов атамыздың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болуы керектігін осы бастан ой – зерделеріңде сақтаңыздар.

Оқушылар мұғалімді тыңдап отырады

2 топ қылмыс туралы ойларын топтастырады

Тіл туралы мақал айтып жарысады.

Оқушылар мақал мәтелдердің жалғасын табады

Оқушылар дене қимылдарын жасау арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

Терминдермен танысады

Жинаған ұпайлары арқылы бағаланады

Топтар бір-бірін күлегештер арқылы бағалайды

Сабақтан алған әсерлерін, үйренгендерін айтады


Қ.Р туралы суреттер



Қима қағаздар

Күлегештер (смайлик)


Анықтама

Осы аптада «Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» атты тақырыпта

3 «Е» сыныпта құқықтық тәрбие сағаты болды. Сынып сағаттың негізгі мақсаты оқушыларға құқық бұзушылықтың ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.

Сабақ барысында бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыстығын жіте айтылып өтілді.

Сынып сағаты алған қойған мақсатына жетті, оқушылар құқық бұзушылқытң не екенін? Оған деген заңдық жауапкершіліктің бар екенін түсінді, білді.