Файл: Асаба асабатар тымдасына жататын бір жне кп жылды шптесін сімдіктер. Асабаты отаны Солтстік жне Отстік Америка. Ол жерлерде Асаба б з. б. 3 мы жыл брын егіле бастаан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 56

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сәлбен , шалфей (лат. Salvia) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар тегі. Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Олардың биіктігі 20 – 100 см. Гүлдерінің түсі жабайы өсетін түрлерінде қою сиякөк, ал гүлзарлардағы түрлерінде ашық қызыл. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Сәлбен – хош иісті, дәрілік өсімдік. Одан алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

Өсімдік туралы

Сәлбен - тауқалақай туысына жатады. Тұқымдасында 700-ге жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық жылы аймақтарында таралған. Біржылдық, көпжылдық және жартылай бұталы түрлері бар. Тропикалық аймақтарда ол көпжылдық өсімдік болғанымен, біздің климаттық жағдайда тек біржылдық гүлдер. Биіктігі 20-50 см аралығында. Молынан гүлдейтін кезі шілде айынан бастап алғашқы суық түскенге дейінгі аралық. Түріне қарай гүлінің түсі ақ, күлгін, күрең, қызыл, қызғылтым болады.

Қолданылуы

Қызыл түсті түрі ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Қала көгалдандыруда да қызыл түсі үлкен қолданыста. Гүлзарларға және түбектерге де егеді. Жеке аулаларға бойы 25-30 см-лік түрлерін өсірген дұрыс. Биік түрлерін жиі және молынан отырғызбаса, гүлі сирек болып көрінеді. Түсіне, биіктігіне қарай жеке-жеке топтастырып отырғызған дұрыс. Сәлбеннің 5-6 түсті түрінен ғана жеке гүлзар жасауға болады. Түбектерге аласа түрлерін отырғызады. Әр көшеттің арақашықтығы 18-20 см-ден кем болмауы керек.

Күтімі

Ашық күнде және алакөлеңкеде де өсе береді. Алакөлеңкеде егілген гүлінің түсі қанық, гүлдеуі ұзағырақ болады. Топырағы жеңіл, орташа құнарлы, ылғалды болғанын қалайды. Жаз айында түбін бірнеше дүркін қопсытып, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айында жинайды.

Көбейтілуі

Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 7-10 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінге бір-екі жапырақ шыққанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің аяғында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап 60 күннен кейін гүлдей бастайды. Сонымен қатар қалемшелеп те көбейтуге болады. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан егетін болсаңыз, жаздың ортасында гүлдейді.


Шәңкіш (→ Шәңгіш) (лат. Viburnum) – байсаттар тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш.

Сипаты

Биіктігі 1,5 — 4 метрге жетеді. Сабағының қабығы ақшыл сұр түсті, тілініп кеткен, онда тықыр жас бұтақтары орналасады. Жапырақтары жалпақ, сопақша, кейде дөңгеленіп келген. Гүлдері қос жынысты, шет жағындағы гүлдері тұқымсыз болады, шатырша-қалқанша гүлшоғырын құрайды. Аталығының саны — бесеу, жатыны бір ұялы. Тостағанша жапырақшалары 3 не 5 тісті, күлтелері қоңырау тәрізді, ақ немесе қызыл түсті. Жәндіктермен тозаңданады. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады. * Жемісі — қызыл түсті сүйекше.

Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда, негізінен Еуразия мен Солтүстік Америкада өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы жалпақ жапырақты және аралас ормандарында, бұлақ, өзен-көл жағалауларда, сайлы, батпақты жерлер мен тау беткейлерінде 1 түрі — кәдімгі шәңкіш кездеседі.

Күтімі

Ерекше күтімді қажет етпейді, бақтың кез келген топырағында өсе береді. Өсімдіктің барлық түрінің артық бұталарын гүлдеп болған соң кесіп тұру керек. Гүлінің орнына күзге таман қып-қызыл жемістері пайда болады.

Көбейтілуі

Тұқымы арқылы көбейтуге болады. Бірақ оңай, әрі тиімді жолы қалемше және түбінен өсіп шыққан жас көшеттерін бөлу арқылы көбейту[2]

Емдік қасиеті

Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Құрамында - вибурнин глюкозиді, валериан, илік заттар, шайыр және органикалық қышқылдар, ал жемісінде қант, илік заттар бар. Олар халық медицинасында кеңінен қолданылады:

Қабығынан алынған тұнба қан тоқтады, қан тамырларын тарылтады, жүйкені тыныштандырады. Жемісі жүрекке әсер етеді, несеп айдайды, өт жүргізеді, қабынудан қорғайды және жараларды жазады.

Қысқы қатты аязда түсіп қалған жемісі жеуге жарамды болады. Сонымен қатар тер шығаратын, құстыратын, іш жүргізетін дәрі есебінде және асқазан қышқылы кемігенде емдеуге болады. Жемістерін балмен қосып қайнатып, жоғары тыныс жолдары мен өкпе қабынғанда, деміккенде, іш өткенде, бауыр ауырғанда, дене сарғайғанда, дауыс қарлыққанда пайдаланады.

Гүлдеп тұрған бұтақтарының қайнатындысын қақырық түсіру үшін қолданады.

Шытыр немесе Ащы (зәрлі) сарғалдақ (лат. Ranunculus аcris) — сарғалдақтар тұқымдасына жататын сарғалдақ тегінің, көп жылдық, шөп тектес өсімдік[1].

Сипаты



Биіктігі 70 см-ге дейін жетеді.

Сабақтары қысқа және тығыз түк басқан сайлары бар.

Тамырлары түзу және қысқа көптеген ұсақ қосымша тамырлары бар.

Жапырақтарының сағақтары ұзын, бес бөлік жапырақшалардан тұрады. Жапырақшалардың әрқайсысы бірнеше бөлшектерге бөлініп тілімделген. Олардың сағақтары өсімдіктің сабағын жарым жартылай қоршай орналасқан.

Гүлдері алтындай сары. Гүл сабақтарының да ұзына бойына созылған сайлары бар. Гүл тостағаншасының 5 түкті қалақшалары бар.

Жемісі шар тәрізді көптеген жаңғақшалардан тұрады. Мамыр айынан бастап бүкіл жаз бойы гүлдейді. Өсімідік бірінші рет 6 жылдығында гүлдейді.

Шытыр арамшөп тәрізді бақшаларда, егістік жерлерде, шабындықтарда және батпақты жерлердің шеттерінде, өзендер мен көлдердің жағаларында да көп кездеседі.

Оның құрамында ұшпалы зат – протоанемонин(анемонол) бар, иісі өткір, дәмі тіл қуырарлықтай ащы болады. Протоанемониннің көздің, мұрынның, кеңірдектің кілегей қабығын түршіктіретін қасиеті бар. Шытырдың құрамында протоанемониннен басқа аскорбин қышқылы, каротин, илік заттар, алкалоидтар, жүрек глюкозидтері және флавонды қосылыстар бар.

Қолданылуы

Дәрі мақсатында зәрлі сарғалдақтың шөбін пайдаланады. Оны бас ауруды, ревматизмді, подаграны,жараны, күйікті, шиұанды емдеу үшін, сондай-ақ тонус көтеретін дәрі ретінде де пайдаланады. Өсімдік құрамындағы ротоанемонин - улы зат. Оның аз мөлшерінің өзі орталық нерв жүйесін қуаттандырғыш әсер етеді. Қандағы эритроциттер мен гемоглобиндерді көбейтуге көмектеседі. Микробтарға қарсы және фунгустикалық әсері бар. Зәрлі сарғалдақты усарғалдақпен қосып (тері туберкулезін емдеу үшін) дәрімай ретінде пайдаланады. Е.Залесованың деректері бойынша сарғалдақты жарыққа және бел ауруын емдеу үшін қолданады. Өсімдіктің гүлімен кейде безгекті де емдейді.

Сақтық шарасы

Шытыр жалпы улы өсімдіктердің қатарына жатады, сондықтан онымен емдеуді тек қана дәрігердің байқауымен жүргізген дұрыс. Шытыр шөбі денеге тисе дереу қызартып, қышытады. Кейде оның тиген жері ісініп күлдірейді, іріңдеп кетуі де мүмкін. Ішке кетсе асқазан жолдарын тітіркендіреді, уландырады. Кісінің басы айналады, дене қуаты азайып, әлсірейді, қан тамырының соғуы жиілейді, кейде адам талып та қалады. Жайылымдарда осы өсімдікті жеген малдардың уланатын жағдайлары да жиі кездеседі.

Мал дәрігерлігінде қолданылуы

Шытырдың көктемде малдың қай түрі болса да жей береді, бірақ қой мен ірі қара малы оны көбірек жеп қойса – уланады. Әсресе шытыр аралас өсетін жайылымға қойды ашқарынға жайған кезде мал жаппай уланып, іші кебеді, аузынан сілікей ағып, жүріп – тұрудан қалады. Уланған қой аяқтарын серпіп, тынысы тарылады. Сөйтіп ауа жетпей өледі. Уланған малды аман алып қалу үшін арнайы трокармен немесе іші қуыс кездікпен қарнын теседі. Осы тесіктен марганцовканың әлсіз ертіндісі құйылады.


Жалпы шытырдан малды сақтау үшін оны ертеңгісін және кешкісін шытыры бар жайылымға жаймау керек.

Дайындалған пішеннің құрамындағы шытыр шөбінен мал уланбайды.