Файл: Емтихан тест тапсырмаларыны базасы Ересек адамдар жне бала дерматовенерологиясы пні бойынша оу курсы 6 маманды жтд.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ЕМТИХАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ БАЗАСЫ

«Ересек адамдар және бала дерматовенерологиясы» пәні бойынша

оқу курсы: 6

мамандық: ЖТД

оқыту тілі: қазақша

оқу жылы: 2020-2021
#1

*!Венерологтың қабылдауына 27 жасар ер адам жыныс мүшесінің ісінуіне шағымданып қаралды. Шағымы бейтаныс әйелмен жыныстық қатынасқа түскеннен кейін 3 аптадан соң пайда болған. Қарап тексергенде күпекте ауру сезімінсіз, басқан кезде із қалмайтын ісік анықталды. Тері тоқыраулы-қызыл түсте. Жедел қабыну белгілері жоқ. Шап аймағында регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс?



Мерез, индуративті ісіну

#2

*!Лор дәрігерінің қабылдауына 29 жасар әйел жұтынғанда тудыратын қиындыққа шағымданды. Өз бетімен емделген (тамағын фурацилинмен шайған), емнің нәтижесі болмады. Қарағанда: ауыз қуысында оң жақ бадамша безі ұлғайған және тығыздалған, эрозиясы жоқ. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Әйел тұрмысқа шықпаған, соңғы жылы бірнеше жыныстық серіктері болған. КСР 4+. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс?



Мерез-амигдалит

#3

*!Судмедэкспертте, бомждың мәйітін ашу кезінде оң қолының сұқ саусағы аймағында резіңке қолқабының жыртылуы салдарынан бір айдан соң, саусағының көлемі ісіну пайда болды. Инфильтрат терең, тығыз, саусақтың дисталды фалангасын толық қамтиды. Тері тоқыраулы-қою қызыл түсті. Тырнақтың ішкі жағында жарты ай тәрізді, бетінде жалқықты-іріңді бөліндісі бар жара. Науқасты өткір шаншып ауыратын аөуру сезімі мазалайды. Шынтақ және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғаюы байқалады. Олар тығыз, қозғалмалы, ауырғыш. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс?



Мерез-панараций(күбіртке)

#4

*!Гинекологқа 26 жастағы науқас әйел бір апта бұрын пайда болған кіші жыныс ерніндегі жарақатқа шағымданған. 1,5 ай бұрын бейтаныс ер адаммен жыныстық қатынаста болған. Тексергенде: сол жақ кіші жыныс ернінде шекарасы айқын, шеттері тегіс, дөңгелек эрозия байқалған. Эрозияның түбі табақша тәрізді, ашық қызыл түсті, жылтыр, аздаған жалқықты бөліндісі бар.Эрозияның жиегі зақымдалмаған терінің деңгейінде орналасқан. Пальпация кезінде түбінде тығыз сіңбе анықталды. Субьективті сезімдері жоқ. Сол жағында шаптағы лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін үлкейген, консистенциясы тығыз-эластикалы, қозғалмалы, ауырмайды. Серологиялық реакциялары теріс. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс




Біріншілік мерез, эрозивті түрі
#5

*!27 жасар ер адамның жыныс мүшесінің басында дөңгелек пішінді, анық шектелген, шикі еттің түсіндей, негізінде тығыз инфильтраты бар эрозия. Субъективті белгісі жоқ. КСР оң нәтижелі. Төменде берілген дәрілік препараттар тобының қайсысын тағайындау орынды болып табылады:

Пенициллиндер

#6

*!33 жастағы әйелді тексергенде гинеколог оның оң жақ үлкен жыныс ернеуінің көлемі аса ұлғайғанын көрді. Саусақпен басқанда ойық қалмайды, терісі көкшілдеу түсті, КРС-оң нәтижелі. Екі жағындағы шап лимфа түйіндері 2,0х1,5 см. дейін үлкейген, қозғалмалы, ауырмайды. Анамнезінде- бей-берекет жыныстық қатынасқа барған. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау тиімдірек?

