Файл: Шешім абылдау платформалары. Шешім абылдауды олдау жйелері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 45
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шешім қабылдау платформалары.
Шешім қабылдауды қолдау жүйелері.
Ақпарат жүйелері (ағылш. Information systems; қысқаша: IS) - деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды.
Компоненттері;
Ақпараттық жүйелер компьютерлерден, сақтаулы ақпараттар, адамдар мен процедуралардан тұрады.
Ақпараттық жүйелер бес бөліктен құралады:
Management Information System (MIS) - Менеджмент Ақпараттық Жүйесі
Decision Support System (DSS) - Шешім Қабылдау Жүйесі
Executive Information System (EIS) - Атқарушы Ақпараттық Жүйесі
Transaction Processing System (TPS) - Транзакция Процесстеу Жүйесі
Negotiation Support System (NSS) - Талқылау Ақпараттық Жүйесі
Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесі (ШҚҚЖ) күнделікті басқару қызметінің міндеттерін шешуге барынша бейімделген жүйелерді білдіреді. ШҚҚЖ арқылы кейбір құрылымсыз және әлсіз құрылымдалған міндеттерді шешуге, соның ішінде көп өлшемді міндеттерді шешуге болады. Шешімдерді қабылдауды замануи қолдау жүйесі бизнес үдерістерін басқару міндеттерін тиімді шешу үшін, ақпараттық жүйелер мен дерекқорды басқару жүйелерін қосу нәтижесінде туындады. ШҚҚЖ құру бойынша алғашқы әзірлемелердің пайда болған мезеттен бастап оларға нақты анықтама берілген жоқ. Және қазіргі уақытта ШҚҚЖ жалпыға ортақ қабылданған анықтамасы жоқ, себебі ШҚҚЖ құрылымы, міндет түрлеріне, деректердің қол жетімдлігіне, ақпараттар мен білімдерге, сонымен бірге жүйе қолданушыларына біршама байланысты.
ШҚҚЖ менеджерлердің шешімдерін жасап шығаруды ауыстырмайтындығын, керісінше қолдайтындығын атап көрсеткен жөн.
Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесінің негізгі сипаттамалары келесідей:
дамуын болжау қиын болатын мәселелерді шешу мүмкіндігі;
- үлгілеу және талдаудың аспаптық құралдарының болуы;
- шешілетін міндеттер мен кіріс деректерін жеңіл өзгерту мүмкіндігі;
- оралымдылық және жағдайлардың өзгеруіне бейімделушілік;
- қолданушыларға барынша бағытталған технологияларды қолдану.
Шешім қабылдауды ақпараттық қолдау технологиясы әртүрлі басқару деңгейлерінде қолданылады.
Кез келген шешім қабылдау үдерісіне мыналар кіреді:
- мәселені және шешім қабылдау өлшемдерін анықтау;
- шешім қабылдау әдістемесін таңдау;
- балама шешімдерді анықтау және талдау;
- шешімдерді таңдау;
- талдау нәтижелері туралы ақпарат беру.
Шешім қабылдауды қолдау жүйесі, нәтижесін алдын ала болжау қиын ішінара құрылымдалған міндеттерге қызмет көрсетеді.
Үлгілер базасы үлгілік блоктар мен оларды құру үшін қолданылатын элекменттер ретіндегі рәсімдер түрінде стратегиялық, тактикалық, жедел және математикалық үлгілерден тұрады.Стратегиялық үлгілер (белгілі фирмалардың бірі үшін қолдану үшін арналған детерминисттік, сипаттамалық, және мамандандырылған) ұйымның мақсаттарын белгілеу, оларға қол жеткізу үшін қажетті ресурустар көлемі, сонымен бірге осы ресрустарды сатып алу және қолдану саясаты үшін жоғары басқару деңгейлерінде қолданылады. Олар кәсіпорынды орналастыру нұсқаларын таңдау, бәсекелестердің саясатын болжауда және т.б. пайдалы болуы мүмкін. Стратегиялық үлгі үшін біршама ауқымдылықты қамту, көптеген айнымалы, деректерді қысылған біріктірме пішінде ұсыну тән. Көбінесе, бұл деректер сыртқы көздерге негізделеді және субъекті сипатта болуы мүмкін.
Стратегиялық үлгілердегі жоспарлау көкжиегі, әдетте жылдармен өлшенеді.Тактикалық үлгілер (әртүрлі ұйымдарда қолданылуы мүмкін детерминисттік, оңтайландырмалық және әмбебап) қолда бар ресурстарды тарату және қолданылуын бақылауды үшін орташа деңгейдегі басқарушылармен қолданылады. Ықтимал салалар арасында қаржылық жоспарлауды, қызметкерлерге қатысты талаптарды жоспарлауды, сатуды ұлғайтуды жоспарлауды, кәсіпорынның компоновка сызбасын құруды көрсетуге болады. Бұл үлгілер әдетте фирманың жекелеген бөліктеріне (мысалы, өндіріс және өткізу жүйесіне қатысты) қолдануға ыңғайлы және сонымен бірге біріктірме көрсеткіштер кіруі мүмкін. Тактикалық үлгілерменбір айдан екі жылға дейін қамтылатын уақытша көкжиек. Бұл жерде, сонымен бірге сыртқы көздерден деректер талап етілуі мүмкін, бірақ аталған үлгілерді жүзеге асыру кезінде фирманың ішкі деркетеріне негізгі назар аударылуы мүмкін.
Жедел үлгілер (детерминисттік, оңтайландырмалы және әмбебап) күндермен және апталармен өлшенетін көкжиегі бар жедел шешімдерді қабылдау үшін төменгі басқару деңгейлерінде қолданылады. Осы үлгілердің ықтимал қолданылуына дебиторлық шоттар мен несие есептеулері, күнтізбелік өндірістік жоспарлау, қорларды басқару және т.б. жатады. Ақпараттық жүйелерде үлгілерді қолдану статистикалық әдістерді және әдеттегі алгоритмдік тілдер командаралымен жүзеге асырылатын қаржылық талдау әдістерімен қолдану арқылы басталды. Кейін «не болады, егер?» немесе «ол үшін қалай істеу керек» секілді жағдайларды үлгілеуге мүмкіндік беретін арнайы тілдер құрылды. Үлгілерді құру үшін арнайы жасалған бұл тілдер, айнымалының икемді өзгеруі кезінде шешім табуды қамтамасыз ететін белгілі типтегі үлгілерді құруға мүмкіндік береді.
Көптеген үлгілер мен оларды сыныптау тәсілдері бар, мысалы, қолдану мақсатына, ықтимал қосымша саласы, айнымалыны бағалау тәсілдеріне қарай және т.б.
Қолдану мақсатына қарай:
- кейбір көрсеткіштердің минимумы мен максимумын табумен байланысты оңтайландырылған үлгілер (мысалы, басқарушылар, көбінесе олардың қандай әрекеттері барынша көп пайда әкелуге немесе шығын дарды азайтуға әкелетіндігін білгісі келеді);
- кейбір жүйелердің тәртібін сипаттайтын және басқару мақсаттарына арналған сипаттау әдістері (оңтайландыру).
Бағалау тәсіліне қарай:
- бастапқы деректердің нақты мәндерінде бір санмен айнымалы бағасын қолданатын детерминисттік әдістер;
- айнымалыны бірнее парметрлермен бағалайтын стохастикалық үлгілер, себебі бастапқы деректер ықтимал сипаттармалармен берілген.
ШҚҚЖ міндеттеріне мақсаттар мен шектеулерді құрудағы қиындықтар тән. ШҚТ иелігінде бар ақпараттар, көбінесе толық емес, анық емес әрі қарама-қайшы болады, сондықтан да жоспарлау міндеттерін әртүрлі статистикалық талдау әдістері, сараптау жүйелері, математикалық және еліктемелік үлгілеу арқылы шешіледі. Бәлкім тағы да деректерді зияткерлік талдау әдістерін қолдану (жасанды нейрон желіліері, нақты емес логика әдістері, деркетерде логикалық ережелерді іздеу жүйесі және т.б.)
ШҚҚЖ, әдетте диалогтік адами-машиналық жүйелер түрінде жүзеге асырылаы. Олар үшін, өз мақсаттары және шектеулерімен міндеттерді шешу барысында өзгеретін ШҚТ жоғары белсенділігі тән. ШҚҚЖ құру кезінде Web- технологияларды қолдануға болады.
Қазіргі таңда бизнес талдау ақпараттық жүйелері немесе бизнес аналитика жүйелерінің қолданыс шеңбері артып келе жатыр. Бұл жүйелер «бизнес» деп нақты қолданылу саласын ашып көрсеткенімен, олар тек бизнесте ғана қолданылмайды.
