Файл: Масаты диагностикалы. олдану крсетілімдері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін

бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыру
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, халатты, қайшыны, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  2. Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

  3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз).

  4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.

  5. Спирттелген мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

  6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

  7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.

  8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз).

  9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, тірекке бекітіңіз.

  10. Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.

  11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.

  12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.

  13. Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.



Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып

енгізуді орындау
Мақсаты:
көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішіндегі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың көк тамырлары.

Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қан ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (қатайған тін бөлігі).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын жүйені, мақта шариктерін, салфеткаларды, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке лейкопластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды, штативті, дәрілік ерітіндісі бар флаконды, лотокты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), қуықтын және ішекті босатуын ұсыныңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз.

  4. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  5. Салфетка немесе ішкі киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.

  6. Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.

  7. Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз. Қолға киген қолғапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз.

  8. Көк тамырды тесетін жерін 2 рет мақта шариктерімен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ аралығына алыңыз.

  9. Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен басыңыз.

  10. Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның бұрышын азайтыңыз.

  11. Инені көк тамыр боыймен итеріп, оның 1/3 ұзындығын көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.

  12. Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді.

  13. Сол қолмен бұрауды босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз.

  14. Ине тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  15. Жүйенің қысқышын ашыңыз.

  16. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ертінді түспеу керек. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

  17. Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.

  18. Енгізу жылдамдығы тұрақты болуын қадағалаңыз.

  19. Дәрілік ертіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз.

  20. Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 2-3 минутке басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут бүгіңіз.

  21. Жүйе мен инені, қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  22. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Ескерту:

  • қосымша дәрілік ертіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік спирттелген мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады;

  • флакондарды ауыстыру тамызғыштын босамағанша жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконнын тығынына алдымен жүйенің қысқа шетіндегі инені енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді;

  • енгізіліп жатқан бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ертіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ертіндінің жүрісі тоқталған жоқ па?

  • науқастың қал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жабу және инені шығару қажет.