Файл: Ж. Б. Аширбекова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 111

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Бекітемін

Институт директоры

______________Ж.Б. Аширбекова

«_____»________ 2022 ж.

SYLLABUS


КУРС ТУРАЛЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

Пәннің коды және толық атауы, циклы/компоненті

ASBM 2106 Әлеуметтік-саясаттану білім модулі /Мәдениеттану/

Білім беру бағдарламасының коды және толық атауы

Барлық білім беру бағдарламалары, қазақ тобы

Оқытунысаны, курсыжәнесеместрі

(күндізгібөлім)

1 курс 1,2 семестр

Кредит (сағат) саны

2 кредит /15 лекция/3 семинар/ 4СОӨЖ

Прекреквизиттер:

KKZT 1101 Қазақстанның казіргі заман тарихы

Постреквизиттер:

KKZT 1101Философия

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

А.Ж.Т.

лауазымы

ектор/ ассистент)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Байланыс телефондары

Электронды пошта

Абдуразакова Гаухар Абдикаримовна

Лектор

магистр, аға оқытушы

+77014994266

gauhar_abdikarimovna@mail.ru

Досхожина Жанат Мэлсовна


Ассистент

PhD, аға оқытушы

+77074300567

zhanatdoskhozhina@gmail.com

ПӘННІҢҚЫСҚАШАСИПАТТАМАСЫ

Әлемдік мәдениет пен өркениет контексіндеотандық мәдениеттің даму ерекшелігінің мәнін ұғындыру, мәдениет морфологиясын, тілін, семиотикасын, мәдениет анатомиясын зерделеуді қалыптастыру. Ұлттық кодын сақтау және жаңғырту қажеттілігіне сай отандық мәдениетті түсіндіру, қазақ халқының мәдени мұрасын игеру стратегиясынмеңгеру мақсатындаөзгермелі және мультимәдениқоғамда кәсіби біліктілікті қалыптастыру.

КУРСТЫ МЕҢГЕРУ МІНДЕТТЕРІ:

  • адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеруді, тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;

  • әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;

  • мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтау.





КУРС БОЙЫНША ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

(Пәннің оқу нәтижесін (БОН) ұсыну, білім беру бағдарламасының оқыту нәтижесімен (ОН) ұштастыру

Пәнніңоқунәтижесі (ПОН)

Жетістік нәтижелерінің индикаторлары

Курстың оқыту нәтижелері мен байланысты бағдарламаның оқыту нәтижелері

Курстың оқыту нәтижелеріменбайланысты түлектің атрибуттары

ОН 3 - Кәсіби қызметте мәдени-педагогикалық саланың теориялық білімін қолданады.

ОН 5 – Мәдени қамсыздандыру саласында нормативтік-құқықтық актілерді біледі және қолданады.

ОН 8 – Әлеуметтік-мәдени және кәсіби-этикалық талаптарды сақтай отырып, кеңес беру қызметін жүзеге асыру дағдыларын меңгерген.

1. Тақырып бойынша зертеу жұмысының жоспары

2. Қысқаша аңдатпа

3. Зерттеуді презентациялау.


1.Цифрлық технология бойынша зерттеу жұмысын жоспарлау

2. Зерттеуге қысқаша аңдатпа жазу

3. Аудитория алдында презентациялау дағдылары

ТА 1 – Терең кәсіби білім мен түсінікке ие;

ТА 2 – Эмоционалды және әлеуметтік интеллектке ие;

ТА 3 – Жахандық мәселелерге бейімделген;

ТА 4 – Көшбасшылық қасиеттерге ие;

ТА 5 – Әлеуметтік-мәдени дағдыларға ие, мәселелерді анықтап, шеше алады;

ТА 6 – Инновациялық ойлауды іске асыра алады.




КУРС МАЗМҰНЫ



Тақырыптар мен тапсырмалар атауы

Сағат саны

Дереккөздерге сілтеме

1

Дәріс. Мәдениет морфологиясы

1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.

2. Теориялық ыңғайларды шолу: Ф. Боас, Л. Уайт, З. Фрейд, К. Леви-Стросс, К. Маркс, Э. Тайлор, О. Шпенглер, А. Тойнби, Л. Гумилев, П. Сорокин, С. Хантингтон және т.б.

3. Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері мен паттерндері.

1

№1 55-60 бб.


2

Дәріс. Мәдениет тілі

1.Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде.

2. Тіл – қарым-қатынас және мәдениетті тарату тәсілі ретінде. 3. Қазақ тілі және оның тұлғаның мәдени-этникалық бірегейленуіндегі рөлі.

1

№2, №3 14-27 бб.

3

Дәріс. Мәдениет семиотикасы

1.Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар.

2. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодының қайталанбайтындығы.

3. Мәдениет рәмізі түсінігі. Мәдениеттің негізгі рәміздері.

1

№15, №16 18-37 бб

4

Дәріс. Мәдениет анатомиясы

1.Мәдениет кеңістігі. Мәдениеттің үшөлшемді моделі.

2. Белдеулік мәдени формалар: когнитивті парадигмалар, құндылықтық парадигмалар, реттеуші парадигмалар.

3. Медицина мәдениеті: «Адамгершілік», «мораль», «этика» түсініктері.

1

№,16 №18, №19, №20 12-48 бб

4

Семинар.

1. Мәдениет типологиясы: мәдениет типі түсінігі, мәдениеттердің тарихи типологиясы, сызықтық және жергілікті ыңғай. құрылымдар. 2. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде. Мәдениет тілі семиотикалық жүйе ретінде. 3. Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф. Соссюр, Ю.Лотман, Э. Кассирер, О. Сулейменов. 4. Мәдени кеңістік құрылымы: парадигмалар, мәдениеттің бет-бейнесі, мәдени сценарийлер. 5. Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері. Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде. 6. Орталық Азия (Қазақстан) көшпелілерінің негізгі мәдени және техникалық жетістіктері.

1

№,2 №5, №6, №7 23-96 бб

4

1СӨЖ."Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы" тақырыбы бойынша жобалық зерттеу, қорытындыларды презентациялау.

1




5

Дәріс. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті

1.Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері.

2. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері.

3. Табиғат ескерткіштері мен сақ, массагет, скиф, сармат, ғұндардың материалдық мәдениет ескерткіштері.

1

№,2 №5, №6, №7 23-96 бб

6

Дәріс. Арғытүркілердің мәдени мұрасы

1.Ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері.

2. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері.

3. Түркі аймағының мәдени-тарихи байлығы – мәдени мұра ретінде "Мәдени мұра" бағдарламасы.

1

№,2 №5, №6, №7 23-96 бб

7

Дәріс. Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті

1.Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде. Орталық Азия аймағындағы мәдениеттер байланысы.

2. Ортағасырдағы түркі мәдениеті.

3. Ортағасыр мәдениеті мен ғылымының қалыптасуындағы әл-Фарабидің үлесі және математиканың дамуы, өнер, әдебиет, сәулет өнері, техниканың дамуы мен ғылым және медицинанын дамуы

1

№,2 №3, №4, №5 23-96 бб

7

2 СӨЖ."Қазақстанның көшпелілік мәдениеті – қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде" тақырыбында сараптамалық эссе.

1







1-шіаралық бақылау

100




8

Дәріс. Түркілердің мәдени мұрасы

1.Қарахан кезеңіндегі мәдениет.

2. Ортағасырлық түркі мәдениетінің ерекшелігі: ислам және номадизм.

3. Түркі кезеңінің мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру мен сақтау.

1

№,2 №3, №4, №5 23-96 бб

8

Семинар. 1. Арғытүркілердің мәдени мұрасы. Ғұндардың өнері. Ғұндардың аңдық стилі. 2. Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті. Орталық Азиядағы қоғамдық және жаратылыстанулық ғылымдар. Университеттердің дамуы. 3. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Моңғолдық кезең және ортағасырлық Қазақстандағы түркі халықтары мәдениетінің дамуына ықпалы. 4. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы Халықтық поэзия формалары. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары. Спорттық ойындар. Қазақ халқының дәстүрлері, рәсімдері, салттары. Өмірлік кезең салттары: туылу, ер жету, өлім. Жерлеу рәсімі. Үйлену рәсімі. 5. XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті. Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы. Абай ұлы қазақ ақыны және ойшылы ретінде. Шәкәрім шығармашылығы. Ы. Алтынсарин көрнекті ағартушы және педагог ретінде. Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов және т.б. Қазақ тілі және оның ұлттың мәдени кодын сақтаудағы рөлі.

1

№6, №7, №8 14-67 бб

9

Дәріс. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

1.Қазақтардың эпикалық мәдениеті.

2. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы.

3. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері.

1

№,2 №3, №21, №23 9-87 бб

10

Дәріс. XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті

1.Қазақ Ағартушылығы феномені.

2. Құрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса және т.б. музыкалық шығармашылығы. Қазақ мәдениетіндегі "Зар заман" феномені.

3. Қазақтың қоғамдық ойы және XIX-XX ғғ. аралығында қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.

1

№6, №7, №8 14-67 бб

10

3 СӨЖ. "Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениет аралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері" тақырыбында реферат

1

№8, №9, №10 21-78 бб

11

Дәріс. ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті

1.Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті.

2. Ел индустриализациясындағы ғылыми-техникалық зиялы қауымның орны мен рөлі.

3. ХХ ғ. Қазақстанның белгілі ғалымдар, Қазақ өнерінің дамуы: кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, опера, балет, музыка, ХХ ғ. драматургиясы.

1

№8, №9, №10 21-78 бб

12

Дәріс. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті

1.Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі бірегейлендіру мәселесі.

2. Қазіргі Қазақстанның мультимәдени кеңістігіндегі қазақ мәдениетінің орны.

3. Қазақстанның қазіргі өнерінің дамуындағы жаңа үрдістер мен медиа-мәдениет қауіп-қатерлері.

1

№21, №22, №23 24-81 бб

12

Семинар. 1. ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті. Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет. Қазақ зиялы қауымының қазақстандық мәдениет пен халықтың мәдени дамуындағы сабақтастықты сақтаудағы үлесі. Қазақстандағы гуманитарлық ғылым. Қазақ халқының руханилығын сақтау, қазақ халқының ұлттық өзіндік санасын, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыптастырудағы қазақ гуманитаристикасы мен зиялы қауымының рөлі. 2. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті. Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер. Қазақ мәдениетінің сақтау, қазақ тілін дамыту мен оның мәдени кеңістігін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен ұлықтаудағы гуманитарлық зиялы қауымның рөлі. Қазақ халқының мәдени бірегейлігін сақтау мен қазіргі қазақстандықтың мәдени-рухани келбетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа, өз Отанына, ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақ халқының мәдени кодын сақтау, әлемдік мәдениет құндылықтарына қосудағы отандық өнердің рөлі. 3. Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті. Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі. Қазіргі қазақстандық жастар арасында оң қазақстандық руханилық пен құндылықтарды қалыптастыру, жалған және таңылған (мәдени, діни) бірегейлік формаларын жеңу. 4. Қазақстанның мәдени саясаты. Қазақ мәдениетінің мәдени және өркениеттілік бірегейлік мәселесі. 5. "Мәденимұра" Мемлекеттік Бағдарламасы. Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы. Табиғи ескерткіштерді жасау мен сақтау бағдарламасы Қазақстанның мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде. Мәдени туризмнің дамуы және оның "Туған ел", "Қазақстанның сакральды географиясы", "Жаһанданған әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет", "Сандық Қазақстан" жобаларының қалыптасуы мен жүзеге асырылуындағы рөлі.

1

№13, №14, №15 14-29 бб.

13

Дәріс. Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті

1.Жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселесі.

2. Білім культі, прагматизм және бәсекеге қабілеттілік, мәдени бірегейлік пен ынтымақтастық, қазіргі қазақстандық жастар арасында Отанға деген ұлтжандылықты қалыптастыру мен тәрбиелеудегі мәдени институттардың рөлі.

3. Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни құндылықтар.

1

№7, №8, №9 20-38 бб

13

4 СӨЖ. "ХХ-ХХІ ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері" тақырыбына презентация жасау.

1

№10, №11, №12 14-29 бб.

14

Дәріс. Қазақстанның мәдени саясаты

1.Мәдени саясат ұстанымдары: "ҚР Мәдениет туралы заңы". 2. Қазақстандағы мәдени реформалардың негізгі ұстанымдары.

3. Мәдени саясат модельдері мен қоғамның басты құндылықтар жүйесінің байланысы. Қоғамдық сананы жаңғырудың негізгі бағыттары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ашықтығы, білімді құрметтеу (культ).

1

№10, №11, №12 14-29 бб.

15

Дәріс. "Мәдени мұра" Мемлекеттік Бағдарламасы

  1. "Мәдени мұра" Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде.

2. Дәстүр мен жаңашылдықтың даму реті (динамика), мәдени тәжірибенің сабақтастық және тарату механизмдері.

3. Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері.

1

№13, №14, №15 14-29 бб.

2- шіаралықбақылау

100




Қорытындыемтихан

200








КУРСТЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

(гуманитарлық цикл үшін әдебиеттер соңғы 5 жыл (2017 ж.бастап), жаратылыстану циклы

үшін әдебиеттер соңғы 10 жыл (2012 жылдан бастап)

Электронды ресурстар, мәліметтер қорын, анимация, моделдеу, кәсіби блоктар, web-сайттарды, басқа да электронды анықтамалық материалдарды (мысалы, бейне-аудио, дайджестер) қоса алғанда

Негізгі әдебиеттер: (оқулықтардың электронды базасы, бейнекурстар, бейнедәрістер және басқа электрондық базалар)

  1. БиблиотекаСоциологии и Политологии

  2. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D1%8F%D1%81%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%8

  3. http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/238-sayasattanu/3276-caiasi-zhyie-.htmlhttp://referat.resurs.kz/ref/kogamnin-sayasi-zhuyesi-kizmetinin-tusinigi

  4. http://kontrosha.net/17473976381329570870_a.html

  5. http://lib.socio.msu.ru

  6. http://studopedia.org/9-44822.html

Қосымшаәдебиеттер:(оқулықтардың электронды базасы, бейнекурстар, бейнедәрістер және басқа электрондық базалар)

  1. http://socio.rin.ru/

  2. http://socioline.ru

  3. http://www.socinf.narod.ru/

  4. http://sociology.extrim.ru/

  5. http://socis.isras.ru/

  6. http://xammep.nm.ru/doc/soc/index.html

Журналдар (электронды журналдарды қоса алғанда)

  1. https://100kitap.kz/kz

  2. http://www.infoliolib.l/info/

  3. http://www.openj-gate.org/

  4. http://5fan.ru/wievjob.php?id=12330

  5. http://alemadebiety.kz/

  6. http://Lection-kz.com

  7. http://sbook.ucoz.ru/load/

  8. http://www.rusnauka.com/

  9. http://www.itest.kz

  10. http://bilimdiler.kz/

  11. https://referattar.kazaksha.info

Оқулықтар, оқу құралдары

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т.Х.Культорология. Алматы, 2019

  2. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. - Алматы: Қазақ Университеті, 2015

  3. Ғабитов Т.Х. Мұталипов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану, Алматы., 2007

  4.  Юрий Лотман https://openu.kz/kz/book/semiosferahttps://openu.kz/kz/book/semiosfera 2010 ж.

  5. Кенжалы, Толысбай,. Алматы ҚазМемҚПИ 2004

  6. Найзағараева Е.К., Асылбекова М.А., Мәдениеттану. Сырттай оқу бөліміне арналған. Алматы, 2005.

  7. Су Б. Алматы Дәуір-Кітап., Қазақ мәдениетінің тарихы Алматы., 2013

  8. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану, Алматы,.2006

  9. ГабитовТ.Х.Мүтәліпов М.Ж. Құлсариева А. Мәдениеттану., 2005

Қосымша әдебиеттер:

  1. Исмағамбетова З.Н., Мұханбет Ә.А., Қарабаева А.Г. Мәдениеттің психоаналитикалық концепциялары: оқу құралы 2018 ж

  2. https://openu.kz/kz/book/estetika

  3. Бринкерхоф, Д. Әлеуметтану негіздері. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 464 б.

