Файл: Таырыбы Бастауышым бастамам, білім жолын бастаан Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 48
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: «Бастауышым –бастамам, білім жолын бастаған»
Мақсаты: Оқушылардың төрт жыл бойы алған білімдерін , ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, үлкен өмірге қадам басуға даярлау,достыққа , бауырмалдыққа, ата – ананы, мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: нақыл сөздер, шарлар, презентация.
Бастауышым – бастамам,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу жас данам.
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Бара жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі (музыка ойналып тұрады) мектеп туралы
ІІ Кіріспе сөз.
Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздер «Бастауышым –бастамам, білім жолын бастаған» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Балаларыңыз осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп –кішкене балдырған еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіп, бастауышта білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі тұр. Талаптарына нұр жаусын деп мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.
Қол соғып қошаметпен шақыралық,
Төртінші «А» сыныбын ортамызға.
-
Сарубаев Досжан -
Букенбаева Динара -
Мусабеков Сапар -
Дастанбек Ақерке -
Раздықұлы Әлібек -
Сынасатбаев Мерас -
Мамбетова Айгүл -
Каримов Ернұр -
Маусымбаева Күлбану -
Анкей Бисэн -
Шарипова Асель
Сапар: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Күлбану: Қайырлы күн ағайын! Балалық шақтың куәсі – бастауыш мектеппен қоштасу кешіне қош келдіңіздер!
Бисэн: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Оқушы: Ендеше ортаға біздің сүйікті ұстазымыз – 4 жылда бізге анамыздай болып, біз үшін қуанып, біз үшін Аманжанова Дина Хайроллаевнаны ортаға шақырамыз.
Ақерке: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да біз алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтамыз.
Динара: Бүгінгі мерекемізді ашу үшін сөз кезегін мектеп директорына береміз.(мектеп директорының сөзі)
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық! (шашу шашылады)
Ақеркенің биі
«Біз қандай едік?» слайд-шоу «Балдырғандар» әнімен
Ернұр: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Айгүл: Өсті, міне, бойымыз,
Өсті, міне, ойымыз,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз!
Досжан: Шаттанамын мен бүгін, шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын,
Осы сырды үйретіп төрт сыныбым
Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың.
Асель: Алтын ұя, алтын бесік мектебім,
Мәңгі есімде анам болып өткенің.
Парызыңды өтедің сен білемін.
Ал, қарызым саған берер көп менің.
«Алтын ұя мектебім» әні
Ақерке : Үйретіп бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді,
Адамның ой – арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Досжан: Біз барамыз артқа тастап төрт жылды,
Білім алдық, байлық жидық көп құнды.
Пана болған, дара болған біз үшін
Жанымыздан артық көрдік тек сізді.
Күлбану:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Әліпбиді алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана, естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Сапар:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.
Мерас:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
Әлібек:
Атағым Алатаудай болса биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан тағзым етіп,
Тұрамын»Ұстазым» деп басымды иіп.
Досжан:
Ұстаз деген құдіретті, құнды есім,
Киелі ол, киесі ұрып жүрмесін.
Жаныңа – нұр, сәуле енбесе санаға,
Белгісіз – ау, өмір сүрер – сүрмесің.
Күллі адамзат мойындайтын үш алып,
Бірі ана, бірі ұстаз, күші анық.
Темір төзім, кәусәр сезім иесі,
Ұстаз барда надандық тұр тұсалып!
Динара :Дина апай анашымдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңізден
Шәкірттен өз бақытын аямаған.
Бисэн:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгінгі кешінде,
Арнайды саған бұл әнін
«Ұстазым» әні
Күлбану : Біз 4 жыл ішінде тек өз ана тілімізде ғана емес, өзге тілдерді де үйрендік. Иә, сол тілдердің бірі, біз 3-ші сыныптан бері ана тілімізбен қатар оқып келе жатқан тіліміз, ол –орыс тілі.
Динар: Слышыишь песенку ручья?
Это – Родина твоя.
Школа, где твои друзья,
Это – Родина твоя.
Әлібек: Орыс тілі әр кезде керек ертең
Анель апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.
Динара: Біз тек қана орыс тілін ғана емес, онымен бірге ағылшын тілін де үйреніп жүрміз. Біз сөздерді оңай аудара аламыз.
Анашым –(мазе-мам), әке –(фазе – дәд), Отан –фром, мектеп –скул, оқушы –чилдрен, мұғалім –чиче
Жүрегімде Қанзия апай берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын
Мәңгі бақи есімізде қалады.
Ақерке:Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін
Асем апайдан ағылшынды үйрендік.
Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді
Әлемдегі әсем гүлге теңедік.
Айгүл:
Айжанар апай нағыз биші ұстазсыз,
Сондықтан да бір өзіңе ұқсаппыз.
Шаршасаң да, сездірмей күлімдейсіз,
Шәкіртім би үйренсін, білсін дейсіз
Күлбанудың биі
Бисэн: Мәкеш апайды шебер домбырашы дер едім,
Айтыңдаршы таласады оған кім?
Еленуде бізге істеген еңбегі,
Айтамыз алғыс шәкірттері сізге мың.
