ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ
Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар
Квадраттық функция және оның графигі
Бөлім: | 8.3A бөлім: Квадраттық функция | |
Педагогтің аты-жөні | Асанова Дина Садировна | |
Күні: | 23.01.2023ж. | |
Сынып: 8«Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Квадраттық функция және оның графигі | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 8.4.1.2 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу | |
Сабақтың мақсаты | Әртүрлі әдіспен берілген квадрат функцияның графигін салу. Графиктерді түрлендірулерді орындау. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. | оқушылар сабаққаа дайындалады, | | |
Сабақтың ортасы 35 мин | Жаңа материалды меңгеру Диалогтық әдіс арқылы у = х2 функциясының қасиеттерін еске түсіру: 1. Анықталу облысы ... (D(y) = R). 2. Функцияның мәндер облысы...(Е(у) = [0; +∞). 3. х = 0 болғанда... (у = 0), х > 0 және х < 0 болғанда... (у > 0) болады. 4. Функция... ((-∞; 0]) аралығында кемиді және... ([0; +∞)) аралығында өседі. 5. у = х2 функция графигі...(парабола) деп аталады. 6. у = х2 параболасының төбесі- ... ((0; 0) нүктесі). 7. у = х2 параболасының симметрия осі —...(у осі), яғни... (х = 0) түзуі. 8. Парабола тармағы...(жоғары) бағытталған. - Біз бұл функцияның графигін сала аламыз, ал бүгін осы функцияның графигін түрлендіру арқылы y = ax2, y = a(x – m)2, y = ax2 + nтүріндегі функция графиктерін салып үйренеміз. Квадраттық функцияның графигін салуды іс тәжірибеде көрсету үшін Geogebra бағдарламасы, Desmos графикалық калькуляторы (www.desmos.com/calculator), | Тыңдайды. | | Қосымша 1 Geogebra бағдарламасы www.desmos.com/calculator) |
| Алғашқы бекіту Оқушылар тапсырманы өздіктерінен орындайды кейін көршісімен дәптерлерін алмасып, өзара тексеру жүргізеді. Тапсырма: а) суретте белгіленген график у = х2 функциясының графигі болатындай координата осьтерін жүргізіңіз (бірлік кесінді - 1 торкөз); ә) f, g, p, h функцияларының формулаларын жазыңыз. Оқушылар өздіктерінен орындайды кейін Desmos графикалық калькуляторы арқылы www.desmos.com/calculator өзін-өзі тексереді. Тапсырма: Берілген функциялардың графиктерін салыңыз. | Әрбір оқушы өз ойын айту кезінде басқалары алдыңғысын толықтырады. Жаңа алған білімдері бойынша қорытынды жасайды | Дескриптор:
Дескрипторларды пайдаланып бағалайды Әр дұрыс есепке 1 балл қойылады. | Қосымща2 Қосымша3 |
Сабақтың соңы 5 минут | Қорытынды Жетістіктер критерийлеріне байланысты оқушылар өз жұмыстарын бағалады, жұмысты жақсарту үшін ұсыныс жасаймын. Үй тапсырмасы Берілген функциялардың графиктерін салыңыз, салу қадамдарын жазыңыз, нәтижені Desmos графикалық калькуляторы арқылы тексеріңіз: 1. ; 2. ; 3. . РЕФЛЕКСИЯ 1. Сіздер бұл сабақтан не күттіңіздер? 2. Сабақ барысында қандай қиындықтар болды? Ол қиындықтарды жеңе алдыңыз ба? 3. Қандай тапсырмаларда сіз жетістіктерге жеттіңіз? Не себепті? 4. Жалпы сабақ сізге қаншалықты пайдалы болды? | Сабақ бойынша кері байланыс береді | Кері байланыс | Бағалау парағы |