Файл: Спорт жне нер факультеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 35

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


*белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін қорғауына мүмкіндік береді;

*пікірлес, идеялас, мүдделес адамдарды жақындастырады;

*өздерінің талаптарын саяси шешім қабылдаушылар тарапынан ескерілуіне жағдай жасайды.

Бір ғана идеология үстемдік құрған қоғамның етегінен шыққан Қазақстан халқы үшін қазіргі идеологиялық ағымдардың көптігі, олардың бір-бірімен өзара қайшылығы, теке-тіресі «хаос» сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, бұл «ашық» қоғамның көрінісі болып табылады, яғни, «тоталитарлық емес жүйеде бәсекелес бірнеше идеологиялық ағымның болуы заңды». Сол себепті, идеологиялық ағымдардың көп болуынан емес, тек олардың радикалданып, мемлекетке қарсы бағыт алып кетпеуінен сақтану керек.

Қазақстанда әлі идеологиялық ағымдар саяси партия құрып, билікке күресуші күшке айналып үлгермегендіктен, оларды қалыптасу үстінде деп айтсақ қателеспейміз. Сондықтан, елде нақты қандай идеологиялық ағымдардың бар екенін, халық арасында олардың үлесі қаншалықты екендігін дөп басып айту қиын. Тек, баспасөз беттерінде көтеріліп жүрген мақалалар мен әлеуметтік желілердегі пікірлерге, дискуссияларға қарап болжам ғана жасауға болады. Өз кезегінде, бұл тақырыпты абстрактілі ғана елестетіп, оны тереңірек ашуға, оқушыға түсініктірек болуға қиындық тудырады. Бұл қиындықтан құтылу үшін, елімізде бар деп алынған идеологиялық ағымдардың болмыс-бітімін, кескін-келбетін жасауға тура келді. Осы мақсатпен сызылған «ағаш» бізге тақырыпты анығырақ анықтауға, кеңірек ашуға және көз алдымызға нақтырақ елестетуге мүмкіндік береді. Мақалада, Қазақстандағы идеологиялық ағымдар осы ағаш сурет бойынша сипатталады.

Бүгін елімізде ұлтшылдық идеологияның белең алып тұрғаны ешкімге жасырын емес, сонау тоқсаныншы жылдары қатты көтерілген бұл сезім одан кейінгі жылдары басылғандай болған еді, алайда кейінгі жылдары орын алған саяси-экономикалық үдерістер оның қайтадан жандануына алып келді... Ұлтшылдықтың көтерілуі тек Қазақстанға ғана емес, әлемнің көптеген елдеріне, әсіресе Еуропа мемлекеттеріне де тән құбылысқа айналып отыр. Еуропада ұлтшылдықтың (радикал ұлшылдықтың да) қайта жандануына қаржы дағдарысы тудырған проблемалар, иммиграция, діни және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қоғамда өзара түсіністіктің нашарлауы, терең ықпалдастық нәтижесінде мемлекетүсті ұйымдардың күшеюі, тағы басқа себепкер болды. Ал, Қазақстанның жағдайында ұлтшылдықтың оянуына Еуразиялық Одақ аясында жаңа қол жеткізген тәуелсіздіктен айырылып қалу қаупі түрткі болғаны анық. Жалпы, отарлықтан азат болып жаңа тәуелсіздігін алған елдерде ұлтшылдықтың көтерілетіні қалыпты жағдай. Қысымда қалған ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді қалпына келтіру, этникалық дискриминациядан құтылу үшін бас көтерген мұндай ұлтшылдық, көптеген философтар мен саясаттанушылар тарапынан позитивті қабылданады. Алайда, оның екінші негативті қабылданатын түрі де бар, өз ұлтының басқа ұлттардан жоғары екенін дәлелдейтін тұжырымдар шығарып, басқа этникалық топтарды кемсітуге бағытталған «әсіреұлтшылдық» идеология – фашизмнің негізгі қозғаушысы болып саналады. Қазақстандағы ұлтшылдық бұлардың алғашқысы болып табылады, сондықтан, одан үрейленудің қажеті шамалы...


  1. Саяси бейімделуге байланысты қандай көзқарастарды білесіздер.

Шолу жасаңыз

Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты бар.

Біріншісі----өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер ажатады.Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болыпесептеледі.Ал осы жолды кецін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, “қуалай дамушы” мемлекеттер ретінде қарайды.

Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгерту, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрынна келе жатқан және кең тарағанының бірі----бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейде елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларға соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да кәзіргі жоғарғы индустриялды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.

Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; б) Батысқа бейімделу “үшінші елдердің” табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; в) бұл елдер дамыған Батыс Европа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынастың, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылдаған.

60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысына бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болды. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.

  1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.

2. Әр түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлерді, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.



3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылуы және мәдени ерекшеліктері.Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.

Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды.Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. “Қуалай дамумен” қатар “жарым-жартылай”, “Тығырыққа тірейтін” бейімдеушіліктер жөнінде де айтыла бастады.

Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс иен өзгерістерді сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді айтады. Атап айтқанда, мұның бәрі тұлғаның тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін,ұғындыратын ұлттық мінез-құлыққа байланысты.Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылды.

4 Қазірге әлемдік геосаяси жағдайында халықаралық қатынастар дамуы қандай болады деп ойлайсыз?

 Халықаралық қатынас – мемлекеттердің халықаралық аренада бірлескен қызметі болып табылады. Саясаттың бұл саласы мемлекеттерді оларға ортақ мәселелерді бірлесіп, келісімдер арқылы шешу жолдарын көрсетеді. Халықаралық саясаттың елдер мен халықтар арсындағы өзара тәуелділіктің, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті талап ететін мәселелердің көбеюіне байланысты маңызды арта түседі. Әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін дамыған мемлекеттер адамды және оның құқықтарын қорғауды міндет деп таниды. Осы негізінде әлем мемлекеттерінің озық елдері өздерінде құқықтық мемлекет және қоғамдық өмірді демократияландыру үдерісін бастады. Адам мәселесі өркениетті мемлекеттерді бір ортаға жинақтайтын, өзара консенсусқа, түсіністікке жетелейтін фундаменталды, өзекті мәселеге айналды. Өркениетті мемлекеттердің ықпалымен әлем халықтары адам құқықтарын қорғайтын саяси билік жүйелерін қалыптастыра бастады. Әлемдік ортақ мәселелерді шешу ғасырларға созылған әлемдік ізгілікті, әділетті тәртіптер орнатуға деген әлем халықтарының құлшынысының негізінде қалыптасады. Ал, әр елдегі адам мәселесін шешу және оның құқықтарын қорғау үшін жаһандық мәселелерді шешу және жаһандық қауіптермен күресу қажет болды. Әлемдік саясат әлем халықтарының гуманитарлық, ізгілікті ойлауының ортақ жетістігі болып табылады. Техногендік, экологиялық мазмұндағы әлемдік қауіптер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана маңызды болды. Ал, одан бұрын ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХІ ғасырдың басында негізгі жаһандық қауіп әлемдік соғыстар қаупі болатын.


Әлемдік саясат, жеке мемлекеттердің саясатының жәй ғана жиынтығы емес. Ол жекелеген халықаралық қатынастар субъектісінің де саясатына сыймайды. Сонымен қатар әлемдік саясат халықтар мен мемлекеттердің ортақ, жалпы мақсат-мүдделерін тоқайластырып, түйістіріп халықаралық қатынастардың барлық элементтеріне өзінше жеке әсер етеді. Жаһандық саясаттың барлық элементтері бірімен-бірі байланысты, өзара тәуелді бола отыра біртұтас құбылыстың жеке бөлшектері ретінде қызмет істейді. Әлемдік саясаттың тиімділігі оны жасайтын мемлекеттердің ортақ қауіптерді түсіну дәрежесіне, жағдайды түзетуге бағытталған белсенді саясат ұстануына байланысты. Мемлекеттің сытқы саясаты әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жауап бере алуының маңызы зор. Әлемдік шындықтарға нақты, әділетті бағасын беру арқылы мемлекеттер өздерінің қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік алады. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарды бағалауда ортақ мәселеге келу арқылы мемлекеттер олардың бетін қайтарудың біріккен шараларын жасау саясатын күн тәртібіне қояды. Әлемдік саясатты ішкі саясат сияқты орталықтанған билік басқармайды.

III.Қорытынды

Демократиялық, құқықтық мемлекет орнату жолында түскен елдердің саяси жүйесінің құрылымында саяси пратиялардың ерекше орын алатыны белгілі.Ал көппартиялық саяси жүйесі,партиялық құрылысы қалыптасу жеке даму үрдісіндегі Қазақстан үшңн бұл проблема айрықша маңызды. Оның үстіне еліміз Парламентінде “Саяси партиялар туралы”жаңа Заңның талқыланып қабылдануы бұл мәселеге бүкіл қоғамымыздың назарын аударып бұқаралық ақпарат құралдарында да бұл тақырып асқан мүдделікпен қамтылып үлкен пікір таласып туғызды. Бұл заңды да табиғи процесс өйткеі демократия жасында түскен барлық елдерде дәл осы үрдісіне жетудің ең пәрмендң құралы ол саяси партиялар қызметі екендігі адамзаттың өркениет жолымен дамуының баств қорытындыларының бірі деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану негіздері. – Алматы. - Жеті жарғы, 2003-225б.

2.Жандәулетов Т. Қазақ ұлттық идеологиясы мәселелері- А., 2004-152б.

3.Иманбаев М., Смағұлов Е., Халықаралық саясат және әлемдік қатынастар негіздері.,-2017-428б.