Файл: аза тілі. 9сынып. Т1 Ііі нса Жалпы білім беретін мектептер шін Тменде берілген екі мтінді оып, тапсырманы орындаыз. А мтіні аламтор кзінен алынан маала Тарихы бар халы тарихын таспен жазады, тарихы жо халы жаспен жазады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 13
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға
дайындыққа арналған тапсырмалар
Қазақ тілі. 9-сынып. Т1
ІІІ нұсқа
Жалпы білім беретін мектептер үшін
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор көзінен алынған мақала
«Тарихы бар халық тарихын таспен жазады, тарихы жоқ халық жаспен жазады» дегендей, біздің түркілік ата-бабаларымыз бай тарихын, мәдениетін, ерлік дәстүрлері мен қаһармандық жорықтарын «Тастағы жазудан тағылым алғайсың!» деп, кейінгі ұрпақтарына мәңгілік тасқа қашап жазып қалдырып отырған. Көне түркі ескерткіштері – сайын даланы мекендеп, тұлпар мініп, ту алған ата-бабаларымыздың өмірін жыр еткен, түркілердің асыл мұралары. Міне, осындай ескерткіштер қатарында «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жырлары және де ортатүркілік дәуірде жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты ғажайып дастандары бар. Түркілер дәуірінен жеткен шығармалардың қайсысынан да халықшылдық сезім лебі еседі. Адамзаттың көркемдік талғамының ерте кезден-ақ дамығанын дәлелдейтін көркем сөз ескерткіштері – көне түркілер ру-тайпаларының рухани өмірін бейнелеген әдебиет туындылары. Ежелгі түркілердің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін бейнелеген бұл ескерткіштер жазба мәдениеттің ғана емес, сол замандағы саяси ойдың да асыл мұралары болды. Жалпы қай ғасырда өмір сүрген түркі ғұламасы болмасын, түркі елінің, түркі жұртының «Тұғырлы мемлекетін» құру жолында аянбай еңбек етті.
Көне дәуірлерден жеткен рухани мұралардың негізгі түйіні – «Тәңірінің өзі дәулет ұясын түріктер жұлдызына жаратқан» қасиетті ұлыс – түркілер, ел бірлігі, түркілік бабаларымыз аңсаған тәуелсіздік, бірлік жолында жасалған еңбек, оны ұстап тұру үшін ұрпақтарына аманаттап кеткен ұлағат, түркі мемлекеттерінің ыдыраудан сақтандырып, алауыздық пен шиеленістерден сақ болуға шақырған, ғасырлар қойнауындағы даналық ойлар мен көрегендік тұжырымдар. Тәңірден жаралған көк түркілер ел деп туады, ел деп өмір сүреді...
(206 сөз)
https://pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow2/68302/510/3/1216/0/
Ә мәтіні: ғаламтор көзінен алынған мақала
Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни, олар ұлттық тұлға болған. Осы ұлттық тұлға тұғырына көтеріліп, аты аңызға айналған, тарихта есімдері қалған сан мыңдаған батырлар бар. Қазақ тарихының әр кезеңдерінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы, дипломат болған немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына орай әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.
Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектен бастау алған батырлық үрдісі өз жалғасын тауып ұрпақтан ұрпаққа тарады. Қазақ жерінің бір сүйемі де осы батырларының арқасында жаудың қолында кетпеді. Ел аузында жүрген, жыраулардың жыр-дастаны арқылы бүгінгі күнге дейін жеткен «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Ер Көкше», «Ер Сайын, «Ер Тарғын», «Қырымның қырық батырынан» бастап өткен ғасырда өмір сүрген жыр алыбы Жамбылдың «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр», Қ.Бекхожиннің «Науан батыр» дастандары батырлар жайында айтылған. Жазылған көркем мұраларды дүниеге келтірген, арқауы үзілмеген тұтас шығармашылық кезеңдердің барлығы халықтың нанымындағы батырдың тұлғасын бейнелейді. Болашақ шаңырақ иесін қазақта «Өскенде кім боласың?» деген сұрағына «Батыр болам!» деп, нық сеніммен жауап беруі заңдылыққа айналған…
(195 сөз)
https://sarbaz.kz/army/eld%D1%96kt%D1%96-saqtap-qalghan-qazaq-batyrlary-
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Бабалар аманаты – бізге мұра» деген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.