Жүргізу:
Қасиетті қос ішекті домбыра,
Қос ішектің бірін қатты, бірін сәл - сәл кем бұра.
Біздің қазақ қазақ емес
Нағыз қазақ домбыра!, -дей келе Макеш апайдың құрған добырашылар ансамблдің орындауында
«Еркем-ай»
Мектебімде, Нағашыбай ағай бар
Сабақта секіртеді, жүгіртеді біздерді.
Жаттығудың неше түрін жасатып,
Әрқашан денең шымыр болсын дейді.
Флешмоб
Мұғалім: Күлкі жеңбейтін жау жоқ. Күлкі адам өмірін ұзартады. Әжім тек күлкіден қалған із болу керек. Олай болса біздің сыныптың көңілді тапқыштардың өнерін тамашалаңыздар.
Кіріспе
-Балам, оқу жылы басталып кетті, күніге ойнағанша, бір уақыт сабағыңа қарасаңшы! Қаңғисың да жүресің!
-Ой, әке! Қайтейін енді, қай кітаптің алғашқы бетін ашып қалсам, "Кіріспе" деп тұрады, сосын кіріспей жүрмін!
Ермек
-Ермек, бері кел! Кане бізге Абайдың бір өлеңін окып жіберші
-Кешіріңдер, мен оқи алмаймын...
-Неге?
-Абай атамыздың өзі жазып кеткен ғой,
«Мен жазбаймын өлеңді Ермек үшін...» деп...
Орыс тілі сабағында
- Сәрсен, сен неге шиколад деп жазғансың?
- Жи, ши пишется через и деп үйреткен өзіңіз ғой.
Сараңдық
Мұғалім: Кезекші, бор қайда?
Оқушы: Бор жоқ, апай.
Мұғалім: Онда Әлия апайдан бор сұрап кел.
Оқушы: Әлия апайда бор жоқ екен
Мұғалім: Бар, Зәуре апайдан сұрап кел.
Оқушы: Зәуре апайда да бор жоқ екен.
Мұғалім: Ендеше шкафтағы өзіміздің борды алып кел.
«Біз не үйрендік?» слайд –шоу (сабақтардан үзінді)
балалар сөздері:
Әли:Бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге, аузымыздан шыққан сөзімізге, сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әрбір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді.
Ернұр: Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені білдік, үйрендік.
Сұлулықты, мейірімділікті, жақсы көруді, қадірлей білуді, кішіпейіл болуды, бәрін де тең көруді, кішіпейіл болуды – міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін осы мектептен үйрендік.
Айгүл: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді. Үлкенді сыйлауды,, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды. Халқымыздың әдет –ғұрпын, салт – дәстүрін үйрендік.
Сапар: Ойлауды, әдемі сөйлеуді, пікірімізбен бөлісіп, бірігіп жұмыс істеуді, бір-бірімізді сыйлауды, көмек беруді.
Асель: Біз Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, құрбы-құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын. Ұстаздарымызды, мектебімізді сүйеміз.
Бисэн: Біз жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны ажырата білеміз.
Досжан: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, елді аузына қаратқан ақын да, егін егіп, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі – ұстаздардан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз!
Ақерке:
«Білім ал, оқы, үйрен»,деп өсірді,
Жақсылыққа баулыды неше түрлі.
Бала үшін бәйек болған күні – түні
Құрметтейік ҰСТАЗ деген есімді – дей келе, келесі әнімізді ұстаздарға арнаймыз
«Ұстазым» әні
Мерас:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбттым,
Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр берді,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
О, Ана!
Тірегім де өзіңсің,
Жүрегімде өзіңсің,
Айтатын әркез сөзімсің.
Өзіңсің ана, өзіңсің,
Аз қызыққа мәз болған,
Көкірегіңе наз толған,
Жатқа кетсем төрімсің.
Іс бастаған оң қолдан,
Бата беріп оң жолдан,
Құлыным дейсің аймалап.
Айналайын, ана жан,
Мадақтауға тұлғаңды,
Жалықпаймын қайталап.
Дұрысымды асырған,
Бұрысымды жасырған,
Мен гүл болсам қырмызы,
Сенсің ана – жайған бақ!
«Қос бәйтерек» әні
Слайд – бірге ойнағандары, құшақтасқаны,
Ернұр: Достар, бізді болашақққа не бастайды?
Күлбану: Бізді болашаққа ұстаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы, болашаққа деген сенім бастайды.
Ернұр: Ал біз кім боламыз?
Мерас: Біз адал азамат, оқымысты ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам боламыз.
Ернұр:Достар, бүгін бізде мейрам. Бастауышты бітіріп отырмыз. Бір – бірлеріңе қандай жақсы тілек тілер едіңдер?
Досжан:
Құтты болсын, құрбыжан,
Алға аттаған қадамың!
Білім деп соқсын жүрегің,
Жолыңа бестік шашамын! (бестік баға шашады)
Ақерке:
Есейіпті бүлдіршін
Ғалым болар, кім білсін.
Болашағы нұр болсын,
Қадамдары гүл болсын (гүл шашады)