ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:
Бөлім: | Су – тіршілік көзі |
Педагогтің аты-жөні: | Копжасарова Г.Б. |
Күні: 04.04.2023 | Мектеп : №22 ЖОББМ |
Сыныбы:3 «б» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс? |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандардың рейтингісін жасау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін Білім алушылар Қазақстанның тарихи-мәдени, табиғи-туристік нысандары туралы білетін болады Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар Қазақстан аумағындағы танымал туристік нысандардың рейтингісін жасауды үйренеді |
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 8 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады. 3. Оқушыларды топтарға біріктіру. | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. | Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы (Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | 1. Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс? 2. Біздің елімізде қандай табиғи, тарихи, мәдени туристік нысандар бар? 3.Турист дегеніміз кімдер? | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу 30 мин. | Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді | Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. | Оқушыларды ынталандыру мақсатында «мадақтау» арқылы бағалау | 3-сынып оқулығы |
| Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 1-тапсырма: Саяхат бағытын таңда. Оқушылардың әңгімесін тыңдап, ой бөліс. 2-тапсырма: Суреттердің қайсысы тарихи-мәдени, қайсысы табиғи және тәуеп ету туристік нысандарына жатады? 3-тапсырма: Топтарға бөлініп, Қазақстан бойынша саяхатта 1. Интернет желісінің мүмкіндігін пайдаланып, Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Қазақстандағы туристік орындарға саяхаттаңдар. 2. Туристтік нысандар жайлы жарнамалық плакаттар дайындаңдар. | Дескриптор: 1.Саяхат бағытын таңдайды. Оқушылардың әңгімесін тыңдап, Өз ойымен бөліседі. 2.берілген тапсырманы дұрыс орындайды. 3.Топтарға бөлініп саяхаттайды. Туристтік нысандар жайлы жарнамалық плакаттар дайындайды. | ДК экраны 3-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Жеке жұмыс | Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді | 4-тапсырма: Өзіңе ұнаған кез келген туристік нысанды таңдап, ол жайлы жарнамалық кітапша дайында. Онда нысанның: – атауы, суреттері қамтылуы керек; – нысанның ұранын ойлап тап. | Дескриптор: 4.Тапсырма бойынша кітапша дайындайды | ДК экраны 3-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |