Файл: Жасмин тобыны ысы ертегі ертегілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 72

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жасмин» тобының қысқы ертегі ертеңгілігіБалаларды әсем әуенмен тәрбиеші кіргізіп орындарына отырғызады.Тәрбиеші: Бүгін келді жаңарыпБи-билейік, ән салыпЖасыл шырша жанындаСәлем бізден баршағаҚұттықтаймыз жар салаБүгін бізде Жаңа жылҚош келіпсіз шыршағаЖаңа жылда көңілдіШырқалады әнімізҚонағымыз сіздердіҚұттықтаймыз бәріміз!Ендеше, әсем шыршамызға арнап ән шырқайық бәріміз!ЖАҢА ЖЫЛ ӘНІТәрбиеші: Балалар бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Балалар сендер ертегіні жақсы көресіндер ме?Балалар: ияТәрбиеші: Ендеше балалалар көзімізді жұмайық.Автор: Ерте, ерте, ертеде жазық далада бір үйшік тұрыпты. Бір күні сол жерден өтіп бара жатқан шиқылдауық тышқан үйді көріп тоқтай қалады.Тышқан: Үйшік – үйшік бұл үйде кім тұрады?Автор: Ешкім үн қатпайды. Тышұан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бір күні үйдің жанынан бақылдаған бақа өтіп бара жатып әдемі үйге қатты қызығады.Бақа: Үйшік – үйшік бұл үйде кім тұрады? – дейді.Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын, бұл үйде мен тұрамынБақа: Ал, мен бақылдаған бақамын. Мен де сенімен тұрайыншыАвтор: Сөйтіп, үйде тышқан мен бақа өмір сүріп жатады. Бір күні бұл жерден қоян өтеді. Ол да үйге қызығып тұрғысы келеді.Қоян: Үйшік – үйшік бұл үйде кім тұрады?Тышқан мен бақа: Мен шиқылдауық тышқанмын. Ал, мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?Қоян: Мен секеңдеген қоянмын.Мен де сендермен үйшікте тұрайыншыБақа: ЖарайдыАвтор: Олар үшеуі үйшікте тұрады.Ұзамай үйдің жанынан түлкі өтіп бара жатып, үйге ол да қызығады. Терезені түлкішек әпке тоқылдатады.Түлкі: Үйшік – үйшік бұл үйде кім тұрады?Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмынБақа: Мен бақылдаған бақамынҚоян: Мен секеңдеген қоянмын,ал сен кімсің?Түлкі: Мен қу түлкімін. Сендердің үйлерің әдемі екен, мен де сендермен тұрайыншы?Тышқан: Кел, бізбен тұр.Автор: Енді олар төртеу болып, сол үйшікте тұрып жатады. Бір күні қасқыр сол маңнан жүгіріп келе жатып үйшікті көре қызығады. Үйшіктің есігін ұрып, үйшікте кім тұратынын білгісі келеді.Қасқыр: Үйшік – үйшік бұл үйде кім тұрады?Тышқан:Мен шиқылдауық тышқанмынБақа: Мен бақылдаған бақамынҚоян: Мен секеңдеген қоянмын
Түлкі: Мен түлкішек әпкеңмін. Ал сен кімсің?Қасқыр: Мен сұр қасқырмын.Мен де сендермен әдемі үйшікте тұрайыншы?Бәрі: ЖарайдыАвтор: енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүреді. Бір күні қорбаңдаған аю үйшікті көредіАю: Үйшік – үйшік бұл үйде кім тұрады?Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмынБақа: Мен бақылдаған бақамынҚоян: Мен секеңдеген қоянмынТүлкі: Мен түлкішек әпкеңмінҚасқыр: Мен сұр қасқырмын. Ал сен кімсің?Аю: Мен қорбаңдаған аюмын. Сендердің үйшіктерің әдемі екен. Сендермен тұрайыншы?Аңдар: Жоқ сіз симайсыз Автор: Аю есіктен сыймайтын болған соң үйдің төбесіне отырады. Отыра бергенде аюдың салмағынан үй құлайды. Үйді байқамай бұзып алған аю қатты ұялады. Аңдардың барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кіріседі. Аңдардың бірігіп салған үйлері үлкенғ биік, бұрынғыдан да әдемі болады.Балалар жарайсындар! Ертегіні жақсы орындап шықтындар,орындарымызға отырамыз.Балалар тыңдандаршы қатты желдің дауысы шығып жатыр. Бізге кім келе жатыр