Файл: Пн аза тілі за мерзімді жоспар блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №29

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сейткалиева М.С

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

«Заманауи көлік»








Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сөйлемді толықтыру және кесте толтыру



Сабақтың мақсаты

4 Оқушылардың барлығы: Тыңдалған материал бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді
Оқушылардың көпшілігі: Тыңдалым мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, сөйлемдерді толықтырады
Оқушылардың кейбірі: Тыңдалым мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлемдерді толықтырады, түйінді тұстарын анықтап кесте толтырады


Бағалау критерийлері

Тыңдалым мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады

Сөйлемдерді толықтырады, кесте толтыра алады

Тілдік мақсаттар


-рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары, заманауи, сапалы, ұшатын,

Құндылықтарды дарыту



Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынас, сыйластық, жұппен, топпен жұмыс жасағанда бір – біріне қолдау көрсету, тапсырмалар орындау кезінде уақытқа бағыну. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады.



АКТ қолдану дағдылары

Power point таныстырылымы, kahoot қосымшасы (оқушылардың қолдануы), plickers қосымшасы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Күндей жадырап,

Таңдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза, мөлдір көңілмен,

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз!

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

«Алдын-ала берілген атаулар»

Мұғалім сабақ басында тақырыпқа сай бейнеролик көрсетеді. Сол арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын табады



«Болжау» әдісі интер белсенді тақта


Сабақтың ортасы


Балалар, бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз «Заманауи мәшине». Біз бүгін тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беруді, кестені толықтыруды үйренеміз.

2070 – жыл Болашақтың мәшинесі

Бұл – ұшатын мәшине. Баратын жерімізге бес секундта жетеміз. Ол ыңғайлы, жылдам және заманауи. Бұл мәшинелер тоқпен қуатталады. Өте сапалы. Ең бастысы қауіпсіз.

Мынау қандай көлік?

Ұшақ па әлде мәшине ме?

Бұл мәшине немен қуатталады?

Мәшиненің сапасы қандай?

Бұл мәшине қауіпті ме?


Дескриптор

Балл

Тыңдалым мазмұнын

түсінеді

1

Сұрақтарға жауап береді.

1



Заттың түр – түсін білдіріп, «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді сын есім дейміз. Мысал: Әдемі, үлкен, жаңа, заманауи, сәнді, мықты, сапалы
Кітаппен жұмыс. ЖЖ

3-тапсырма Көп нүктенің орнына –ырақ, -ірек, -рақ, -рек қосымшаларының тиістісін қойып жазу

  1. Бұл мәшине ыңғайлы... .

  2. Бұрынғы заман көліктеріне қарағанда жылдам... .

  3. Дөңгелектері жақсы... .

  4. Озық технологияларды пайдаланып жасағандықтан қауіпсіз... .

  5. Мәшиненің дөңгелектері үлкен... .


Дескриптор:

Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойып жазады

Сергіту сәті

Заманауи және ескі мәшинелердің фотосуреттері мен көмекші сөздер берілген кесте екі командаға беріледі. Сөйлемдер құрастырып екі топ қорғайды

Сын есімдерді салыстыру сөйлемдерін құрайды

Ағамның мәшинесі менің мәшинемнен кішірек
Жеке жұмыс. Бекіту сұрақтарына жауап беру

1.

2. Жаңа сөзіне қандай жұрнақ жалғанады?

3. Сын есімді табыңыз

4. Жаңа сөзі қандай сұраққа жауап береді?

5. Үлкен сөзіне қандай жұрнақ жалғанады?

Қалыптастырушы бағалау: Мұғалімнің бағалауы Кім қанша балл алады сонша жұлдызша беремін.


Слайдтан ұшатын мәшинені көрсетіп аудио тыңдатамын.
Kahoot қосымшасы

Планшеттер



Мұғалімнің бағалауы

Қосымшада көрсетілген орындарды оқушыларға медаль ретінде беремін.


57-бет
ҚБ Интербелсенді тақтаға дұрыс жауаптарын шығарып қойған соң оқушылар жұп – жұппен тексереді. Жұлдызшалар арқылы бағалайды.

А2 қағазы


Пликерс қосымшасы

А4 парағы


Сабақтың соңы


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Мен үшін бүгінгі тақырып түсінікті болды,

- Менің әлі де түсінбеген жерлерім бар

- Мен көп нәрсені түсінбедім

Оқушылар өздерінің сабақта алған біліміне қарай тақтада тұрған жасыл, қызыл, сары түсті машиналарға смайликтер қыстыру арқылы көрсетеді