Кез келген мекемені, компанияны басқару ақпарат ағымымен жұмысты көздейді. Ақпарат корпоративті АЖ-ң «негізгі тауары» болып табылады, ол мекемені басқару, бизнесті ұйымдастыру, кадр мәселесі және т.б. мәліметтердің мекеменің ішкі және сыртқы құжатайналымында үнемі қозғалыста болатын, өзекті және дәл уақытында таратылуы тиіс атрибуты. Бұл ақпараттар реттелмеген (әдетте сыртқы дереккөздерден алынған кезде), айқын емес, талдауды, жүйелеуді қажет ететін дайын емес күйде болуы мүмкін. Олар өңделе келе АЖ-ң ішкі реттелген, жүйеленген ақпаратына айналады. Яғни корпоративтік АЖ-ң деректер базаларын толықтырып, енгізілген қажетті мәліметтерге айналады. Бизнес-аналитика жүйелері (Business Intelligence) әртүрлі сыртқы дереккөздерден алынған нақты фактілік деректерді біріктіреді және оларды бизнесте тиімді шешім қабылдауға қажетті пайдалы мағлұматтарға, мәліметтерге айналдырады.
Қазіргі таңда BI-жүйелері жеке программалық өнім емес басқа да қызметтер атқаратын платформалармен біріктірілген түрде пайда болуда, мысалы Microsoft, Oracle, IBM, PROGNOZ платформаларымен үйлестірілген. Яғни, қазіргі таңда BI-жүйелерін көптеген мәселелерді шешуге арналған кешенді АЖ деп айтуға болады. BI-жүйелерінің алғашқы версиялары ретінде шешім қабылдауды қолдау жүйелерін, басқару жүйелерін, сараптау жүйелерін айтуға болады. Олар пайда болған бастапқы кезеңдерде түрлі жүйелер (шешім қабылдауды қолдау жүйелері, басқару жүйелері, сараптау жүйелері) болса, қазір біріктірілген интеграцияланған кешен, көп мүмкіндікті АЖ болып табылады.
BI-жүйелері үлкен көлемді мәліметтерден басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін интуицияға ғана емес, сонымен қатар фактілерге негізделген білімдерді (мағлұматтарды) алуға мүмкіндік береді. BI-жүйелері келесі мәселелерді шешу мақсатында қолданыла алады:
- Нақты уақыт режимінде жоспарлардың орындалғанын бағалау;
- Сатылымдарды жоспарлау;
- Бюджетті жоспарлау, қаржы қозғалысын талдау;
- Бәсекелестікті талдау, маркетингтік зерттеулер мен талдау,
- Өндірістік жоспарлау, тауар жеткізілімдері мен қойма қорын оперативті басқару;
- Ішкі және сыртқы үлкен ақпарат көлемін талдау негізінде мекеменің, ұйымның қызмет көрсету бағытының табысты немесе шығынды болуын айқындау;
- Ағымдағы бизнес жағдайының тұрақты мониторингі негізінде стратегиялық және тактикалық шешімдерді оперативті қабылдау;
- Мекеме қызметінде орын алуы(болуы) мүмкін мәселелерді дер кезінде айқындау;
- Ресурстардың тиімді қолданылуын бағалау;
- Мекеме қызметкерлерінің қызметіне талдау жасау;
- Әртүрлі салалардағы сатылымдарды талдау, сатылым динамикасы мониторингі;
- Мерзімдік, маусымдық, факторлік талдаулар;
- Нарық сегменттеріндегі қозғалысты, өзгерістерді, бәсекелестікті талдау;
- Тауар/қызмет сұранысы мен тапсырысы, ұсынысының маркетингтік талдамы;
- Қызмет көрсетудегі тиімді құралдарды айқындау, талдау.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, BI-жүйелері сыртқы дереккөздерден алынған өңделмеген ақпаратты ыңғайлы, түсінікті, жүйеленген ақпарат ағымына айналдырады. Бұл процестің сырт көзге ешқандай қиындығы жоқ сияқты: жүйеге сыртқы дереккөздерден мәлімет жинақталды да, ішкі ақпарат сақтау қорына жіберіледі, олар онда өңделеді, реттеледі, содан соң дайын есептер түрінде беріп отырады. Шындығында, бұл ақпараттық процесте әртүрлі жүйелер қолданылады, мысалы Oracle Cloud, Google BigQuery, Microsoft Azure немесе басқа веб-қосылымдар, файлдар (Excel, XML, PDF немесе басқа файлдар), реляциялық дерекетер базалары (SQL Server, MySQL, Oracle), графиктік құралдар және басқа да программалық жабдықтар. Талдау процесіне қажетті ақпараттар интерактивті режимде көрнекі бейнеленеді, график, диаграммалар талдау барысында мәліметтердің өзгерісіне орай олар да синхронды өзгеріке ұшырайды, олар ұлғайтылады, реттеледі. Ақпаратты бейнелеуде әртүрлі форматтар: есептер (отчет), кестеле, формалар, график, диаграммалар қолданылады. Яғни BI-жүйесінің қарапайым қолданысының өзі ақпарат өңдеудің күрделі процесін сипаттайды. BI-жүйелері құрамына келесілер кіреді:
- Мәліметтерді интеграциялау және тазалау құралдары(Инструменты интеграции и очистки данных (ETL)). ETL ақпаратты сыртқы көздерден алады оларды трансформациялайды, артық, қажетсіз мәліметтерден тазалайды және бірегей дерекқорға жүктейді.
- Деректепрдің аналитикалық дерекқоры. Бұл деректерді, мәліметтерді жүйелейтін және талдайтын ақпараттық база.
- Data Mining құралы. Бұл құралдар мәліметтерді әртүрлі тұрғыдан талдап, өңдейді. Бұл деректердің тәуелділіктері мен трендін анықтайды. Ақпарат өңдеудің көптеген әдістерін қолданады, мысалы статистикалық, болжамдық, семантикалық талдаудар.
- Мәліметтерді визуалдау құралдары. Бұл пайдаланушылар жұмыс жасайтын есептер. Пайдаланушылар бұл есептерді әзірлеу барысында мәліметтерді сұрыптау, реттеу, фильтрлеу әрекеттерін орындай алады.
Шешім қабылдауды қолдау жүйесі (DSS) – менеджердің немесе жетекшінің шешім қабылдауына көмек негізінде өңделген интерактивті компьютерлік жүйе. DSS шешім қабылдаушының мәселелерді, әсіресе нашар формалданған мәселелерді шешуіне көмектесетін мәліметтер мен модельдерді қамтиды.
Шешім қабылдауды қолдайтын жүйе 3 біріншілік компоненттерді талап етеді: басқару модельдері, мәліметтерді жинау және қолмен өңдеу үшін оларды басқару, пайдаланушының DSS-ке қол жеткізуін жеңілдету үшін диалогты басқару. Пайдаланушы DSS-пен пайдаланушы интерфейсі арқылы өзара әрекеттеседі, ал DSS пайдаланушыға сол интерфейс арқылы нәтижелерді шығарып береді. Мәліметтерді басқару мен басқару моделі электрондық кестедегі ең қарапайым салыстырмалы типтік модельден математикалық бағдарламалауға негізделген жоспарлаудың күрделі комплекстік моделіне дейін түрленеді.
Шешімдерді қолдау жүйесі (DSS) болып табылады ақпараттық жүйе кәсіпкерлікті немесе ұйымдастырушылықты қолдайды шешім қабылдау іс-шаралар. DSS ұйымның басқару, операциялық және жоспарлау деңгейлеріне қызмет етеді (әдетте орта және жоғары басшылық) және адамдарға тез өзгеретін және алдын-ала оңай белгіленбейтін мәселелер бойынша шешім қабылдауға көмектеседі - яғни. шешімдердің құрылымдық емес және жартылай құрылымды мәселелері. Шешімдерді қолдау жүйелері толығымен компьютерлендірілген немесе адамның күшімен жүзеге асырылуы мүмкін, немесе екеуінің жиынтығы болуы мүмкін.
Академиктер DSS-ді қолдау құралы ретінде қабылдады шешім қабылдау процестері, DSS қолданушылары DSS-ді ұйымдастырушылық процестерді жеңілдететін құрал ретінде қарастырады.[1] Кейбір авторлар DSS анықтамасын кез-келгенін қосатын етіп кеңейтті жүйе бұл қолдауы мүмкін шешім қабылдау және кейбір DSS-ге а шешім қабылдауға арналған бағдарламалық жасақтама компонент; Sprague (1980)[2] дұрыс белгіленген DSS-ді келесідей анықтайды: