Файл: Трбие сааты 9 мамыр ЖЕіс кні Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағаты: 9 мамыр –ЖЕҢІС күні
Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

І жүрг:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 72 жылдығына арналған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2 жүрг: Армысыздар қонақтар ,Ұстаздар,оқушылар!

Бүгін біз Үшқарасу ауылымыздың соғыста болған және соғыс кезінде тылда жұмыс істеген,Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбек армиясында жұмыс істеген,және белгісіз кеткен жауынгер азаматтарды атап өтпекпіз

(аттары аталады)

1  жүрг:

Бастау алып үлгермей тұнған дарын,
Кеткендерді жөн біліп тұрғандарың.
Отандастар, бір минут тоқтап үнсіз
Еске алайық соғыстың құрбандарын!
(Соғыс құрбандарын 1 минут үнсіз еске алып, гүл шоқтарын қояйық)

(бір минуттық үнсіздік)
2-жүргізуші: Бұл 1418 күге созылған шайқастың әр 6 секунты сайын

1 адам опат болып отырды десек артық айтқан болмас едік.1941 -1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адам аттандырды. Статистикаға сүйенсек жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткенін айтады, қалғандары ұрыс даласында көз жұмды. Олар бізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.

І-жүргізуші:Келесі кезекте құттықтау тілекті мектеп директоры Касенов А.Н. беріледі.

(Келген қонақтарға сөз беру)

2-жүргізуші:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 
І-жүргізуші: Осы орайда Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары, жігіттер,қонақтар ! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс,сәттілік тілейміз

Келесі кезекте құттықтау сөз ұстаздарға беріледі.

2-жүргізуші: Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.


Біз күштіміз күштілердің бәрінен,

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

І жүрг.: Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

IІ жүрг.:  Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

1-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.- Монтаж даярлық сыныбы мен бастауыш сынып оқушылары:
ән «Әрқашан күн сөнбесін»

1-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, би билемей

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай- шағын орталық бүлдіршіндерінің

« Айгөлек »биін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:

Жеңіс, жеңіс!

Бабамыздың –
Қызыл қаны төгілген.
Кеше туған және біздің
Бағымыз боп көрінген.- 5 сынып оқушыларының орындауындағы «Ән салшы, Сарбазым»әні

2-жүргізуші:

Бұл жеңісті алып келген

Қуанамыз ән сап жұртты

Келе берсін Бақыт таңы

Жеңіс күні болсын құтты- Құрмантай Фаризаның орындауында «Қазақтың жігіттері» әні қабыл алыңыздар

1 –жүргізуші:

Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті оқушыларымыздың орындауындағы «Ұшқыштар » биіне береміз.

2-жүргізуші:

Майданнан хат» (үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

1 –жүргізуші:

«Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.



Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

2-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.- -

8 сынып оқушыларының орындауында « Жойылсын соғыс »- әні.

1-жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты. Алдарыңызда 5 сынып қыздарының орындауында « Тальяночка» биін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Тыныштық! Жаса тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық.

Көркейе берсін еліміз,

Көбейе берсін ырыс-құт!- .- тамашадан үзінді

« Кастинг»

2-жүргізуші:

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен-дей келе Арайлым мен Аруананың орындауында «Жеңіс туы желбіреп» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:

Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 72 жыл.

Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып,Бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде —72 жыл. Лайым Бейбітшілік мәңгілік болсын!

«КАТЮША» биін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды олар.

Әсем ән мен тәтті күй

Әнді сүйсең менше сүй – жеп ақын Абай атамыз

Жырлағандай келесі кезекті әнге берейік

Рахманова Ақботаның орындауында «Қазақ жастары» әнін қабыл алыңыздар
1-Жүргізуші:

Жеңіс тойы әніміз

Көркем өнер сәніміз

Өлең бимен той сәнің

Өрнектейміз бәріміз –

деп 6-7сынып оқушыларының «Жеңіс» биін тамашалаңыздар
1-жүргізуші:

Қаптап көкке абырой мен бақ құсым,
Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым.-
Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді


2-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен ата-апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына біздер тізе бүгіп, бас иеміз.
Міне, біз сол тамаша Жеңістің 72 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.
(Ең соңында «Мерекем» әні хормен орындалады.)