Файл: ашытан оыту кезіндегі саба жоспары малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Дәнебек Күлпан Тұрсынбекқызы

Пән/Сынып:

Химия, 8- сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

91-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

8.4С Су

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттағы су

Оқу мақсаты:

8.4.2.6 -судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру

8.4.2.7 -судың табиғаттағы айналымын түсіндіру

Бағалау критерийі:

  • Судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсінеді

  • Судың табиғаттағы айналымын түсінеді

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыппен таныстыру;

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар мен презентация арқылы түсіндіру;

Презентацияны қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату;

Бірлескен жұмыс

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;

Бекітуге арналған тапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу;

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен тапсырма орындауы;

Уақыт

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Баға-

лау

Ресурс-тар

1 минут


2

минут


Ұйымдас-тыру


Алдыңғы білім

Сәлеметсіздер ме!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Табиғаттағы су

Сіздердің білетіндеріңіз:

  • Судың құрамы

  • Судың қолданылуы

Сіздердің меңгеретіндеріңіз:

  • Судың табиғатта таралуы

  • Су молекуласының құрылысы

  • Судың физикалық қасиеттері

  • Суды анықтау тәсілдері

  • Судың адам өміріндегі маңызы

  • Судың табиғаттағы айналымы

Оқушылар сабақты бастамас бұрын су жайлы қандай мақалдар білесіздер, айтып жіберіңіздер.

1. Сулы жер, нулы жер

2. Судың да сұрауы бар

3.Ағын су –өмір, тоқсау су-өлім

4.Жылап жүріп арық тазаласаң, күліп жүріп су ішерсің

5.Су анасы-бұлақ, сөз анасы –құлақ

6.Таулы жер құрақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас

7.Су-ырыстың көзі,

Еңбек –кірістің көзі.

Енді оқушылар берілген суретке қарап, күнделікті өмірде көріп жүрген құбылыстарға қарап, суды сипаттайық.

1.Судың агрегаттық күйі қандай?

2.Судың түсі қандай?

3.Судың дәмі қандай?

4.Судың иісі қандай?

5.Су неше градуста қатады?

6.Су неше градуста қайнайды?

7.Судың пішіні қандай?




Сабақтың тақырыбы және оқу мақсатымен танысу

Сабақты ұлттық құндылықтармен байланыстыру



Оқушылар-дың білетін ұғымдарын қолдану








Слайд 1

Слайд 2

Слайд3

Слайд 4


8

минут

Жаңа сабақ

Су-Жерде ең көп таралған зат. Жер бетінің 71%-ы суға, 29%-ы құрғақ құрғақ жерге тиесілі.

Су Жерге Күн жүйесіндегі басқа ғаламшарлардан өзгеше кейіп береді.

Су молекуласы сутегінің 2 атомынан және оттегінің бір атомынан құралған. Ондағы атомдар арасында полюсті ковалентті байланыс бар. Ал су молекулаларының арасында сутектік байланыс бар. Су –түссіз, иіссіз, дәмсіз, электр тогын нашар өткізетін, еріткіштік қасиеті бар сұйық зат. 00С-та қайнайды, 1000С-та қатады. Меншікті тығыздығы 1г/мл. Ауаның құрамында су молекулаларының болатынына көз жеткізу үшін , құрғақ мыс(ІІ)сыульфаты CuSO4 қолданылады.

Ақшыл түсті мыс(ІІ)сульфаты ауадағы су молекуласының әсерінен көк түсті мыс купоросына CuSO4*5H2O айналады.

Судың маңызы өте зор. Адам ағзаныңы 70%-ы судан тұрады. Адам ағзасындағы барлық үдерістер су қатысында жүреді. Судың тұрмыста, ауыл шарушылығында, химиялық өндірісте, медицинада қолданылу ауқымы өте кең.
Енді бейнеролик қарап, табиғаттағы су аайналымы жайлы мәлімет алайық.

https://www.youtube.com/watch?v=VSQkOTbEhWM




Су жайлы жаңа мәлімет беру



Табиғаттағы су айналымы жайлы бейнеролик көрсету








Слайд 5

Слайд6






Сабақты бекіту

Сабақты қорытын-дылау

І. Химиялық диктант. Тапсырмадағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыздар.

Су-Жерде ең көп таралған зат. Жер бетінің .......%-ы суға, 29%-ы құрғақ жерге тиесілі.

Су молекуласы сутегінің .......атомынан және оттегінің .... атомынан құралған. Ондағы атомдар арасында ..... ковалентті байланыс бар. Ал су молекулаларының арасында ......... байланыс бар. Су –түссіз, иіссіз, дәмсіз, электр тогын нашар өткізетін, еріткіштік қасиеті бар сұйық зат.

ІІ. «Ия-жоқ» жұмысы. Берілген мәлімет дұрыс болса, «Ия» деп, бұрыс болса, «Жоқ» деп жауап жазыңыздар.

1. Су екі түрлі агрегаттық күйде болады.

2. Судың сұйық күйден газ тәрізді күйге айналу құбылысы булану деп аталады.

3. Су өсімдіктердің тамыры арқылы сіңіріліп, жапырақ арқылы буланады.

4. Судың газ тәрізді күйден сұйық күйге ауысуы қату деп аталады.

5. Адам ағзасының 70%-ы судан тұрады.
Оқу тапсырмасы:201-бет 3 жаттығуды орындау




Жаңа сабақ бойынша алған ұғымдарды бекіту

Оқу тапсырмасын беру

Химиялық диктант бойынша әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

«Ия-жоқ» жұмысы бойынша әрбір дұрыс жауап 1 ұпай

Барлығы 10 ұпай

Слайд7

Слайд9


Слайд 12