ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағаты:
«Ынтымақ – достық кепілі»
2022-2023 оқу жылы
ЫНТЫМАҚ - ДОСТЫҚ КЕПІЛІ.
тәрбие сағаты
Мақсаты: Бүгінгі күні Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріпжатқанын ұғындыру; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Мұғалім: Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстандатұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз.құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.
Көрнекілігі: интер тақта, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім: Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіз діктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жарияланды. Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмай сың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқаұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
«Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
Видео
Оқушы:
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Жүргізуші: Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.
Мұғалім: Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым - жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Оқушы:
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !
Мұғалім: Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды. Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы - Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.
Мұғалім: Республика халқының саны 17 миллионнан астам.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.
Оқушы:
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан
Оқушы:
Қадірменді бір досымыз - өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
ОЙЫН Ұлттар биін билеу
Оқушы:
Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.
Ойын:
- Қазақтың жаңа жыл мейрамы?
- Ұлттық тағамдарды ата?
- Қазақтың ұлттық киімдері қандай?
- Ұлттық аспаптарын ата.
Хор:
Мұғалім: Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлем і- 2 млн.700 мың шаршы километр.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!