Файл: Т. Рыслов атындаы жалпы орта мектебі Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні

Орынбаев Н

Сынып
















Күні
















Қатысушылар саны:




Қатыспағандар саны:




Бөлім

5-бөлім. Ойын шығармашылық белсенділік

Сабақтың тақырыбы

Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру

Оқу мақсаттары

8.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Сабақ мақсаттары

Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру

Бағалау критерийі

Спорттық техникалардың орындалуын ойын барысында көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік ережесі; спринтерлік жүгіріс, стайерлік жүгіріс, қашықтықта жүгіру; спринтер, стайер; адымдар, секірулер, екпін алу; лақтыру; сөре, мәре; секіру және лақтыру кезеңдері; жүгіру, секіру, лақтыру; таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; шыдамдылық, төзімділік; дәлділік, иелік ету, маневрлілік; эстафеталар, жылдамдықты арттыру, топтық жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- әріптесіңізбен жаттығу жасау қаншалықты нәтижелі болды?

- қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды?

- оқушылар лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма?

- алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

- сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды?

- допты лақтыру кезіндегі екпін алу қаншалықты алысқа лақтыруға көмектесті ме?

- жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Кері байланыс арқылы бағалау

Ысқырық, волейбол доптары, торы, нығыздалған доп, бор

http://www.fizkulturaisport.ru/fizicheskie-kachestva/bystrota/355-uprazhneniya-dlya-razvitiya-skorostnyx-sposobnostej-volejbolistov.html?showall=1

http://www.fizkulturaisport.ru/fizicheskie-kachestva/bystrota/355-uprazhneniya-dlya-razvitiya-skorostnyx-sposobnostej-volejbolistov.html?showall=1

Сабақтың

ортасы

30 минут

(Т, Ж, ҚБ) Нығыздалған доптармен жаттығулар. Жалғаулар, орын ауыстырулар. Сынып екі командаға бөлінеді. Оқушылар қарсы бағытпен лектер түзейді.

1. қарсы бағытта тұрған лектің ойыншыларынан нығыздалған допты (1-2 кг.) қағып алу және кері жалғау. Допты кері жалғаған соң ойыншы өзінің легінің соңына орын ауыстырады.

2. Оқушылар торға қарсы қарап бір лекке бой түзейді. Бірінші лек №1 аймағына, ал екінші лек № 5 аймағына тұрады. Екі жүргізуші өздерінің лектеріне қарсы бағытта №2 және №4 аймақтарға орналасады. Әр жүргізуші допты үстімен жалғау арқылы №3 аймаққа бағыттайды, лектерде бірінші болып тұрған ойыншылар допқа жүгіріп жетіп, оны кері жүргізушіге қайтарулары керек (жоғарғы, төменгі қабылдаулар арқылы). Осы әрекеттен соң жүргізушіні айнала жүгіріп өз легінің соңына барып тұрады. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді. Көп мөлшерде допты қабылдау мен жалғауды жүзеге асырған команда жеңіске жетеді.

Мұғалім келесілерге назар аударады:-допты екі қолмен беттің деңгейінде, волейболшының ортаңғы және төменгі тұрысында ұстау;-допты ұстау сәтінде жаймен жартылай отырып, содан соң, аяқтарды және қолдарды түзете допты алға-жоғары лақтырып, білезік буын мен саусақтың аяқтау қозғалыстарын жасап допты кері қайтару;-допты жалғау кезінде қабылдаушы ойыншы допты жүргізушіге тура жалғауы керек; Сұраңыз:-Доппен ойналатын ойында сіз қандай қиындықтар сезінесіз?-Допты жалғаудағы өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды түсіндіріп бере аласыз ба?




(Б, Ж, ҚБ) Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Топтар шеңберге тұрып бір-бірлеріне допты жоғарыдан, төменнен жалғауларды орындайды. Допты түсіріп алғана немесе тура жалғай алмаған ойыншы айып ұпайын алады.

Аз қателік жіберіп, айып ұпайын алмаған ойыншы жеңіске жетеді.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және допты жалғаудың орындалу техникасына назар аудару қажет. Сұраңыз:-Берілген тапсырма қандай дене қасиетін дамытады?




Сабақтың

соңы

5 минут

Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.

Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.




Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау

Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау