Файл: лгі ттар асар тауым акциясыны тжырымдамасы Мселені зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«ҮЛГІ ТҰТАР АСҚАР ТАУЫМ»

акциясының тұжырымдамасы
Мәселенің өзектілігі. Баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше.  Қазіргі таңда бірқатар әлеуметтік мәселелерге байланысты әкені бала тәрбиесіне қатысудан қалыс қалуы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр

Мақсаты: балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, отбасы институтын насихаттау, ізгілікті-рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру.

Іске асыру мерзімі: 1 апта

Акцияның мазмұны: Акцияға Батыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептері, облыстық, арнаулы білім беру мекемелері қатысады. Аталған акция аясында мектептерде, сыныптарда үлкен үзіліс кездерінде немесе сабақтан тыс уақыттарда, тәрбие сағаттарында тақырыпқа сай түрлі іс-шаралар өткізіледі. Іс-шараны ұйымдастыру кезінде оқушылардың жеке,әлеуметтік, отбасылық ерекшеліктері назарға алынуы қажет. Әкесі болмаған жағдайда да үлгі тұтар асқар тау атасы, нағашы атасы, ағалары, туыс ағалары туралы пікірін, оқушы үнін білдіруге мүмкіндік беріледі. Бiлiм алушылар іс-шараларға ерікті түрде қызығушылықтарына қарай қатыстырылады.

Жобадан күтілетін нәтиже: баланың жан-жақты дамуына және жалпы тәрбиелеуде әкелер мен мектеп арасында белсенді ынтымақтастық орнайды. Балалардың әкелеріне деген құрмет сезімдері артады.

Акцияны іске асыру жоспары



Іс-шаралар

Шараның мазмұны


Қатысушылар

Өткізу уақыты

1

«Әкеммен бірге көңілді де қызықты!» тәрбие сағаттары, ойындар алаңдары

Бастауыш сынып оқушылары әкелері туралы қызықты, балалық ойларын бөліседі. Тәрбие сағатын әкелер жүргізуге немесе қатыстыруға болады. Оқушылармен ойындар ұйымдастырылады

1-4 сынып оқушылары

20.02.2023ж

1

«Әке, мен сізді жақсы көремін!»

видео акциясы


«Жас Ұлан» ұйымының, «Мектеп парламентінің» белсенділері мектеп оқушыларымен видео түсіреді. Видеода әр бала әкесі туралы қысқаша айтып, «Әке, мен сізді жақсы көремін!» деп аяқтайды. Видеолар #БҚОәке хештегімен Facebook, Instagram, TikTok әлеуметтік желілеріне жүктеледі.

5-9 сынып оқушылары


21.02.2023ж

2

«Балаларға көруге және оқуға ұсынамын» акциясы

Әкелер мектеп фоелерінде балаларға көруге, оқуға арналған кітаптар мен фильмдерді ұсынады. Шаралар үлкен үзілістерде ұйымдастырылады. Оқуға және көруге ұсынылған фильмдерді таңдаған оқушылар апта соңында әкелерге (ағаларға) алған әсері жөнінде кері байланыс береді.

5-10 сынып оқушылары

22.02.2023ж

3

«Әкеге арнау» эссе

Оқушылар өз ойларын бөліседі. Үздік эсселер анықталып, марапатталады. Әкелеріне табыс етіледі.

7-9 сынып оқушылары

23.02.2023ж

4

«Біздің әкеміз – ең мықты» спорттық шаралар

Балалар мен әкелерден құралған командалар арасында спорт түрлерінен (волейбол, футбол, қысқы спорт жарыстары) мектепшілік эстафеталар ұйымдастырылады

8-11 сынып оқушылары

Балалар мен әкелер қатысады.

24.02.2023ж


Акцияға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда білім беру ұйымындағы балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, жергілікті жердің ерекшеліктері ескерілуі қажет. Білім беру ұйымы акцияның іске асыру жоспарында көрсетілген тақырыптан өзге шараларды енгізуге құқылы. Барлық шаралар әлеуметтік желілерде #БҚОәке хештегімен жариялануы қажет.