Файл: Таырыбы Бастауышым бастамам, білім жолын бастаан Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қолтықтасқан, сырласқан,
Достық жыры бір дастан.
Достықты біз қадірлеп
Ән шырқаймыз күлімдеп
Ән «Бір түлегіміз»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің қоштасу кешімізге болашақ 1- сынып оқушылары да келіп отыр. Біз бүлдіршіндерге бастауыш сыныптың кілтін ұсынамыз. Білім кілтін сыныптың үздігі Сарубаев Досжан тапсырады
Досжан:
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсырамын білімнің мен кілтін. (0 «А» кілт беріледі)
Жүргізуші:
Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңырау сыңғыры.
Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын! қоңырау соққызу!
1 - жүргізуші: Той дегенің қуаныш,
Қызық барлық балаға.
Құттықтаусыз сірә да
Тойдың сәні бола ма!
2 - жүргізуші: Құттықтау үшін сөзді алғашқы ұстазы Дина апайға береміз.
Алғашқы мұғалімнің сөзі
Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар! Бүгін ерекше күн. Балаларыңыз алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмамдап, ортаңғы буынға көшкелі отыр. 4 жыл бойы мұндай сапаға жетуге, пән мұғалімдері мен ата – аналардың қосқан үлесі шексіз. Сіздерге осындай талапты, дарынды, тәртіпті, білімқұмар балаларды тәрбиелегендеріңізге көптен –көп рахмет.
(алғыс хаттарын беру)
Оқушыларды құттықтау : Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер.
Қанаттарың қатайды
Биікке енді самғаңдар.
Білім жолы – сара жол
Ізденіңдер, талмаңдар.
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман - есен болыңдар! (оқушыларға дипломдарын беру)
5 сыныпта алатын мұғалімге«оқушылардың құжаттарын тапсырады)
Құттықтау сөзін ата –аналарға береміз.
1- оқушы:Білім нәрін себе берші,
Күн шуағын төге берші.
Тәрбиелі ұл - қыздарың
Жауқазындай өне берсін!
2- оқушы:Өнегеңді бағаласа ел екен,
Ел ішінде арта берсін берекең.
Ұстаз - ана, үстем болып мерейің,
Құтты болсын бүгінгідей мерекең!
3- оқушы:Жылдар, жылдар, тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Мәңгі есіңде қалсын, ұстаз, өтінем,
Біз бітірген бастауышты ұлу жылдың көктемі!
Барлығы бірге: Қош бол, бастауышым! Аман - есен бол, аяулы ұстаз!
«Бастауышым – балбұлағым» әні
Жүгізуші:
Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі осымен аяқталады. Сау –саламат болыңыздар.