Пенициллиндер (пенициллин болмаса, резервтік препараттар тетрациклин, доксациклин, азитромицин, эритромицин, цефтриаксон)

#7

*!Бір апта бұрын кіші жыныс ернеуінде пайда болған жарақатқа шағымданып келген әйел 1,5 ай бұрын танымайтын еркекпен жыныстық қатынаста болған. Қарағанда: жыныс кіші ернеуінде дөңгелек, анық шектеулі, шеттері тегіс, көлемі 0,5 см., түбі ет-қызыл түсті, жылтыр, аздаған ұйыма бөліндісімен эрозия бар.Пальпацияда тығыз сіңбелі. Субъективтік сезім жоқ. Сол жақ шап лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін ұлғайған, тығыз-эластикалық, қозғалғыш, ауырмайды. КСР-теріс нәтижелі. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау тиімдірек?

Пенициллиндер (пенициллин болмаса, резервтік препараттар тетрациклин, доксациклин, азитромицин, эритромицин, цефтриаксон)

#8

*!36 жасар әйел біріншілік серопозитивті мерезбен ауырған науқастың жыныстық серіктесі ретінде дәрігердің қабылдауына шақырылды. Анамнезінен жыныстық қатынас бір рет 10 күн бұрын болғаны анықталды. Тексергенде мерездің клиникалық-серологиялық белгілері жоқ. Төмендегі ем тәсілдерінің қайсысын тағайындаған дұрыс?

Ж.қатынастан кейін 2 айға дейін уақытта тағайындалатын препарат пенициллин және оның туыстары

#9

*!47 жасар ер адам артқы тесік аймағындағы қышынуға, жағымсыз сезімге шағымданып келді. Осы сезімдер екі апта бұрын пайда болған. Қарағанда: жыныс мүшесі мен анус аймақтарында өзара бірігіп кеткен, түбі сіңбелі, беті эрозияланған, қоңыр-қызыл түсті вегетациялық құрылымдар көрінді. Сонымен қатар ер адамда алақаны және табанында түйіншектер, шашы селдіреп түсіп қалған. КСР 4 + Қандай болжамды диагноз қоюға болады?





Екіншілік мерез, рецидивті түрі, алақан-табан сифилиді, мерездік алопеция

#10

*!36 жасар әйелдің бетіндегі көкшіл-қызыл түсті, диаметрі 0,8 см, консистенциясы тығыз, төмпешіктер орналасқан. Ауырғанына үш айдай болған. Вассерман 4+( титр 1:5), БТИР 87%. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



Мерез, үшіншілік?(төмпешік)

#11

*!45 жасар еркектің денесінде ірі бозғылт түсті бірер розеолалар бар. Алақаны мен табанында топтасып түйіншектер орналасқан, полиаденит айқын емес. 1:80 титрде КСР-4+. Төмендегі диагноздардың қайсысын болжауға болады?



Екіншілік мерез, рецидивті түрі, алақан-табан сифилиді
#12

*!24жасар ер адамның басының шашты бөлігінде біркелкі шаштың сиреу ошақтары және дөңгелек пішінді, бір-бірімен қосылмаған 10-15 тиын көлеміндей таз ошақтары. Шаш түскен жердің терісі тегіс, қабыршақ, қабыну белгісі жоқ, шаштары сынбаған. Субъективті сезім жоқ. Ошақтар "күйе жеген теріге" ұқсайды. Қанды зерттеген кезде КСР оң нәтижелі.Төмендегі диагноздардың қайсысы болжамды?

Екіншілік мерез, рецидивті түрі, ошақты мерездік алопеция

#13

*!38 жасар ер адамның қасаға терісінде диаметрі 10 см зақым ошағы анықталды. Ошақтың ортасында тыртықты атрофия, жиегінде таға тәрізді жара жолағы орналасқан. Жара анық шектелген, түбі тегіс және үлкен жыныс ернеуіне бір жақты және шап қатпары терісіне таралған. Оның жиегінде көкшіл-қызғылт түсті төмпешіктерден тұратын білік.Шеткері лимфатүйіндері өзгермеген. РИБТ 90%, РИФ 4+ Төменде берілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау орынды болып табылады:

Пенициллиндер (пенициллин болмаса, резервтік препараттар тетрациклин, доксациклин, азитромицин, эритромицин, цефтриаксон)

#14

*!дерматологтың қабылдауына 40 жасар әйел денесінің оң жақ бүйір бетінде, жауырын мен қолтық асты аймағының маңайына орналасқан бөртпеге шағымданып қаралды. Өзін екі ай көлемінде ауырамын деп есептейді. Алғашында тығыз, теріден көтеріңкі, қою қызыл түсті бөртпені байқаған, кейіннен ортасында некроз ошағы пайда болған. Үш жыл бұрын денесінде қызыл дақтар пайда болып, емсіз өз бетімен жоғалып кеткен. Объективті: бөртпенің шекарасы анық. Алғашқы бөртпе сау теріден анық шектелген төмпешік, олар сақина түзген, оның ортасында мозайкалы тыртықтар. Төмпешіктер тығыз, ауру сезімінсіз. РИБТ 93%, РИФ 4+. Төменде берілген дәрілік препараттар тобының қайсысын тағайындау орынды болып табылады:


Пенициллиндер (пенициллин болмаса, резервтік препараттар тетрациклин, доксациклин, азитромицин, эритромицин, цефтриаксон)

#15

*!41 жасар әйелдің қасаға терісінде диаметрі 8 см зақым ошағы анықталды. Ошақтың ортасында тыртықты атрофия, жиегінде таға тәрізді жара жолағы орналасқан. Жара анық шектелген, түбі тегіс және үлкен жыныс ернеуіне бір жақты және шап қатпары терісіне таралған. Оның жиегінде көкшіл-қызғылт түсті төмпешіктерден тұратын білік. Шеткері лимфатүйіндері өзгермеген. РИБТ 90%, РИФ 4+ Төменде берілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау орынды болып табылады:

Пенициллиндер (пенициллин болмаса, резервтік препараттар тетрациклин, доксациклин, азитромицин, эритромицин, цефтриаксон)

#16

*!22 жасар әйел жұтынған кезде ауыратынына шағымданды. Аузын қарағанда-эритематоздық ангина анықталды. Эритема көкшілдеу, анық шектеулі, доғаларды, бадамша бездерді қамтиды.Үш ай бұрын әйел екіншілік рецидивті мерезбен ауырған еркекпен жыныстық қатынасқа түскен. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер жасалады:

КСР (комплемент байланыстырушы реакция, Вассерман), РИБТ(реакция иммобилизации бледных

трепонем), РИФ(реакция иммунофлюоресценции).

#17

*! Әйелдің үшінші жедел босануы, 3,5 кг уақыты жеткен босанумен аяқталды. Баланың алақан, табан терісінде, денесінде жалқықты сұйықтыққа толы, негізінде тығыз инфильтраты бар көпіршіктер. Баланың анасы әйелдер кеңесінде жүктілік бойынша есепте тұрмаған. Анасын тексерген кезде КСР оң нәтижелі. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



Ерте туа пайда болған мерез, мацерация кожи

#18

*!Нәрестенің бет аймағында инфильтрация, соның салдарынан тері қатпарлары жазылған, сипағанда тығыз, созылмайды. Ерні қалыңдау, ісінген, сарғыш-қызыл түсті, қызыл ерін және шырышты қабық кернеулі, зақым ошағының беті ақжемделген және сулы. Жылағанда қызыл ерінді қамтитын беткей және терең жарылулар пайда болады. Жарылулар ауызға перпендикулярлы орналасқан, қанайды және жылдам қабықпен жабылады. Сәбидің анасында екіншілік рецидивті мерез. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:


Ерте туа пайда болған мерез, мерездік насморк (қой мұрыны), Гохзингер иныильтраты

#19

*!10 жасар ұл бала физикалық және интелектуалды жағынан дамуы төмен, жиі суық тиіп ауырады. Бас сүйегі бөксе тәрізді, мұрны ер тоқым тәрізді, ауыз қуысының шырышты қабығы өзгермеген. Алдыңғы жоғарғы екі кескіш тісі бөшке тәрізді. Тістің кескіш беті жарты ай тәрізді ойылған. Таңдайы жоғары орналасқан. Бала балалар үйінде тұрады, ата анасы белгісіз. РИФ 4+ и РИБТ 94 % . Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс




Кеш туа пайда болған мерез, гетчинсон тісі, седловидный нос, бөксетәрізді бас сүйегі, ақыл есі дамуы төмен

#20

*!Нәрестенің бауыр қабырға астынан 0,6 см –ге шығып тұр. Ұзын түтікті сүйектерін рентгенологиялық зерттеу кезінде сан сүйегінің дисталды бөлігінде 1,5-2,0 мм. склерозды жарықтану белдеуі көрінеді. Қорытынды: сан сүйектерінің 1-2 дәрежелі мерездік остеохондриті. Офтальмолог кеңесі: қылилық, нистагм. Невропатолог кеңесі: перинаталды энцефалопатия; гипертензионды-гидратационды синдром. Ішкі ағзалар УДТ: бүкіл бауыр паренхимасында қосындылар көрінеді. Қорытынды: бауырдың оң бөлігі ұлғайған. Паренхиманың диффузды өзгерісі. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:

Ерте туа пайда болған мерез, диффузды (висцеральды) түрі

#21

*!Екі айлық нәрестенің ішкі ағзаларында және терісінде көзге көрінерлік өзгеріс болмаса да, аяқ қолының қозғалысы шектелген. Қол басы «тюлень табаны» секілді бүгілген, аяғында контрактура бар. Аяқ-қолы қимылдағанда ауру сезімінің әсерінен бала шыңғырып жылайды. Тері сезімталдығы аяқ-қолда сақталған. Рентгенограммада эпифиз және диафиз аралығында қою түсті ыдырау белдеуі. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын диагнозды нақтау үшін тағайындау орынды:

Серологиялық талдаулар: КСР, РИБТ, РИФ

#22

*!Екі айлық сәбиде гипотрофияның 2 деңгейі, тұмау, екі жақты пневмония, ішінің көлемі үлкен («бақаныкіндей»), бауыры, көк бауыры айқын ұлғайған, алақан мен табан терісі инфильтрацияланған, терісі қызыл түсті, жылтыр. Сәбидің анасында екіншілік рецидивті мерез. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын диагнозды нақтау үшін тағайындау орынды:

Серологиялық талдаулар: КСР, РИБТ, РИФ

#23

*!13 жасар қыз балаға офтальмолог паренхиматозды кератит диагнозын қойды. Тексергенде көз зақымынан басқа, қылыш тәрізді сирақ анықталды. Арқасының терісінде жаңа түзілген мозайкалы тыртықтар. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын диагнозды нақтау үшін тағайындау орынды:

Серологиялық талдаулар: КСР, РИБТ, РИФ

#24

*!Нәрестенің бауыр қабырға астынан 0,6 см –ге шығып тұр. Ұзын түтікті сүйектерін рентгенологиялық зерттеу кезінде сан сүйегінің дисталды бөлігінде 1,5-2,0 мм. склерозды жарықтану белдеуі көрінеді. Қорытынды: сан сүйектерінің 1-2 дәрежелі мерездік остеохондриті. Офтальмолог кеңесі: қылилық, нистагм. Невропатолог кеңесі: перинаталды энцефалопатия; гипертензионды-гидратационды синдром. Ішкі ағзалар УДТ: бүкіл бауыр паренхимасында қосындылар көрінеді. Қорытынды: бауырдың оң бөлігі ұлғайған. Паренхиманың диффузды өзгерісі. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын диагнозды нақтау үшін тағайындау орынды: