Файл: Техногендік ттенше жадайлар жне тероризм аупі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағатының тақырыбы:   “Техногендік төтенше жағдайлар және тероризм қаупі”

Мақсаты:

Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы

ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру;
Міндеті:

Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру. Оқушыларды сыйластық қа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. 


Күтілетін нәтижелер:

Төтенше жағдайлар туралы мәлімет алады. Азаматтық қорғаныстың қазіргі өмірде маныздылығын таниды. Жәрдем көрсетуге ұмтылады. Топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Пайдалы ақпараттарды іздеуге және оны пайдалануға үйренеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Сабақтың түрі: танымдық, топпен жұмыс.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу; топтық жұмыс; СТО стратегиялары 

Көрнекілігі: буклеттер, суреттер, мақал – мәтелдер, парақшалар;

Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер: «Өрт тілсіз жау», «Сақтықта қорлық жоқ», «От жақпа - пісерсің, ор қазба – түсерсің», «Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама –күйерсің», «Сақ жүрсең сау жүрерсің», «Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында», «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар»;


Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын құру, психологиялық көңіл-күй қалыптастыру.

Сабақтың мақсат міндетімен танысу.
II. Кіріспе. Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау»

Мұғалім сөзі: Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт болып саналады.

Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады екен.


Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,

Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.

Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,

- Техногендік сипаттағы тетенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.
III. Негізгі бөлім.

Мағынаны ашу.

 Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа Техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.

Апаттың тағы бір себептері — улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателік-терге жол берілуі жатады.

Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылығына, жұмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.



Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?

1. Сабырлық сақтаңыз. 

Ойыңызды жинап, іс-әрекеттеріңізді жоспарлап, ойластырылмаған қадамдарға бармаңыз.

2.Әрекет етудің өзіндік жоспарын құрыңыз

Өзіңіз тұратын ауданды  шолып шығыңыз, мұнда қандай апаттардың ұдайы болып тұратынын анықтаңыз да, төтенше әрекеттердің мейлінше жалпылама жоспарын ойластырыңыз.

3.Сіздің жоспарыңызда мейлінше жалпылама нәрселер ғана болуы керек: Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз. Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз. Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар. Қалай эвакуацияланасыз - машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз. Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.

Эвакуация кезінде қандай заттарды ала кетесіз. 

Тиісінше әрекет етіп, қажетті заттарды реттеуге, әдетте, осы алты қағида жеткілікті.



Бастапқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз Алғашқы жәрдем дәрі қорабы. Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы. Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы. От жағатын жағдайға арнап - герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз.  Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта. Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн.  Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға - су өтпейтін, қысқа - жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз.

5. Артық ештеңе алмаңыз

7. Үрейлі хабарламалар қабылдауға дайын болыңыз. Алғашқы үрейлі хабарламаларды ала салысымен, дайындыққа кірісіңіз.

8. Төнгелі тұрған ТЖ бойынша әрекет жоспарын нақтылап, Бастапқы қажеттілік жиынтығын тексеріңіз. Жаңалықтарды тыңдай отырып, төтенше әрекет етудің өзіндік жоспарын ойыңызда реттеп шығыңыз да, оның хабарламада айтылып жатқан төтенше жағдай кезінде қалай жүзеге асатынын елестетіп көріңіз.

9. Үрейлі хабарлама алған соң байланыс желілеріне күш түсірмеңіз

10. Күнделікті жаймашуақ өмірде туыстарыңызға нұсқау беріп, үйретіп қойыңыз

Апатты жағдай орын алғанда, телефон желілеріне салмақ түсіріп, шын мәнінде көмекке зәру жандардың өміріне қауіп төндірмеңіз.

11. Мейлінше қажеттілік тумаса тұрғылықты орныңызды тастамаңыз

Апаттың жақындап келе жатқаны туралы ақпарат алғанда, мейлінше қажеттілік тумайынша, ешқайда кетпеңіз. Ал бәрібір кетуге мәжбүр болсаңыз,  машинада сүйікті әуеніңіздің орнына радионы қосып, жаңалықтарға құлақ түріңіз.

12. ТЖ аймағында қалған үйге қайтқанда сақ болыңыз.Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, онда оның астында қалуыңыз ғажап емес. Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын ойланыңыз.


1.«Біздің түсінігімізде». Үш топқа бөлінген оқушылар өздерінің жинаған мәліметтерімен бөліседі. Үй тапсырмасы ретінде алдын ала берілген. Постер қорғайды. Әр топ қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізеді.


  • Төтенше жағдай дегеніміз не?

  • Төтенше жағдайдың түрлері және сипаттамалары?

  • Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?

1 топ:  . «Су»

Су тасқыны

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.
Су тасқыны кезінде:
- Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
- Пештегі жанып жатқан отты өшіру;
- Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару;
- Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен не фанермен қағып тастау;
- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау;
Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және басқа нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса қайық және т. б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.

2 топ: «От» 3 топ: «Жер» 1 топ:  . «Су»
Өртің шығу себептері, өрт қауіпсіздігі туралы

- Отпен жұмыс істегенде абай болу керек;
- Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерге өртеуге;
- Автокөліктен шыққан жалынға;
- Күн күркірегендегі найзағайларға;
- Майланған материалдың үйкелісіне;
- Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі;
Өрт елді мекендердегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналар дағы байланыс. Мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. ауа райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен, ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады..

Өрт қауіпсіздігі ережесі  

Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.


Сіздің әрекетіңіз:

1.     Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.

2.     Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.

3.     Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.

4.     Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.

5.     Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.

6.     Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.

7.     Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.

 Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы,

жиідемалу, жүрекайналуы, сананыжоғалту.  

    

3 топ: «Жер»

Жер сілкінісі

Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз. Үйдің ішінде: Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз. Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн. Қауіпсіз жерлер: Үйде (ғимараттың ішінде) 1)Босаға есік жақтауы 2)Ішкі бұрыш 3)Мықты қабырға 4)Бел ағаш 5)Ванна, тоңазытқыш 6)Парта,стол,кереует Далада: 1)Ашық алаң 2)Биік ғимараттардан аулақ болу 3)Биік ағаштардан аулақ болу Қауіпті жерлер: 1)Терезе жақтағы бұрыш 1)Биік ғимараттар 2)Биік ағаштар 3)Баспалдақ 4)Лифт 5)Жиһаздар 6)Шам жағу қауіпті 7) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер Далада: 1)Биік ғимараттар 2)Биік ағаштар 3)Электр жүйелері 4)Жер асты өткелі Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз. - лифтті пайдаланбаңыз. - есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар. - үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз. - сілкініс кезінде үйге кірмеңіз. Автомобиль ішінде: - сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс. - жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн