ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| БЕКІТЕМІН «EL UMITI» қоры» КҚ Басқарушы директоры А.Н. Хаматдинова _____ «17» сәуір 2023 жыл |
GAMEDAY ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
-
Жалпы ережелер
-
1.1. Осы GameDay туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) GameDay (әрі қарай – GameDay) компьютерлік ойындарын жасау бойынша хакатон форматындағы ІТ-олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізуді реттейді. -
GameDay шарасы Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Birge Oqý» онлайн мектебінің қолдауымен «EL UMITI» қоры» КҚ ұйымдастыруымен (әрі қарай–Ұйымдастырушылар) өткізіледі. -
GameDay жалпы орта және негізгі орта білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламалары негізінде өткізіледі. GameDay екі тілде өтеді: қазақ және орыс. -
GameDay – Ұйымдастырушы Ережемен белгіленген тәртіпте және шарттарда өткізетін іс-шара. -
Қатысушы – жасы 12-ден 17 жасқа дейінгі, өз атынан әрекет ететін және GameDay-ге қатысу үшін Ереженің 3-бөлімінің ережелеріне сәйкес тіркелген жеке тұлға. -
Іс-шараның негізгі мақсаттары:-
Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды насихаттау; -
Қатысушылардың функционалдық компьютерлік сауаттылығын арттыру; -
Оқушылардың ІТ-технологияларға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін анықтау және дамыту; -
Дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау және жастар арасында компьютерлік білімді тарату және насихаттау.
-
-
GameDay ережелері мен уақыты, GameDay-ге қатысуға тіркелу уақыты, жүлделер саны, оларды алу уақыты, орны және тәртібі туралы барлық ақпарат ғаламтордағы gameday.kz сайтында жарияланған (әрі қарай – Сайт). -
Өтініш – сайтта электрондық тіркеу формасын толтыру және жіберу кезінде GameDay қатысушысы беретін ақпарат. Егер әлеуетті қатысушы ұсынған өтініш ақпараты толық емес болса немесе Ереженің талаптарына сәйкес келмесе, Ұйымдастырушы тарапынан қарастырылмайды, Өтініш болып есептелмейді. -
Өтінішті толтыру арқылы қатысушы өзі туралы ұсынған деректерді жинауға және өңдеуге автоматты түрде келісімін береді. -
Сайтта шараға қатысуға өтініш бергеннен кейін Қатысушының поштасына Сайтта ашылатын жеке кабинетке кіру үшін логин мен пароль келеді (поштаны мұқият тексеру қажет, себебі тіркеу деректері бар хаттар спамға жиі түседі). -
GameDay І кезеңі – жарыстар онлайн режимде https://gameday.kz сайтында өтеді. -
GameDay II-кезеңі - жарыс Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1 А (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасы) мекенжайы бойынша офлайн режимде өтеді. -
Жоба – GameDay I-кезеңі аясында қатысушының жеке кабинетінде жүктелген қатысушының жұмысы. -
Финалистер – жобалары комиссияның үздік бағасын алған және GameDay шарасының II-кезеңіне шақырылған қатысушылар. -
GameDay жеңімпаздары – бағытына қарай белгілі бір критерийлер негізінде комиссияның бағалауы нәтижесінде жобалары үздік деп танылған қатысушылар. -
Комиссия – GameDay аясында қатысушылардың жобаларын бағалау үшін ұйымдастырушы комиссия құрады.
-
Game Day өту мерзімі
-
GameDay сайтында қатысушылардың өтініштерін қабылдау gameday.kz сайтында, 2023 жылдың 20 сәуірі сағат 10.00-ден 28 сәуірге дейін Астана уақыты бойынша 10.00-ге дейін жүзеге асырылады. -
Жарысқа тіркелген GameDay қатысушыларының тізімі ғаламтордағы gameday.kz сайтында жарияланады. -
GameDay I-кезеңі 2023 жылдың 29 сәуірі мен 2 мамыры арасында өтеді:-
GameDay басталуы - 2023 жылдың 29 сәуірі күні, сағат 12.00 -
Жұмыстардың қабылдану уақытының аяқталуы - 2023 жылдың 2 мамыры, сағат 12.00
-
-
Жобаны жасауға берілетін уақыт көлемі - 72 астрономиялық сағат (4320 мин.). -
Қатысушының gameday.kz сайтындағы жеке кабинетіне тақырыптар мен тапсырмалар жіберіледі. -
Тапсырманы тексеруге жібергеннен кейін қатысушы өз жұмысын аяқтайды. -
2023 жылғы 6 мамырда сағат 10.00-де финалистер есімі жарияланады. Финалистер көрсеткен пошталарына тиісті шақыру алады, сонымен қатар ұйымдастырушылар да қоңырау шалады. Сондай-ақ, сайтқа финалистердің ID нөмірлері бар тізімі ілінеді. -
Game Day II кезеңі 2023 жылғы 12 мамырда сағат 10.30 өтеді –финалистердің жобаларының таныстырылымы, жеңімпаздарды іріктеу, Астана қ., Ә. Бөкейхан к-сі, 1а (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасы) мекенжайында GameDay шарасының салтанатты жабылуы.
-
Game Day-ге қатысу және тіркелу тәртібі
-
GameDay-ге қатысуға ниет білдірген тұлғаларды тіркеу ғаламтор желісіндегі ережелердің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мерзім арасында Сайтта орналастырылған электрондық тіркеу формасын (Өтініш) толтыру арқылы жүзеге асырылады. -
Тіркеудің электрондық формасын толтыру кезінде қатысушы өзі туралы мынадай мәліметтерді көрсетуі қажет:
-
Қатысушының жасы -
Қатысушының есімі, тегі -
Қатысушының ЖСН-і -
Қатысушының немесе ата-анасының электрондық мекенжайы. -
Қатысушының немесе ата-анасының байланыс телефоны -
елді мекен / облыс -
мектеп аты және нөмірі -
мұғалім/куратор ТАӘ (болған жағдайда)
-
GameDay-ге қатысу Өтінішін толтырып, жіберуі арқылы қатысушы Ережемен танысқанын, Ереженің шарттарымен келісетінін растайды және Ұйымдастырушының тіркеу формасында көрсеткен дербес деректерін өңдеуге өз келісімін береді. Қажет болған жағдайда GameDay ұйымдастырушылары қатысушының жеке басын куәландыратын құжатты сұратуға құқылы. -
Қатысушының жетекшісі GameDay өту кезеңінде қатысушыны жоба жасауға қажетті құралдармен (ноутбук, ДК) қамтамасыз етеді және шараның өту кезеңі барысында қатысушыға жауапты болады. -
Әр бағыт бойынша қатысушылардың саны кем дегенде 7 адам болуы тиіс, егер қатысушылар бұдан аз болса, бұл бағыттағы GameDay өткізілмейді. Бұл жағдайда ұйымдастырушылар қатысушыларды алдын ала хабардар етіп, басқа бағытқа қайта тіркейді. Бір бағыт бойынша ең көбі 60 адам қатысады. -
Бір қатысушы тек бір жобамен қатыса алады. -
Ұйымдастырушы комитеті мен комиссия GameDay қатысушыларын келесі жағдайларда дисквалификациялауға және жекелеген тапсырмалар бойынша ұпайларын жоюға құқылы:
-
Қатысушының GameDay өту тәртібін бұзуы; -
GameDay қатысушысының бірнеше логин, басқа біреудің логинін қолдануы; -
Тестілеу жүйесі жұмысын бұзу әрекеті; -
Қатысушы тарапынан жасалған кез келген бұзақылық іс-әрекет; -
Тапсырмалардың шешімін ғаламторда жариялау, GameDay шарасының сәйкес кезеңінің аяқталуына дейін тапсырма шешімін ғаламтор желісінде талқылау. -
Басқа біреудің жетілдірілген немесе өзгертілген шешімін жіберу.
-
Game Day аясында жасалатын жобалардың бағыттары
-
Game Day жарысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:-
12-13 жас бағыты:
-
-
Ойын әзірлеу
-
14-15 жас бағыты:
-
Ойын әзірлеу -
Ойын кейіпкерлерін жасау -
Ойын орындарын (локация) жасау
-
16-17 жас бағыты:
-
Ойын әзірлеу -
Ойын кейіпкерлерін жасау -
Ойын орындарын (локация) жасау
-
Game Day қорытындысын шығарып, қатысушыларды марапаттау
-
Қорытындыларды шығару және қатысушыларды марапаттау Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1 А (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасы) мекенжайы бойынша өтеді. -
GameDay қатысушылары комиссия шешімімен бірінші орын жүлдегері дипломымен, финалистер сертификатымен, қатысушы сертификатымен, сондай-ақ естелік және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.