ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 61
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі
Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар.
Бөлімі: Сұйық және қатты денелер | |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы:10 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 10.2.4.1 - ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау; 10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы |
Сабақтың мақсаты: | 1) Ауаның абсолют және салыстырмалығын ажыратып көрсету; 2)Психрометр көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және шық нүктесін анықтау; 3) ҚР қалаларындағы салыстырмалы ылғалдылықты виртуальды зерттеу. |
Бағалау критерийлері | Өлшеу дәлдігін есептейді, өлшеулердің тәсілдерін қолданады Үлкен және кіші сандарды стандарт түрде жазады Сандарды стандарт түрде жаза отырып, есептер шығарады Стандарт түрде жазу арқылы амалдар қолданып, есептер шығарады |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» идеясының «Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім » құндылығы, жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы бойынша инновациялық дамуға үлестерін қосуға тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 3 мин. «Адасқан терминдер» әдісі 3мин 5мин | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. «Жылы-лебіз» тренингі арқылы психологиялық ахуал туғызу. «Бағдаршам» әдісі арқылы топқа бөлу Жұптық жұмыс Оқушылар бос орынға тиісті терминдерді орналастырады. Қажетті терминдер: (абсолютті ылғалдылық, температурада, салыстырмалы ылғалдылық, массасының, пайыздық мөлшері) ..... - ауадағы су буының мөлшерінің берілген температурада болатын мөлшеріне пайызбен көрсетілген қатынасы. Ауада болатын су буының (ылғалдылықтың) нақты мөлшері, әдетте, ........ деп аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, абсолютті ылғалдылық дегеніміз - су буының ............. құрғақ ауа массасына қатынасы. Салыстырмалы ылғалдылық, керісінше, ауада болатын су буының мөлшері, сол ....... ұстай алатын мөлшерге қатысты болады. Венн диаграммасы. Ауаның абсолют және салыстырмалығының:
ҚБ: «Сэндвич» әдісі Мадақ-сын-мадақ тапсырма. «Практиктер шыңы» әдісі Психрометрдің құрғақ термометрі 20ºС-ты көрсетіп тұр, бөлмедегі абсолют ылғалдылығы 58 %.
| Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы бойынша түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді: “жасыл” – дайын, “сары” – күмәнді, “қызыл” – дайын емес. Оқушылар үй жұмысын қайталау сұрақтарына жауап береді Оқушылар жаңа сабақты кестені дәптерге жазып алады | Дескриптор: Өзара бағалау Жалпы балл -2 | Түрлі түс қағаздар Бағалау парақшасы Слайд Смайликтер арқылы бағалау Слайд Дәптер |
Сабақтың ортасы. 5 мин. | 1) Жаңа материалды зерделеу. “Айналмалы бекеттер” әдісі. Мұғалім сұрақтар береді: 1. Қаныққан және қанықпаған буларға анықтама беріңдер. 2. Қаныққан будың қандай қасиеттерін білесіңдер? 3. Қаныққан бу идеал газ заңдарына бағына ма? Түсіндіріңдер. 4. Қанықпаған буды сипаттаңдар. Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға әр шағын топты бекетте орналастырып, шаттастыратын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 мин беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 мин сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді. Содан соң мұғалім: — Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу кеңістікті қанықтыратын немесе қаныққан бу деп аталады. Булану конденсациядан артық болса, онда сұйықтың бетіндегі бу және сұйық жоқ кездегі бу қанықпаған деп аталады.. | Оқушылар практикалық жұмысты орындайды Оқушылар жаттығуды шығарады | Дескриптор. 1. Жылу қозғалтқыштары жайлы мағлұ мат береді; 2. Жылу қозғалтқыштары формулаларын есептер шығаруда және техникада қолдана білуге үйретеді; 3. Қаныққан бу идеал газ заңдарына бағына ма, түсініктерін жазады. Жалпы бал -2 | Слайд ДК экраны Слайдтар |
8 мин. «Миға шабуыл» әдісі «Кім есептей біледі» әдісі | Қолдану. «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқулықтағы 1.2-ші жаттығудың есептерін шығару. Жауабы: 1 – д, 2 – в, 3 – а, 4 – б. Бағалау. «Кім есептей біледі» әдісі бойынша ата-анаңыздың жалақысын стандарт жазуға келтіру. Мысалы: Жанарыстың әкесі айына 300000 теңге жалақы алады. Х = 300 000 санының ықшам түрі Х =3·105 ; | Оқушылар сабақтағы алған білімдерін жинақтау әдісінде қолданып, сәйкестікті анықтайды Стандарт түрде жазады | Дескриптор Есеп шығару кезінде үлкен және кіші сандарды стандарт түрде жазу арқылы амалдар қолданып, есептер шығарады. Жалпы балл-2 Дескриптор: Өлшеу дәлдігі мен қателігін, тура және жанама тәсілдерді ажыратады. Жалпы балл-3 Дескриптор: Оқушылар күнделікті өмірдеде кездесетін сандарды стандарт түрде жазады. Жалпы балл-1 | ДК экраны ДК экраны |
Сабақтың соңы. «Бутерброды» кері байланыс 6-мин Бағалау Үй тапсырмасы | Қорытынды Кері байланыс «Бутерброды» арқылы оқушы сабақ бойынша алдымен жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіреді. Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау | | Жалпы тапсырмалар бойынша 10 балл | |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Үй жұмысында Дескриптор арқылы Смайлик арқылы «Шапалақтау» мадақтау Жаңа сабақта қалыптастырушы бағалау дескриптор арқылы топтық бағалау Сабақ соңында «Өзін-өзі бағалау» парақшасы «Кері байланыс Бутерброды» арқылы кері байланыс алынды. | Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігін анықтауды, үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазуы бойынша | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |