Файл: замерзімді жоспар тарауы 3блім. Роботтехника. Жоба (орта таырыптар нер, Ататы тлалар).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
18-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жобаға арналған идея
Бөлімі: | Ұзақмерзімді жоспар тарауы: 3-бөлім. «Роботтехника». Жоба (ортақ тақырыптар: «Өнер», «Атақты тұлғалар») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | 01.02.2023 |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану; 3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау; 3.2.1.3 мәтінді өңдеу. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтіндерді өңдеуді үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің ісәрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту. «Пальма, піл мен қолтырауын» ойыны Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын, қалған екеуі құлақтарын көрсетеді. «Қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауын аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды. |
Топтастыру: | Топтастыру. «Көңілді фигуралар» әдісі Мақсаты: командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету. Ресурстар: кішкентай әртүрлі фигурадағы қағаздар. Ойын барысы: әр оқушы тақтада тұрған фигураларды алады. Әр фигураның артындағы сандар бойынша 3 топқа бөлінеді. Жаттығудың психологиялық мәні: қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді. | ||||
Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді. | Халқымыздың қандай ұлттық өнер түрлерін білесің? Күнделікті тұрмыста ою-өрнекпен безендірілген қандай тұрмыстық заттарды көріп жүрсің? (1сурет) «Қазақтың ұлттық ою-өрнегі» тақырыбында жоба жұмысын орындауда мәтіндік редакторды қалай қолданар едің? | Қалыптастырушы бағалау Оқушылар әр топты сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай бір-бірін«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері | |
Сабақтың ортасы (26 мин) | ІІ. Оқулықпен жұмыс істеу Оқулықтағы жаңа білім айдарындағы берілген жаңа ақпаратпен танысу мақсатында оқиды. Оқу уақыты біткен соң топпен талқылайды. | Дескриптор: -Жаңа тақырыптың мәтінімен танысады. -Топтар арасында талқылайды. -Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады. | Қалыптастырушы бағалау Топтар бір-бірін сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай «бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Топтық жұмыс. | 1-тапсырма «Ұлттық оюөрнектер» жобасын орындауды жоспарлаңдар. Берілген мәтінді Word редакторында теру. Бірнеше ою-өрнектің суреттерін қосу және өңдеу. | Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бірбірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай бірбірін «бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері | | |||
| Жұптық жұмыс. «Көршіңізге айтыңыз» әдісі «Көршіңізге айтыңыз» әдістемесі оқушылардың өз ойларын әр топ бір-біріне айтып жеткізу. | 2 тапсырма Мәтін теру кезінде пернетақтадан төмендегі символдарды енгізу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз? | Қалыптастырушы бағалау Жұптағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері | | |||
| Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия. Әр оқушы сабақтың басында берілген фигураларды тақтадағы 3 деңгейге іліп кетеді. Осы арқылы өз ойларын білдіріп кетеді. | Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай әр топқа бір- біріне бағалауды ұсынады «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. |