Файл: атынастар жне пропорциялар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Қатынастар және пропорциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Масштаб

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера

Оқу мақсаты

6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану

6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару

6.1.2.6 шаманы берілген қатынаста бөлу

6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану

6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады

  • Шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді шығарады

  • Шеңбер ұзындығының формуласын есеп шығаруда қолданады

  • Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты табады

Ойлау дағдыларыңың деңгейі

Қолдану

Жоғарғы деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

I-нұсқа

  1. 3,7 : 23 7,4 :46 берілген пропорциядағы сандарды пайдаланып, басқа неше пропорция құрастыруға болады және оларды жазыңыз. [2]




  1. 48 кг картоптан 9,6 кг крахмал алынады. 57 кг картоптан неше килограмм крахмал алынады? [3]




  1. Велосипед дөңгелегінің диаметрі 40 см болса, осы дөңгелек 20 рет айналғанда неше метр жол жүреді? Мұндағы π ≈ 3,14.



[3]


  1. Жер бетіндегі 230 км арақашықтық картада 4,6 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз.

[4]


II-нұсқа

  1. 4,7 : 9 7:14 берілген пропорциядағы сандарды пайдаланып, басқа неше пропорция құрастыруға болады және оларды жазыңыз. [2]




  1. Станокта сағатына 108 бөлшек даярланса, тапсырма 5 сағатта орындалады. Осы станокта сағатына 60 бөлшек даярласа, тапсырма неше сағатта орындалады? [3]




  1. Велосипед дөңгелегінің диаметрі 40 см болса, осы дөңгелек 35 рет айналғанда неше метр жол жүреді? Мұндағы π ≈ 3,14.



[3]


  1. Жер бетіндегі 280 км арақашықтық картада 3,5 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,76 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз. [4]



Бағалау критерилері

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады.

1

дұрыс екі пропорция құрастырады

1

дұрыс төрт пропорция құрастырады

1

Шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді шығарады.


2

шамалардың тәуелділігін ажыратады

1

шарты бойынша пропорция құрады

1

шартқа сәйкес есептің жауабын

табады

1

Шеңбер ұзындығының формуласын есеп шығаруда қолданады.


3

шеңбер ұзындығының формуласын

қолданады

1

дөңгелектің ұзындығын табады

1

арақашықты табады

1

Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты табады.


4

пропорция құрады

1

басқа өлшем бірлігіне ауысады

1

арақашықтықты табады

1

масштабты табады

1

Жалпы балл:

12