Файл: Httpsatu kz Факультет Таам технологиялары кафедра Таам німдеріні технологиясы.doc
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
https://atu.kz/
ФАКУЛЬТЕТ «Тағам технологиялары»
КАФЕДРА «Тағам өнімдерінің технологиясы»
ПӘН: «Ғылыми зерттеу әдістері мен ұйымдастыру»
Реферат
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайы және оны дамыту жолдары.
Топ: ТММП - 20-11.
Орындаған:Рысбекова С. А.
Тексерген: Шамбулова Г. Д.
Алматы, 2022 жыл
Аннотация
Рефератта еліміздің ұлттық саясатының басым бағыттарының бірі денсаулық сақтау жүйесін болашақта дамыту жоспарлары қарастырылады. Денсаулық сақтау саласында атқарылатын мемлекеттік іс-шаралар мен жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалардың маңызды ережесі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапалылығына құқықтық талдау жүргізіледі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруде әрекет етуші заңнаманы үйлестіру мәселесі талқыланады.
Бүгінде Қазақстанға өз көзіңмен қарасаң, оның жылдар ішінде қаншалықты өзгергенін байқауға болады. Республика бойынша медициналық бағыттарда алғаш рет ең күрделі оталар жасалуда. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағы заң аясында өзара үйлесімділікпен дамуда. Шетелдік клиникалармен байланысқан телемедициналық орталық құрылғы, денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржы ұлғайды, бұл менің ойымша, өлім-жітім деңгейін төмендетуге және туу көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді.
Дені сау адамдар елдің әлауқатының қателеспейтін индикаторы және сенімді кепілі. Ұлт денсаулығы да ғалымдармен адам дамуының маңызды индикаторы мен мемлекеттің даму әлеуеті ретінде жанжақты талданылады. Сәйкесінше, ұлт денсаулығы ұлттық қауіпсіздік саясатының басым бағыты ретінде бекітілген. Халық арасында айтылғандай, денсаулық бәрі емес, бірақ денсаулықсыз бәрі ештеңе емес. Елдің гүлденуі осы мәннен басталады.
Кілт сөздер: денсаулық, медицина, болашақ, іс-шара, бағдарлама, өлім-жітім, туу, гүлдену.
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайы және оны дамыту жолдары
Орындаған:Рысбекова С. А. , ТММП - 20-11 тобының студенті. Тексерген:Шамбулова Гульнара Досанбековна, т.ғ.к.
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Алматы қ. ,
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы он жылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды. Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер - туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi.
Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде 2011 жылы барлық мамандықтардағы 62 239дәрігер мен 159 870орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында – 85%-ын әйелдер құрайды. Республикада халықтың саны 2011 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өстi. 2011 жылы бала туу көрсеткiшi халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 2001 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өстi.
Дамыған нарықты экономикалық үлгідегі елдерде денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың үш негізгі үлгісі қалыптасқан:
1) Либеральды-нарықтық (АҚШ)
2) Әлеуметтік-сақтандыру ( ГФР, Франция, Австрия, Швейцария, Бельгия, Голландия, Швеция, Жапония, Қанада)
3) Бюджеттік (Ұлыбритания, Ирландия, Италия, Португалия, Греция, Дания)
Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің ұйымдастырылуы денсаулық сақтау ұйымының негізгі қағидаларынан құрылады. Дегенмен ауылдық медициналық ұйымдар жұмысының әдісі мен ұйымдастыру формасына әсер ететін факторлар бар:
-ауылдағы адамдардың орналасуы жиілігі, ауылдық пункттегі адамдардың орташа саны;
- қызмет көрсету радиусы, көліктің болуы, жолдың қашықтығы;
-ауыл шаруашылық жұмыстың және тұрмыс жағдайының сипаты;
- кейбір халықтардың ұлттық дәсүрлері мен ерекшеліктері;
- дәрігерлік кадрлардың ағымдылығы;
- экономиканың және мәдениеттің деңгейі;
- географиялық және климаттық жағдайлар.
Санитарлық авиацияны пайдалану арқылы жедел медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру мақсатында 2011 жылы Қазақстанда алғашқы рет Республикалық санитарлық авиация орталығы құрылған еді. 2013 жылы болған 1355 ұшырылымда науқастар өңірлерден орталықтарға тасымалданып, оларға 135 ота жасалған, 502 консультативтік, 1813 медициналық қызмет көрсетілді.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойыншаелімізде ауыл тұрғындарына179 орталық аудандық аурухана, 140 ауылдық аурухана, 1495 дәрігерлік амбулатория, 4454 фельдшерлік-акушерлік пункттер, фельдшерлік пункттер және медициналық пунктер қызмет көрсетуде.
2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қаржыландыру көлемi 90,5-тен 273,1 млрд. теңгеге дейiн көбейген. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жанындағы күндiзгi стационарда 445 145 науқас (2005 ж. - 278 813), ауруханалардағы күндiзгi стационарда - 64 081 науқас (2005 ж. - 56 728), үйдегi стационарларда 158 758 науқас (2005 ж. - 155 480) емделген. 2009 жылы амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарында 104,5 млн. пациент қабылданған (2005 жылы - 99,3 млн.), бұл 1 тұрғынға шаққанда бұрынғы - 6,6 деңгейде қалып отыр.
Қолданылған дереккөздер тізімі:
1. www.zkolib.kz/zkolib/rus/nav/ak/1
2. http://malimetter.kz/ kazakstan-respublikasynyn-densaulyk-saktau-salasynyn-zhagdajy-zhane-onyn-karzhylandyru-zhujesi- сайты
3. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник. 3-е изд,. Перераб. И доп. Медик В.А,. Юрьев В.К.-М,. 2010г- 257ст
4. Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие.-М,. 2010.-589ст
5. www.akorda.kz/upload/content.../salamatty_kazakstan-сайты
6. Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие. Медик В.А. и др.-М,. ГЭОТАР-Медиа 2013г-324ст
7. Организация и оценка качества лечебно-профилактической помощи населению: учебное пособие/ под.ред. В:З. Кучеренко.-М.,2009г-198ст