Файл: Бастауыш сынып оушыларыны каллиграфиялы машытарын жетілдіруде, сондайа жалпы кркем жазу жмысын жасартуда,сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 32
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түсініктеме
Бастауыш мектептердің алдына қойылатын жауапты міндеттердің бірі – оқушылардың таза,көркем жазуын қалыптастыру.Өйткені каллиграфиялық мәдениет жалпы жазу мәдениетінің аса қажетті саласы екені белгілі.Жазудың әдемі,көркем болуы оқушының мінез-құлқын тәрбиелеуге,әсемдік сезімін оятуға,ой-өрісін дамытуға мейлінше әсер етеді.Таза,сұлу жазылған жазба жұмыстары оңай,тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймайды,сонымен қатар сырттай көрер көзге сүйкімді.
Төртінші сыныпта көркем жазу одан әрі жетілдіріле түседі. Көркем жазу сабақтарының негізгі мақсаты – жазу қарқынын жеделдету, біркелкі ритмикалық жазуға көшу. Оқушылардың оқулықтағы жаттығуды орындауын тексеріп,ондағы сұрақ-тасырмаларды еркін оқып түсінуі қандай қажет болса, оған байланысты жазба жұмыстарын жедел орындау да соншалық қажет екенін естен шығармау керек. Бұл сыныпта біркелкі ритмикалық жазу мен тез жазуға арналған графикалық жаттығуларды орындауға баса назар аударылады. Сондай-ақ жеке оқушымен дербес жұмыс жүргізу,әрбір оқушының жазуындағы жеке кемшіліктерді түзеуге көп көңіл бөлінеді. Соған байланысты графикалық жаттығулардың түрлері де көбейе түседі. Сөздегі әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жаза білу машығы грамматика мен емлеге берілген жаттығу материалдарын орындау барысында мұқият еске алынады.
Кіріспе
Бағдарлама талаптарына сай әрбір қазақ тілі сабақтарының 6-8минуты көркем жазуға беріледі.Қажетті жағдайда оны жеке сабақ етіп өткізуге де болады.
Бастауыш сынып оқушыларының каллиграфиялық машықтарын жетілдіруде, сондай-ақ жалпы көркем жазу жұмысын жақсартуда,сынып
бөлмесінің жарық болуы, ондағы жиһаздардың талапқа сай келуі шешуші рөл атқарады. Жазып отырған оқушы партада дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою, қаламды дұрыс ұстау ережелерін сақтау керек. Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды.Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда, оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын жалпы бағаның ішіне көркем жазу бағасы да ескеріледі.
Сабақты өткізу түрлеріне оқушыларды көркем жазуға үйретуде түрлі
жазба жұмыстардың жаттығулар, дыбыстар, буындар, сөздер,с өйлемдер,
мазмұндама, шығармалар,диктант түрлерінің пайдасы өте зор.
Негізгі бөлім
Таңдау курсына арналған бағдарлама
4-сынып
Бейіні: қазақ тілі
Бағдары: ұқыпты жазу
Тақырыбы: «Көркем жазу
Мақсаты:
Оқушыларды көркем,сауатты жазуға дағдыландыру.Балаларды таза,сұлу
және түсінікті жазуға үйрету.Оқушыларға көркем жазу-өнер екенін ұғындыру.
Міндеті:
әдемі жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету;
әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау;
таза жазу арқылы үзіліссіз жазуына машықтандыру;
бір,екі,үш тактімен жазуын үйрету;
жедел жазу кезінде әріптердің бір-бірімен қосылу жолдарын көрсету;
жазу ережелерін сақтау;
- ритмикалық жазуға төселдіру.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Оқушылар білуі керек:
- көлбеу жазу;біркелкі жазу,ара қашықтық сақтап жазуын;
- әріптер мен әріп элементтерін бұзбай дұрыс жазуын;
- бас әріп және кіші әріптердің жазылу үлгісін;
- әріп элементтерінің дұрыс жазылуын;
- жазу тазалығын сақтау,артық сызықтар жасамауын;
- каллиграфия;
- көркем,сұлу,сауатты жазу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі
Бағдарламаны жүргізу формалары: деңгейлік тапсырмалар, ребустар, интеллектуалдық ойындар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген
Р/с | Тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
| 1- тоқсан | | |
1 | Әріп элементтерін жазу | 1 | 05.09 |
2 | Әріптердің байланысы | 1 | 12.09 |
3 | П, У әріптерін жазу үлгілері | 1 | 19.09 |
4 | В, Н әріптерін жазу үлгілері | 1 | 26.09 |
5 | Р, Б әріптерін жазу үлгілері | 1 | 03.10 |
6 | З, Д әріптерін жазу үлгілері | 1 | 10.10 |
7 | Ф, И әріптерін жазу үлгілері | 1 | 17.10 |
8 | Л, Ш әріптерін жазу үлгілері | 1 | 24.10 |
| 2- тоқсан | | |
9 | М, О әріптерін жазу үлгілері | 1 | 07.11 |
10 | Әріптерді байланыстырып жазу үлгілері | 1 | 14.11 |
11 | Ө, Ю әріптерін жазу үлгілері | 1 | 21.11 |
12 | Л, Я әріптерін жазу үлгілері | 1 | 28.11 |
13 | Ж, Х әріптерін жазу үлгілері | 1 | 05.12 |
14 | А, Т әріптерін жазу үлгілері | 1 | 12.12 |
15 | Ү, Ұ әріптерін жазу үлгілері | 1 | 19.12 |
16 | У, Ч әріптерін жазу үлгілері | 1 | 26.12 |
| 3- тоқсан | | |
17 | С, Э әріптерін жазу үлгілері | 1 | 09.01 |
18 | Ә, Э әріптерін жазу үлгілері | 1 | 16.01 |
19 | Әріптерді байланыстырып жазу үлгілері | 1 | 23.01 |
20 | Е, Е әріптерін жазу үлгілері | 1 | 30.01 |
21 | З, Е әріптерін жазу үлгілері | 1 | 06.02 |
22 | Жаңылтпаш жазу | 1 | 13.02 |
23 | К, Қ әріптерін жазу үлгілері | 1 | 20.02 |
24 | Ш, т, и әріптері бар сөздер | 1 | 27.02 |
25 | П, Һ, р әріптерін жазу үлгілері | 1 | 06.03 |
26 | Өзен аттарын жазу | 1 | 13.03 |
| 4- тоқсан | | |
27 | Цы, ни, ля, қы әріптері бар сөздер | 1 | 27.03 |
28 | Жер-су аттарын жазу | 1 | 03.04 |
29 | Мақал-мәтел жатқа жазу | 1 | 10.04 |
30 | Әріптердің жазу үлгілері | 1 | 17.04 |
31/32 | Әріптердің байланысы Бақылауға арналған үлгілер | 1 | 24.04 |
33/34 | Тізбек сөздер. Сөйлемдер жазу | 1 | 15.05 |
35 | Мәтінмен жұмыс | 1 | 22.05 |
36 | Қорытынды | 1 | 29.05 |
Пайдаланылған әдебиеттер:
4 - сыныпқа арналған «Көркем жазу» дәптері №1, №2,
К. Ерешева, Ш. Ыдырысова.
Келісемін Қаралды
Мектеп директорының Әдістемелік бірлестік
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: отырысында қаралды.
Б. Б. Мырзабаева Әдістемелік бірлестік
2022 жылғы « 29 » тамыз жетекшісі:
С. А. Мамытова
2022 жылғы « 29 » тамыз
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі Тақырыбы: Тіл және сөйлеу | Мектеп: «Қайнар» мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | ||||
Күні: 02.09.2017 | Мұғалім: З. Ниязова | ||||
Сынып: 4 «А» | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Тіл және сөйлеу мағыналарын үйрету, түсіндіру | ||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: | ||||
Сөздердің байланысын сызба арқылы таба алады | |||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: | |||||
Сөйлем мүшелерінің байланысын біледі | |||||
Кейбір оқушылар орындай алады : Сөйлем мүшелерін талдай алады | |||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: әдепті сөлей алады | ||||
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: тіл және сөйлеу | |||||
| |||||
Диалог құруға /жазылым үшін сай келетін тіл стилі: | |||||
| |||||
Бағалау критерийлері: | Сөздердің байланысын сызба арқылы табады | ||||
Әдепті сөйлеуді біледі | |||||
| |||||
Дескриптор | Сөздердің байланысын сызба арқылы таба алады | ||||
| |||||
| |||||
Алдыңғы оқу | | ||||
Жоспар | | Ресурстар | |||
Басы 10 минут | 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Психологиялық дайындық. Ойға толсын санамыз, Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, Тату болсын арамыз. «Ыстық алақан» әдісі бойынша оқушылардың бір-біріне деген жылы шырайын таныту | Суреттер, эталондар | |||
Ортасы 30 минут | «Ойлан, жұптас» әдісі бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру Сөйлесу арқылы өз ойын ашық жеткізе алу үшін, олар өзара тілін табуға үйрету. Оқулықпен жұмыс 1- жаттығу. Суретші сөйлеудің қандай түрін бейнеледі. Сергіту сәті Күн ұйықтайды. Күн оянады. Жел соқты. Жаңбыр жауды. Бұлт шатырлады. Күн ашылды. Жел басылды. 2-жаттығу.Мәтінді оқып, сурет арқылы хат жазу 3-жаттығу. Суретпен жұмыс 4-жаттығу.Ауызша орындау | | |||
Соңы 5 минут | Үйге тапсырма. Сөйлеушінің сөзіе қарап нені білуге болады? 5-жаттығу | | |||
Қосымша мәлімет | Эталонмен жұмыс | ||||
| Бағалау Смайликтер | Пән аралық байланыс Дене шынықтыру, әдебиеттік оқу | |||
Рефлексия | |
Тексерілді:
Математика Тақырыбы: 3-сыныпта өткенді қайталау. Сандардың номірленуі | Мектеп: «Қайнар» мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | ||||
Күні: 02.09.2017 | Мұғалім: З. Ниязова | ||||
Сынып: 4 «А» | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 3-сыныпта өткен сабақты пысықтау ретінде есептер шығару | ||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: | ||||
Геометриялық фигураларды біледі | |||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: | |||||
Қосуды тиімді тәсілмен орындайды | |||||
Кейбір оқушылар орындай алады : Өз беттерінше есептерді шығара алады | |||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: бірліктер, ондықтар, жүздіктер мен есептей алады | ||||
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: сандардың номерленуі | |||||
| |||||
Диалог құруға /жазылым үшін сай келетін тіл стилі: | |||||
| |||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||
| |||||
| |||||
| |||||
Дескриптор | 1.Сандары атай алады | ||||
2.Амалдарды орындай алады | |||||
3.Шартын құра алады | |||||
Алдыңғы оқу | Қайталау | ||||
Жоспар | | Ресурстар | |||
Басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Ойға толсын санамыз, Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, Тату болсын арамыз. | | |||
Ортасы 35минут | «Кім жүйрік» әдісі бойыша сандарды атайды. Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында «Ой шақыру» әдісі бойынша Ауызша түсіндіру №1Сандарды кему ретімен жаз №2 Салыстыру. Сергіту сәті Бір, екі, үш. Сары, қызыл түс . Алау болып жанамыз, Орнымызды табамыз. №3 Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте №4 Есепті түсініп шығару. №5 Түсіндіре отырып шығару №6 кесте бойыншаөрнектер құрастырып жаз | Кесінділер,суреттер | |||
Соңы 5 минут | - Сабақты «Тез ойлан» әдісі бойынша қорытындылау. Үйге: 7-8 мысал. Жазбаша есепте | | |||
Қосымша мәлімет | | ||||
Саралау | Бағалау Смайликтермен бағалау | Пән аралық байланысы музыка, еңбекке баулу | |||
Рефлексия | |
Тексерілді:
Қысқа мерзім жоспары
Көркем жазу Тақырыбы: Әріп элементерін жазу | Мектеп: «Қайнар» мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | ||||
Күні: 02. 09. 2017 | Мұғалім: З. Ниязова | ||||
Сынып: 4 «А» | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Әәріпті тану және жазу, сөздерді, дыбыстарды дұрыс айтулы туралы түсінік қалыптастыру. | ||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: Өтілген дыбыс және әріптерді айта алады, жаза алады. | ||||
| |||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өтілетін дыбыстан сөздер ойлап таба алады. | |||||
| |||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Әріптерден сөз құрастырып,жаза алады | |||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Сөздерді дұрыс оқи алады. | ||||
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: | |||||
| |||||
Диалог құруға /жазылым үшін сай келетін тіл стилі: 1 Дыбыстарды байланыстыр Неліктен? 2. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір – бірінен айырмашылығы неде ? Дәлелдеп бер | |||||
| |||||
Алдағы оқу | Әріптердің байланысы | ||||
Жоспар | | Ресурстар | |||
Басы 10 мин | 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2. Психологиялық дайындық. Ойға толсын санамыз, Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, Тату болсын арамыз. Өткен тақырыпты еске түсіру үшін ауызша есептер беру. «Кім жылдам?» тәсілі бойынша орындайды | | |||
Ортасы 30 мин | Өткен тақырыпты еске түсіру үшін «Сұрақ- жауап » әдісін пайдалану Жаңа тақырыпты оқытып, әр топқа жұмыстар беру Суретпен жұмыс Оқушыларға дәптермен жұмыс жүргізу Табиғат құбылыстарына тоқталып өту Сергіту сәті Бір, екі, үш. Сары, қызыл түс . Алау болып жанамыз, Орнымызды табамыз. Логикалық тапсырмалар | | |||
Соңы 5 мин | Сабақты қорытындылау | | |||
Қосымша мәлімет | Эталонмен жұмыс | ||||
| Бағалау Смайликтер | Пән аралық байланыс Қазақ тілі, дене шынықтыру | |||
Рефлексия | |