  4. Ритцер, Д. Әлеуметтану теориясы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 856 б.

  5. Сыдықов, Ұ.Е. Инженерлік еңбектің социологиясы - Алматы: Эверо, 2007 ж.- 176 б.

  6. Әміреев, Ы.Ә. Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық / Ы.Ә. Әміреев, Ж.Ы. Бейсекова, Е.М. Киіков. - Алматы: "Дәуір", 2012 ж.- 288 б.

  7. ДжунусоваЖанылжанХасымовна.Ученый.Политолг.Личность [Текст]:Сборникнаучныхтрудов и воспоминаний / Подред. Шаукеновой З.К.- Астана:КИСИприПрезиденте РК, 2017.- 400с

  8. Биекенов Қ.Ұ., Биекенова С.К., Кенжеханова Г.Ә. Әлеуметтану тарихы. Оқу құралы 2015. «Қазақ университеті»



БАҒАЛАУ САЯСАТЫ


Академиялық адалдық

Жоғары білім берудегі академиялық артықшылық пен жоғары жетістіктер академиялық адалдықтың ең жоғары стандарттары қолдау тапқан ортада ғана мүмкін болады. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушылары академиялық адалдықты мүлтіксіз сақтауға және білім беру процесінің барлық қатысушыларынан оның сақталуын талап етуге міндетті. Академиялық адалдық – академиялық адалдық емес формаларына (плагиатқа, көшіріп жазуға, қысқартуға, қайталауға, алдын-ала шешуге, алаяқтыққа және т.б.) тыйым салынады және қоғамның ішкі тәртібіне сәйкес шара қолданылады.

Академиялық адалдық саясатының толық мәтінімен https://kazmkpu.kz сілтемесінде танысуға болады. Білім алушының тапсырмалары плагиатқа (жалғандық, шпаргалкаларды пайдалану, бақылаудың барлық кезеңінде көшіріп жазу) тексерілуі мүмкін. Сабақтарға міндетті түрде қатысу, кешігуге жол бермеу, тапсырмаларды орындау және тапсыру мерзімдерін сақтау (БӨЖ, семинар сабақтары, аралық емтихан, жеке жобалар).

Ерекше білімді қажет ететін білім алушылар үшін

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды жалпы білім беру процесіне интеграциялау мақсатында кедергісіз қолжетімділікті және тиімді мультидисциплинарлық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін оқытушы семестрдің басында әрбір инклюзивті білім алушымен жеке әңгіме өткізеді. Бұл ерекше білімді қажет ететін білім алушыларды тиімді қолдаудың әдістері мен тәсілдерін анықтау үшін маңызды болып табылады. Ерекше білімді қажет ететін білім алушылар үшін сабақтарда арнайы құралдарды пайдалануына, бақылау сұрақтарына жауап беруге дайындалу уақытын ұзартуға мүмкіндік беріледі. Қажет болған жағдайда, бұл білім алушылар үшін бақылаудың жеке нысандары тағайындалуы мүмкін, оқыту нәтижесін бағалау процедурасы жеке кестемен және бірнеше кезеңмен өткізілуі мүмкін.




БАҒА ҚОЮДЫҢ ҮЛЕСТІК КӨРСЕТКІШТЕРІ

Тапсырмалар сипаттамасы

Жалпы бағалау, оның ішінде:

тақырыптар мен тапсырмалар №

Өткізу мерзімі, аптасы

Семинартапсырмалары

15%

1-15

Толық курс

Сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар
SWOT- талдау,

STEEPLE – талдау, PEST- талдау,

БӘСЭ- талдау,

ТІС- талдау,

ВЕНН-диаграммасына салып талдау

25%

1-15

Толық курс

Эссе, аналитикалық жазбалар орындау

30%

1,3,5,813

4, 12 апта

Топтық жоба

30%

2,4,7,8,9,10

6, 14 апта

ЕСКЕРТУ!

- бағалау тапсырмаларының сипаттамасы курстың ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады;

Көрсетілген мерзімді ұстанбау балл жоғалтуға әкеледі! Әрбір тапсырманың орындалу мерзімі оқу курсының мазмұнын жүзеге асыратын күнтізбеде (кестеде) көрсетілген.



БАҒАЛАУ АЙДАРЫ


Балл

Семинар тапсырмаларын бағалау критерийлері(15%)

11-15

Білім алушы карта, диаграмма құру, кесте, сызба сызу, статистикалық мәліметтермен, деректермен жұмыс жүргiзедi. Мерзiмдiк баспасөз материалдарын, қосымша ғылыми әдебиеттердi өздігінен пайдаланғанда, өздігінен бағдарлама материалын жүйелей білгенде, әртүрлі проблемаларды шешу жолдарын ұсынып, терең және толық білімді көрсетеді. Ұғымдардың, тарихи терминдердің мәнін, олардың өзара байланысын толық түсiнедi. Қойылған сұрақтарға жауапты нақты мысалдармен және қорытындыларды жинақтай алады, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды орната алады. Түсiндiруде шығармашылық кабілеттерін көрсетеді.

6-10

Семинар тапсырмаларын жақсы орындады, материалды баяндау сауаттылығы жақсы; баяндау барысында кейбір сұрақтар мен ескертулерге жеткілікті, нақты және толық жауап бере алмауы; Көрсету материалының көрнекілігі (көрсеткіш презентация) бар.


1-5

Баяндау кезінде студент жауаптарға сенімсіздік танытады, тақырып сұрақтарын нашар білгенін көрсетеді және қойылған сұрақтарға толық және дәлелді жауап бермеді, сөз сөйлеуі нашар болды, Үй тапсырмасының өзектілігін ашпады немесе өз жұмысының ғылыми жаңалығын негіздемеді, практикалық ұсынымдарды ұсынбады

0

Студенттің сөзі мен сөйлеу қабілеті өте қанағаттанарлықсыз, семинар тапсырмасын өз бетінше орындамағанын куәландырады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алмайды. Жұмыста тұжырымдалған теориялық және практикалық ұсыныстарға және т.б. қатысты нақтылаушы сұрақтарға жауап бере алмайды.Оқу материалын меңгермеген.




Балл

Сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмаларды

бағалау критерийлері (25%)

SWOT- талдау, STEEPLE – талдау, PEST- талдау, БӘСЭ- талдау, ТІС- талдау, ВЕНН-диаграммасына салып талдау

27-30

Зерттелген мәселе бойынша толық көлемде дереккөздер пайдаланылған, нақты деректерді жүйелейді және жіктейді, пайдаланылған дереккөздер зерттеу тақырыбындағы ғылыми тұжырымдамаларға сәйкес келеді, логикалық, байланыстылық, дәйектілік, нақтылық, материалды баяндау сауаттылығы өте жоғары; Сын тұрғысынан ойлау әдістерін дұрыс қолдана білген, автордың жеке пікірі, тұжырымы орынды қолданылған

15-26

Талдау жұмыстарының мазмұны тақырыпқа сәйкес келеді, тұжырымдар жеткілікті дәрежеде, тақырып бойынша дереккөздер пайдаланылған, көптеген дереккөздер өзекті болып табылады, логикалық байланыстылық, дәйектілік, нақтылық, материалды баяндау сауаттылығы жақсы; Сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдана білген

6-14

Зерттелетін мәселе негізінен ашылған, бірақ жаңалығымен, теориялық тереңдігімен және дәйектілігімен ерекшеленбейді; талдау жұмысының мазмұны зерттеу тақырыбына ішінара сәйкес келеді, тұжырымдар айтарлықтай дәрежеде қате. дереккөздер жеткіліксіз, дереккөздердің өзектілігі төмен.


0-5

Талдау жұмыс тақырыбы мазмұнына сәйкес келмейді,қарастырылып отырған мәселе бойынша негізгі теориялық тұжырымдар дұрыс емес. жұмыста қандай да бір қорытынды жоқ, автордың ұсыныстары анық көрсетілмеген, берілген пікірлер теріс