Файл: 4тосан бойынша жиынты баалауа арналан тапсырмалар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 60

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

  1. Мына аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз.
    «Үй маңында басқа байлық көрінбейді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз жетпеген соң , туырлық
    орнына ши ұстап қойыпты.
    А) бағыныңқы, басыңқы, басыңқы В) басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
    С) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы Д) басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
    Е) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
    2. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
    А) Бұлар үйге кіргенде, түн ортасы жуық еді, бірақ Дәурен мен Айжан жатпады.
    В) Уақыт өткен сайын, су киімдерімізге қатқан мұз қалыңдай түсіп, денеміз дірілдей бастады.
    С) Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік.
    Д) Машина жақындаған сайын қала да қойнын ашып, көшелері кеңи бастады.
    Е) Басында бірін-бірі онша білмесе де, осында келгеннен кейін, отбасы мүшелеріндей қатты
    араласып, туыстай болып кеткен еді.
    3. Аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз.
    «Ол оянса, терезе жабық , үй іші қара көлеңке екен».
    А) басыңқы, бағыныңқы, басыңқы В) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
    С) бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы Д) бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
    Е) басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
    4. Себеп-салдар сөйлемдері бар аралас құрмаласты табыңыз.
    А) Бүгін жұмысқа кім шықпай қалса, соны көнгенге санаймын да, бүгіннен бастап босатамын.
    В) Қарағандының қары тез еріп, сай-салалар суға толып, өзеңдер тасығалы тұр.
    С) Өзгелері қос атпен тартқандай, қосалқы мұғалім де ілігіп келеді.
    Д) Өмірдің ащы-тұщысын бірдей таттық: шаңырақ көтергенімізге жарты жыл толмай жатып, соғыс
    басталды.
    Е) Ақжелкеннің сенімін не ел ақтауға тиіс, не тілмаш ақтауға тиіс.
    5. «Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» схемасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлем
    А) Жолдан бұрыстау болғанмен, егер сен қарсы болмасаң, соға кетуді ойлап келемін.
    В) Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып,
    Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған-ды.
    С) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Ақан құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді, ат етпетінен түсті.
    Д) Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да, мұғалімнің сөзіне Бектай көнді.
    Е) Денесі әлсіреп, сүлдері құрығандай болып, зорға келіп арбаға мінді.
    6. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
    А) Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ болып, Асқар үйден шыққан соң , Айбала шай қойды.
    В) Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген малым болса.
    С) Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері от шашып тұрды.
    Д) Ертеңіне тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты.
    Е) Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, ойы жүзеге аспады.
    7. –ғандықтан, -гендіктен- қай сабақтас құрмалас сөйлемнің жұрнақтары?
    А) шартты В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) мезгіл Е) мақсат


8. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Абай Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.
В) Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.
С) Дәркембайдың жүрісі тығыз екен, шешінбеді.
Д) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.
Е) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданың, ұждан – рухтың бақылау тетігі.

9. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.
«Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген».
А) Басыңқы сөйлемнің алдында. В) Басыңқы сөйлемнен кейін.
С) Басыңқы сөйлемнің ортасында. Д) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.
Е) Басыңқы сөйлемнің алдында да, кейін де.

10.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Мына ағайдың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.
В) Жолында асқар тау тұрса да, топ жарып өтетін сияқты.
С) Күн бұлттанды. Д) Сыныпқа мұғалім, директор кірді.
Е) Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай - бәрі де бар.

11. Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз.
В) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.
С) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Д) Қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан.
Е) Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады.

12. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Аспанда тұтас бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.
В) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
С) Қазақ мақалы бар:асыл тастан, өнер жастан.
Д) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше айтып берген.
Е) Қасқыр енді мұнын айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.

13. Себеп-салдар салаласты белгілеңіз.
А)Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді.

В)Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен.

С)Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады.

Д)Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп.

Е)Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.

14. Жай сөйлемдеріндегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі қайсы?
A) ыңғайлас B) қарсылықты C) себеп-салдар D) кезектес E) талғаулы

  1. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.
    Менің артымнан тағы бір қыз туады, әке-шешем атын Балтуған қояды.
    A) Ыңғайлас D) Түсіндірмелі B) Қарсылықты E) Талғаулы C) Себеп-салдар