Файл: Біз, тмендегі ол оюшы атаана (оушыны атыжні, туан жылы, айы, кні) бір тараптан жне А. Фердауси атындаы 24 жом.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 12
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп және ата-ана арасындағы ынтымақтастық
КЕЛІСІМ ШАРТЫ №----------
--------------------- сынып 2022-2023 оқу жылы
Біз, төмендегі қол қоюшы ата-ана
(оқушының аты-жөні, туған жылы, айы, күні)
бір тараптан және «А.Фердауси атындағы №24 ЖОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан мектеп директоры Мамырова Жанар Сапарқызы екінші тараптан, төмендегіше келісім шартты жасадық:
1.Мектеп міндеті:
1.1. ҚР «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мектептің ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекітуге;
1.2. Оқушылардың Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапалы жалпы орта (негізгі) білім алуына жағдай жасауға;
1.3. Мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) 2016 жылғы 29 тамыз Шу ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген мектеп Жарғысына, орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес бекітуге;ер балаларға –(1-11 сыныптың ер балалары үшін) ақ жиде, қою көк түсті костюм, жилет. 1-11сыныптың қыз балалары үшін қою көк/қара/түсті форма,фартук және ақ бантик.
1.4. Жеке тұлғаның жан-жақты рухани дамуына қолайлы жағдай туғызуға;
1.5. Білім алушыларды медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, білім алушылардың,
3-тарау,Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері,8-бап,тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауға және психологиялық денсаулығына қолдау жасау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
1.6. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;3-тарау,17-бап,
1.7. Қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;
3-тарау,11-бап,
1.8. «Мектепте» білім алушылар санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін, «Мектептің» ішкі тәртібі негізінде кезек аяқ киімін кию туралы талаптарды орындауға міндетті.
1.9. «Мектепте» сабақ процесі жүріп жатқан кезде бөгде адамдардың мектепке кіруіне рұқсат етілмейді. Келген бөгде адам міндетті түрде вахтер немесе кезекші мұғалімге жолығып, журналға тіркеліп, рұқсат қағазын алады. «Мектепке» келген ата-анаға білім алушылар мен мұғалімдерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.
2. Ата-ана міндеті:
2.1. Мектептің ата-аналар кеңесі, қамқоршылық кеңесі арқылы мектеп әкімшілігі мен педагогтармен ынтымақтастықта жұмыс жасауға және балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;
2.2. Балаларының Мектеп Жарғысына сәйкес бекітілген мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) сақтауына жауапкершілік алуға;
2.3. Білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға және баласының сабақ үлгерімі, тәртібіне бақылау жасауға;
2.4. Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;сенбі күндері өткізілетін оқушының әлеуметтік,моральді қалыпты,шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған білім алушылардың пайдалы бос уақытын қамтамасыз ететін іс-шараларға балаларды қамтамасыз етуге;
2.5. Міндетті түрде ата-аналар жиналысына қатынасуға;
2.6. Балалары мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда қалпына келтіруге;
2.7. Мектепке баласын орналастыруға келгенде жеке іс -қағазымен қамтамасыз етуге;
2.8. Баланың мектепке келіп кету қауіпсіздігіне, жол-жөнекей келеңсіз жағдайлардан сақ болуына;
2.9. Балаларының міндетті түрде Мектеп Жарғысына және ішкі тәртіп ережесіне сақтауын қадағалауға және сабаққа баруын қамтамасыз етуге және себепсіз сабақтан қалдырмауға міндетті.
2.10. Мектеп өмірінің қоғамдық істеріне ата-аналар міндетті түрде атсалысуға;
2.11. Каникул кезінде оқушының өмірі мен қауіпсіздігіне ата-ана тікелей жауапты;
2.12.Балалардың білімін жетеілдіру,жекеленген пәндер бойынша білім сапасын жақсартуға ата-ана тарапынан демеушілік көрсетуге қарсы емеспін.
3. Оқушы міндеті:
3.1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
3.2. Міндетті түрде Мектеп Жарғысына және ішкі тәртіп ережесіне бағынуға;
3.3. ҚР рәміздерін білуге және құрметтеуге, Мектеп Жарғысына сәйкес бекітілген мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) сақтауға міндетті:
ер балаларға –(1-11 сыныптың ер балалары үшін) ақ жиде, қою көк түсті костюм, жилет.
1-11сыныптың қыз балалары үшін қою көк түсті/қара/ форма,фартук және ақ бантик.
3.4.Мұғалімдерді, ата-аналарды, қарттарды сыйлауға, өзімізден әлсіздермен кішілерге көмектесуге, таза және ұқыпты болуға, әрбір адамның ар намысы мен адамгершілігін бағалауға, бөтеннің затын алмауға, табиғатты аялауға, қорғауға, өз денсаулығын сақтауға, өз еліміздің мәдениетін білуге және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін сыйлауға міндетті.
3.5. Мектеп мүлкін сақтауға және кітапхана қорын ұқыпты пайдалануға;
3.6. Сабақтан себепсіз қалмауға;
3.7. Өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, үйірмелер мен секцияларды таңдауға және қоғамдық жұмыстарға араласуға;
3.8. Білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
3.9. Өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге және өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне; 3.10. Күнделікті ауыстыратын қосымша аяқ киім әкелуге міндетті;
Тыйым салынады:
а) оқушыларға қымбат бағалы ұялы телефон ұстауға (смартфон);
ә) ер балаларға қысқа шалбар киюге, қыз балаларға өте қысқа юбка киюге;
б) қыз балаларға кимешек, орамал, ұлттық және конфессиялық атрибуттарды қолдануға, қымбат бағалы бұйымдарды тағуға (сырға, сақина т.б);
в) оқушыларға құрамында алкоголы бар ішімдіктерді, темекі, насыбай және адам өміріне қауіпті өткір –үшкір заттарды әкелуге;
4. Мектеп әкімшілігінің бастамасы бойынша келісім шартты бір жақты тоқтату жағдайы: 4.1. Мектеп әкімшілігі келісім шарттың 2.2., 2.7., 3.2., 3.3. бөлімдері орындалмаған жағдайда мектеп жанындағы жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдер комиссиясына шешім қабылдауға ұсынады;
5. Қорытынды:
5.1.Мектеп әкімшілігі аталған келісім шартқа өзгерістер мен толықтыруларды оқушылардың ата-аналарының келісімімен педагогикалық Кеңестің шешімі негізінде енгізе алады;
5.2. Аталған келісім шарт екіжақты (мектеп, ата-ана), қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
5.3. Келісім шарт алға қарай ұзарту жағдайымен ұзақтығы 1 жыл мерзімге жасалады.
5.4. Тараптар осы келісім шартта қаралған барлық шарттарды орындауға міндетті.
5.5. Келісім шарт 2 данада мемлекеттік тілде жасақталған: біріншісі – оқушының жеке іс-қағазында, екіншісі – ата-анаға беріледі.
6. Келісім шартқа қол қоюшы тараптар:
1) «А.Фердауси атындағы №24 ЖОМ» коммунальдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры Ж.Мамырова_ _ _ _ _ _ _ _
(Аты-жөні, қолы)
2) Ата-анасы:
Әкесі----------------------------------------------------------------------------------------
(Аты-жөні, қолы)
Анасы---------------------------------------------------------------------------------------
(Аты-жөні, қолы)
Оқушы--------------------------------------------------------------------------------------
(Аты-жөні, қолы)
Ата-анасының жұмыс орны, жұмыс телефоны:
Әкесі----------------------------------------------------------------------------------------
Анасы--------------------------------------------------------------------------------------
Үй телефоны:----------------------------------------------------------------------------
Мекен-жайы:-----------------------------------------------------------------------------