Файл: Асаба асабатар тымдасына жататын бір жне кп жылды шптесін сімдіктер. Асабаты отаны Солтстік жне Отстік Америка. Ол жерлерде Асаба б з. б. 3 мы жыл брын егіле бастаан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 55
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қалақай (лат. Urtica) — қалақайлар тұқымдасынан бір туысы.
Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды.
Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында ақуыз көп болады. Жемшөптік маңызды түрі — қосүйлі қалақай (Urtica dioica) сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарамауылықарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Бұл туысқа жататын өсімдіктер бір үйлі, кейде екі үйлі болады. Гүлшоғырлары сырғагүл, жай және күрделі масақ тәрізді, жартылай шатыр болып жапырақ қолтығынан немесе сабақтың ұшынан дамиды. Аталық гүлінде біркелкі 4 тостағанша жапырақша, 4 аталық (жай гүлсерікті) бар. Аналық гүлінде 4 тостағанша жапырақшаның екеуі сыртқы, екеуі ішкі шеңберде орналасқан. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Жемісі – бір-бірімен біріккен қос жаңғақша. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.
Қыша (Sinapis) [1]— орамжапырақ тұқымдасына жататын даражарнақты шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Қыша тұқымынан 35-47%-ке дейін май шығатын өсімдік. Кейбіреулерінің тұқымынан медицинада қолданылатын дәрі жасалады. Қышаның бірнеше түрі бар, олар:
Ақ қыша (Sinapis alba) — бұрынғы КСРО-ның Орта және Оңтүстік алқаптарының егінжайларында арамшөп ретінде өсетін бір жылдық өсімдік, маусым -шілде айларында гүлдейді; көк күйінде малға азық жасау үшін және тұқымынан май, ұн алу үшін егіледі.
Улы қыша (Sinapis arvensis немесе Brassica sinapistrum] — мұның сабағының ұзындығы 10-100 см, май айында гүлдеп, маусымда тұқымы піседі; егінжайдың, бау-бақшаның арасында өсетін арамшөп. Бұрынғы КСРО-ның барлық жерінде өседі; улы қышаның тұқымы мен жапырағының құрамында қыша майы, синигрин дейтін глюкозид бар; мирозиназа дейтін фермент синигринді бөлшектеп глюкоза, калий бисульфаты және аллилдік қыша майы деген заттарға айырады, бұлардың ең соңғысы теріге тисе күйдіріп жіберетін улы зат. Улы қышаны гүлдеместен бұрын қой, сиыр және шошқа жейді, ал гүлдегеннен соң және онан кейін жеген мал уланады; улы қышаның тұқымында 30%-ке дейін майы болады, мұны тамаққа, сабын жасауға пайдаланады;
Көгілдір қыша (Brassica juncea) — балауыз жұғынының салдарынан сабағы көгілдір болып өсетін шөптесін өсімдік, тұқымы қара көк, қуаңшылық пен аязға төзімді; вегетациялық дәуірі 75—140 күн. Көгілдір қыша көбінесе Төменгі Поволжьеде, ішінара Ставрополь өлкесінде, Орта Поволжьеде, Қазақстанда егіледі. Бұрынғы КСРО-да егілетін майлы өсімдіктердің ішінде жер көлемі жағынан бұл үшінші орын алады. Тұқымының құрамында 35-47% майы бар, мұны тамаққа және техникада қолданады, мұнымен қатар онда синигрин дейтін глюкозид және мирозиназа дейтін фермент бар. Көгілдір қышаның медицинада мәні үлкен.
Лапыз — Лапыздар (лат. Colchicaceae) тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Пиязға ұқсас баданалы эфемерлі (вегетац. мерзімі қысқа болады).
Қазақстанда өсетін 2 түрі: сары лапыз (C. luteum) және Кессельринг лапызы (C. kesselringii) бар. Биіктігі 10 — 20 см. Сабағы қысқа, жапырағы қандауыр пішіндес, жұмыр, төселмелі. Тамыз — қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі — қорапша. Лапыз улы өсімдік. Құрамында колхицин алкалоиды бар. Медицинада Лапыздан жүрек әлсіздігінен болатын ентігуді басатын, шемен, көкжөтел, ревматизм, т.б. ауыруларды емдейтін дәрі алынады. Уланған малға танин ерітілген су ішкізеді, терісінің астына апиын не морфин егеді.
Күздік лапыздың қабыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды. Күздік лапыз күзде қарақошқыл күлгін түсті гүл жарады. Гүлі ұзын түтікшенің жоғары ұшында 6 бөлікке бөлінеді. Гүлсерік түбінде 6 аталық болады.
Гүлдің жатыны топырақ астында тереңірек орналасады. Жатыннан 3 ұзын аналық мойны өсіп шығады. Жатынның аналық аузы тозаңдыққа дейін жетелі. Өсімдік тозаңданғаннан кейін жемістері дереу пісіп жетіледі. Алайда лапыз келесі көктемге дейін топырақ астында жатады. Көктемде қандауыртаспалы, жиегі тегіс жапырақтар дамиды. Жапырақтардың ұзындығы 20 сантиметрге дейін жетелі. Жапырақтар одан әрі ұзарған кезде үш қырлы қауашақ түріндегі жемісі жер бетіне көтеріледі. Пісіп-жетілген жемісінде өте көп қошқыл-қоңыр тұқымдар болады. Жапырақтары қаулап өскен кезде ескі пиязшық кішірейіп, жойылып кетеді. Сөйтіп жаңа пиязшық пайда болады да жаңа өсімдік өсіп шығады.
Қазақстанда лапыздың сары лапыз, Кессельринг лапызы деген екі түрі өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Лапыз тұқымының құрамынан жасушалардың бөлінуіне әсер ететін зат табылды. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор. Лапызды кейбір өсімдіктердің (қияр, қызанақ) түсімін арттыру үшін қолдануға болады.
Меруертгүл, мамыр қынжыгүлі, мамыр інжугүлі, май інжугүлі (лат. Convallaria majalis) – қасқыржемдер тұқымдасының інжугүл туысына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 см, тамыры ұзындығы Жемісі – қызыл жидек (кейде сары). Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.[1]
Өсімдік туралы
Меруертгүлдің елімізде табиғи өсетін түрі бар. Ол лалагүлдер тұқымдасына жатады. Көгалдандыруда мамырлық меруертүлдің (Convallaria majalis) деген түрі қолданылады. Ол сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Гүлдерінің түсі сұрпына қарай ақ немесе қызғылт түсті. Жапырағы жалпақ, ширатылып келеді. Гүлсидамы жапырақтарының ортасынан шығады. Бір гүлсидамында 6-20 дана кішкене қоңырау секілді гүлдері болады. Меруертгүл өте нәзік өсімдік. Оны көгалдандыруда көбінесе топтап егеді. Меруертгүлді тал, теректердің астына, альпі шоқысына немесе көктемгі гүлзардың жиегіне егеді. Гүлдеп болған соң қып-қызыл моншақ тәрізді жеміс салады. Меруертгүлдің барлық бөлігі тұтастай улы болып келеді, соған қарамастан табиғаттағы меруертгүл ерекше қорғауға алынған. Себебі оның көктемгі әдемі гүлімен қатар, жидегі дәрілік мақсатта қолданылады.
Күтімі
Көп күтімді қажет етпейді. Құнарлы, жеңіл топырақта тез көбейіп, жақсы өседі. Көлеңкеде өскен меруертгүлдің гүлі сабақ басында ұзақ сақталады.
Көбейтілуі
Меруертгүлді тұқымын себу, қалемшелеу арқылы да көбейтеді. Ең оңай тәсілі ерте көктемде немесе күзде тамыр сабағын бөлу арқылы көбейту.
Өгейшөп (лат. Tussilago) – астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өзен жағалауында, жыра ішінде, тау баурайында, саз топырақты жерде өсетін 1 түрі – кәдімгі өгейшөп (Tussіlago farfara) бар. Оның биіктігі 20 – 100 см. Сабағы өрлеп өседі. Жапырақтары ірі, қабыршақ тәрізді, қоңыр-күрең түсті, сабаққа кезектесіп орналасады. Сарғылт түсті гүлі қос жынысты, жеке-жеке сабақтың ұшында жетіледі, жапырағынан бұрын пайда болады. Гүлшоғы – себет. Наурыз – сәуірде гүлдеп, мамыр – маусым айларында жеміс салады. Жемісі – дәнек. Өгейшөптің жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады. Халық медицинасында өгейшөпті Гиппократ пен Авиценна заманынан бері қолданып келеді. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Гүлінен ара бал жинайды.
Рауғаш (лат. Rheum) – тарандар тұқымдастарға тиесілі өсімдіктердің тегі болып табылады. Ол Орта Азия, Болгария және Оңтүстік Сібір аумағынан шығады. Рауғаш көкөніс ретінде өсіріледі. Бұл көкөністің пайда болуы қызықты болып табылады. Онда рауғаш 3000 жыл бойы белгілі қытай асханасынан ол - Волга жағалауына, ал одан Ежелгі Грекияға және Ежелгі Римге қоныс аударды. Грек тілінде рауғаш «рабарбарос» деп аталады, аударғанда «Волга жағалауынан әкелінген жат көкөніс» дегенді білдіреді.
Рауғаштың құрамында магний, калий, кальций, темір, фосфор, натрий, B тобының дәрумендері, C дәрумені және каротин бар.
Пайдасы
Рауғаштың еліктіруі Рауғаш алғашқы көктемгі жемістердің бірі болып табылады. Әсіресе ол бізді өзінің жаңа піскендігімен қызықтырады. Рауғаш тамаққа оның жасыл немесе қызыл түсті сабақтарын қолдану үшін өсіріледі. Оның өзгеше қышқыл және шөл басатын дәмі бар және одан шырын, компот, ұннан пісірілген өнімдерге салынды әзірлеу үшін тамаша болып табылады.
C дәрумені
Рауғаш темір мен С дәруменінің молшылығымен белгілі. Ол ас қорытылуына мүмкіндік туғызады, гастритті емдейді, тәбетті жақсартады. Әсіресе ішекті тазартып, оның жиырылуын жақсартады. Рауғаш асқазан сөлінің және өт бөлінуіне себепші болады, бұл зат алмасуын жеделдетеді. Рауғаш тіпті семірумен күресте пайдаланылады. Бірақ оның құрамында қымыздық қышқылы бар, осыдан нашар еритін кальций оксалаты түзіледі, ол бүйрек тасы түрінде шөгуі мүмкін. Сондықтан оны тым жиі және көп мөлшерде қолданудың керегі жоқ. Артриттен, бүйрек тасы ауруынан және асқазан-ішек жолы ауруынан азап шегуші тұлғалар емдәмінде рауғаштан аулақ болуы тиіс.
Скумпия (лат. Cotinus) — жабайы және қолдан өсірілетін өсімдік. Қазақстанда өседі. Қабыну процестері кезінде ауызды, мұрынды және жұтқыншақты шаю үшін пайдаланатын дәрі танинді дайындау үшін, жапырағы шикізат ретінде алынады, майы күйікке, жараға т. б. жақсы әсер етеді; таниннің ерітіндісі ауыр металдардың тұздарымен уланғанда асқазанды жууға қолданылады.
Таңқурай (лат. Rubus idaeus)- раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Биіктігі 1—3 м, сабағы тікенді, жапырағы қалың, атпа тамырлы, көп жылдық шала бұта. Жемісі сүйекті, түсі қызыл, сары. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Жемісін жеуге және тосап, шырынсу, шырын, шарап, т.б. дайындауға пайдаланады.
Өсімдік туралы
Таңқурай – раушангүлдер тұқымдасына жататын, жартылай бұталы көпжылдық өсімдік. Таңқурайдың бұталары алғашында шөптесін болып, кейіннен бұтаққа айналады. Жапырағы күрделі пішінді, жиегі аратісті, үстіңгі беті қою жасыл, ішкі жағы ақ түсті. Гүлдері ақ немесе ашық қызғылт болады. Гүлі 5 күлтелі, аздаған гүлшоқтар болып жеке-жеке өседі. Гүлдеуі маусымнан күзге дейін жалғасады. Сондықтан пісу мерзіміне қарай, өнімін жинау бірнеше айға созылады. Жидегі өте нәзік, күлгін- қызғылт түсті. Дәмі тәтті, аздаған қышқылдығы бар. Таңқурай ұсақ сүйекшелерден құралған бірнеше дәндердің бірігуінен тұрады. Жабайы түрінде бұл дәндер бір-бірінен оңай ажыратылып алынады. Ал, екпе түрлерінде сүйекшелері бірігіп кеткен тәрізді болып көрінеді. Жалпы пісу кезеңі шілде, тамыз айлары. Нәзік хош иісті. Табиғатта таңқурай
аралас ормандарда, қылқанжапырақты ағаштар арасында жақсы өседі. Өзен аңғарларында, бұталардың арасында, көлеңкелі, ылғалды жерлерде кездеседі.
Қолданылуы
Таңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, илік заттар,С, А, В топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.
Шайқурай (лат. Hypericum) – шайқурай тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер. Дүние жүзінде қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда өсетін 300 — 400-дей түрі кездеседі. Қазақстанда шабындықта, қыратты жерлерде, өзен-көл жағалауларында, қиыршық тасты тау баурайында және орман шетінде өсетін 7 түрі бар. Көбінесе сарыбас Шайқурай (Н. perforatum) мен бұдырлы Шайқурай (Н. scabrum) жиі кездеседі. Бұлардың биіктігі 30 — 70 (кейде 100 — 120) см. Сабағы түзу, жапырақтары майда, онда нүкте тәрізді көптеген тесіктері болады, олар шоқталып немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері майда, қос жынысты, сары түсті, жеке-жеке не шатыршаға ұқсап топтанған. Жәндіктер арқылы тозаңданады. Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі — көп дәнді қорапшауыл шаруашылығы — дәрілік өсімдік, оның құрамында илік заттар, эфир майы, церилді спирт, каротин, С витамині, никотин қышқылы және гиперицин бояғыш заты бар. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Шайқурайды тыныс органдары ауруларына, бауырға тас байланғанда, іш өткенде, қуықтың қызметі бұзылғанда, әйелдердің жыныс аурулары кезінде, кейбір қа-быну процестерінде, іріңді ісіктерге, жараға, шиқанға қарсы пайдаланады. Халық медицинасында Шайқурайды қан тоқтату, қарын ауруларын, қан аралас іш өтуді емдеу үшін қолданады. Соңғы кезде ғалымдар Шайқурайдан алынған препараттардың кейбір аурулардың вирустарына (мысалы, тұмау, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы) қарсы жақсы әсер ететінін анықтады. Шайқурайдан шай қайнатып ішеді, ол жүйкені тыныштандырады және кейбір түрлерін бальзам алуға пайдаланады.