Файл: Эндокриндік жйе Эндокриндік жйе Эндокриндік жйе органдарыны жалпы сипаттамасы. Препарат 1.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 58
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
(симпатобласттардан) бастау алады
Құрылысы: Бүйрек үсті бездері паренхиматозды мүшелерге жатады. Сырты ТТҚДТ-ді капсуламен қоршалған, одан тараған перделері бездердің стромасын түзеді. Ал, бездердің паренхимасы қыртысты затындакортикоциттерден, ал боз затында-хромаффиноциттерден тұрады.
18. Бүйрек үсті безінің кортикальды заты, субкапсулярлық, гломерулярлы және суданофобты аймақтар, құрылымы, жасушалық құрамы, маңызы.
Субкапсулярлы аймағы. Өте майда, аз маманданған, қыртыста
камбиальді қызмет атқаратын кортикоциттерден тұрады.
Шумақты аймағы (гломерулярлы аймақ). Қыртыстың 10% түзеді. Құрамында шумақтар
түзілетін кортикоциттерден тұрады. Бұлардың цитоплазмасында
аздаған ғана липид қосындылармен холестерин болады. Қызметі-минералокортикоидтардың синтезіне қатысады.
Суданфобты аймағы. Шумақты аймақ пен шоғырлы аймақтардың
арасында орналасқан жіңішке жолағы. Суданмен боялмайтын, митоз
суреттері жақсы көрінетін аймағы. Қызметі-қыртыстың
регенерациясына қатысады.
19. Бүйрек үсті безінің кортикальды заты, сәулелік аймақ, кортикоциттердің құрылымдық ерекшеліктері, функциялары.
Шоғырлы аймағы (сәулелік аймақ). Бездің қыртысты затының 75% құрайды. Өте іріоксифильді боялған кортикоциттер көптеген баулар түзіп орналасқан.
Шоғырлы аймақтың құрамында: күңгірт жəне ашық түсті қыртыстық
кортикоциттер болады. Бұл бір жасушаның əртүрлі функциональді
жағдайының көрсеткіші болып саналады. Шоғырлы аймақтағы
кортикоциттердің ерекшелігіне жасушалардың цитоплазмасында
жақсы дамыған кристалдары бар, ірі митохондрийдың болуы тəн. Бұл
митохондрийлар стероидты гормондардың биосинтезіне қатысады.
Келесі бір ерекшелігіне жасушалар цитоплазмасында липидті
қосындылардың болуы жəне стероидты гормондардың биосинтезіне
қажетті аскорбин қышқылының болуы тəн.
Шоғырлы аймағының қызметі глюкокортикоидтарды (ең көбі кортизол
мен кортизон) өңдеу.
20. Бүйрек үсті безінің кортикальды заты, торлы аймақ, жасуша құрылымының ерекшеліктері және олардың функционалды маңызы.
Торлы аймағы, қыртыстың 10-15% құрайды, өте майда, тор түзіп
орналасқан кортикоциттерден тұрады. Бұлардың цитоплазмасында
лизосомалар мен липофусцинді түйіршіктері болады. Аталмыш
аймақта глюкокортикоидтар мен аталық жыныс гормондары, аздаған
аналық гормондар (эстроген мен прогестерон) синтезі жүреді.
Торлы аймақта эпителиальды жасушалардың созындылары тармақталып, гемокапиллярлармен араласа орналасуы арқылы тор құрап жатады. Жасушалардың көлемдері кіші, пішіндері текшелі, көпқырлы, кейде сопақша болады, күңгірт жасушалардың үлесі артады. Жасушалардың цитоплазмасында май тамшылары азаяды, митохондриялардың кристілері түтікшелі. Жасушаларда Гольджи кешені жақсы дамыған, бос рибосомалары мол, эндоплазмалық тордың цистерналары кең, вакуольденген. Бұл аймақта андрогенстероидты гормон бөлінеді.
Оны Х-аймақ деп атайды, ацидофильді жасушалардан тұрады.
21. Бүйрек үсті безінің боз заты. Хромаффин жасушалары, осы жасушалар түзетін гормондар.
Бүйрек үсті бездерінің боз заты бездің қыртысты затынан БТҚДТ-нен
тұратын жіңішке капсула арқылы шектеседі. Жасушалары
хромаффиноциттер-деп аталады. Бүйрек үсті безін калийдің бихроматымен өңдеген кезде секрет өндіретін жасушаларда хромның тотығының шөгіндісі анықталады. Бұл жасушалар осьмийдің және күмістің шөгінділерін де осылайша қабылдайды. Осыған байланысты жасушаларды хромаффинді немесе осмиофильді деп те атайды. Хромаффинді жасушалар ганглиоздық табақшаның туындылары, олар симпатикалық эффекторлық нейрондардың тобына жатады. Өндірілген катехоламиндер медиатор емес гормонның қызметін атқарады. Жасушалардың әрқайсысына симпатикалық преганглионарлық талшық келеді, бұл стресс жағдайында бөлінетін гормонның мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді. Бұл эндокриноциттер хром тұздары мен
жақсы боялады да, екі топқа жіктеледі: а) адреналинді синтездейтін ірі, ашық
түсті А-жасушалары. б) күңгірт түсті, майда, тығыз түйіршіктері бар, НАжасушалары-норадреналиннің синтезіне қатысады.
Бездің боз затында вегетативтік нейрондар (ганглиозды жасушалар) мен
тіректік жасушалар орын алады. Тіректік жасушалары хромафинноциттері
қоршай орналасады.
22. Қалқанша безі. Даму көздері, құрылымы, маңызы.
Қызметтері:.
1. Т и р е о и д т ы г о р м о н д а р-тетрайодтиронин мен
трийодтиронин. Бұлар зат алмасу, даму, өсу жəне тіндердің дифференциалануын реттейді. Қалқанша безінің гормондары ұрықта нерв жүйесінің дифференциалануында маңызды роль атқарады. Осыған байланысты онтогенезде қалқанша без гормондары жетіспесе, кретинизм сырқатына алып келеді.
2. Қалқанша безінде тирокальцитонинді, соматостатинді жəне серотонинді синтездейтін жасушалар болады. Бұлардың біразы (гормондардың) қосқалқанша безінің гормондарының антагонисттері болып саналады. Қандағы кальцийдің деңгейін азайтып, сүйек тінінің жасушаларының қызметін күшейтеді (остеобласттардың). Соматостатин басқа бездердің секрециясын, жасушалардың өсуі мен көбеюін тежейді.
Дамуы: Қалқанша бездің қалыптасуы құрсақтық дамудың 3-4 аптасында
ішектің жұтқыншақ бөлігіндегі 1-ші жəне 2-ші желбезек қалтасынан бастау алады.
Құрылысы: Қалқанша безі бөлшектенген, паренхиматозды мүше. Бездің стромасы тығыз талшықты қалыптаспаған дəнекер тінді (ТТҚДТ) капсуладан, одан тараған трабекулдар немесе перделерден тұрады. Перделер безді бөлшектерге бөледі. Ал, без паренхимасы фолликулдар мен фолликул аралық аралшықтардан түзілген. Қалқанша бездің құрылымдық- функциональді бірлігі фолликулдары болып табылады.
23. Фолликул - қалқанша безінің құрылымдық-функционалдық бірлігі, құрылымы.
Фолликулдардың құрамында екі түрлі жасушалары болады, бұлардың ең көбі тироциттер. Екіншісі парафолликулярлы С-жасушалары. Аталмыш жасушалар базальдімембранаға бекініп, фолликул қабырғасын түзуге қатысады, бірақ С-жасушаларының апикальді полюсі фолликул қуысына жетпейді.
Фолликулдар- іші қуыс, мөлшері əр түрлі, тұйық шар тəрізді немесе аздап
созылған көпіршік тəрізді түзілістер. Кейде бездің функциялық белсенділігі күшейген кезде (мысалы, тиротоксикозда) фолликулдың қабырғасы өзгеріп, жұлдызша тəрізді қалыпқа енеді.
Фолликулдың қабырғасын түзетін тироциттердің секреторлыөніміколлоид. Коллоид-тироглобулиннен
тұратын қоймалжың сұйықтық.
24. Тироциттер, қалқанша безінің функционалды жағдайына байланысты құрылымдық ерекшеліктері.
Тироциттердің пішіні бездің функциональді белсенділігіне байланысты өзгеріп отырады. Қалыпты жағдайда тироциттердің пішіні куб тəрізді, ал коллоидты фолликул саңылауын толтырып тұратын гомогенді масса түрінде болады. Тироциттердің апикальді бетінде микробүрлері болады. Тироциттерде белок синтезіне қатысатын органеллалар жақсы дамыған. Ағзаның тироидты гормонға қажеттілігі артқанда жəне қалқанша бездің функциялық белсенділігі күшейгенде (гиперфункциясы) фолликулдардың тироциттері ісінеді, пішіні призмалы болып өзгереді. Функционалдық белсенділігінің төмендеуі (гипофункциясы) керісінше, коллоид тығыздалып, фолликулды ішінде тұрып қалады да, фолликулды диаметрі жəне көлемі ұлғаяды. Тироциттердің жалпайып, созылады да ядролары фолликулдың бетіне паралельді орналасады. Тироидты белсенділіктің күшеюіне байланысты микробүрлердің мөлшері мен өлшемі ұлғаяды.
25. Қалқанша безінің тироциттерінің секреторлық циклі.
Бездің секрет түзеу және секрет бөлу фазалары бар. Өнім (секрет) түзеу базальдық мембрана арқылы аминоқышқылдарды, йодты, минеральды йондарды т.б. керекті заттарды сіңіруден басталады. Эндоплазмалық торда сіңірілген заттардан тироглобулин молекуласы түзіледі. Олар Гольджи кешеніне келіп, көмірсулардың тізбегін қосады да везикулаларды құрайды. Осыдан кейін фолликула қуысына тироциттердің апикальдық бөлігі арқылы бөлініп шығады. Йод тироциттерге қаннан йод йоны түрінде түседі, пероксидаза ферментінің көмегімен атомарлық йодқа айналады. Йод атомы тироглобулиндерге бірте-бірте қосылады, яғни коллоидтың құрамында моно-, ди-, үш-, тетрайодтирониндер пайда болады. Белсенділігі жоғары заттарға ақырғы екі қосылым жатады. Өнім бөлу фазасы коллоидтың реабсорбциясынан басталады. Тироцит коллоидты фолликуланың қуысынан фагоцитоз жолымен алады. Коллоид жасушасының лизосомальдық аппаратының көмегімен ыдыратылады, йодтирозиндер мен йодтирониндер пайда болады. Йодтирониндер базальдық мембрана арқылы қанға немесе лимфаға түседі. Бұл қалқанша безінің қызметі өте белсенді түрде өткен уақытта жүретін механизм. Қалыпты жағдайда тироглобулиндердің протеолизі фолликуланың ішінде өтеді де өнімнің тироциттерге түсуі пиноцитоз арқылы жүреді.
26. Қалқанша безінің парафолликулярлық жасушалары, құрылысы мен қызметі.
Парафолликулярлы эндокриноциттер немесе кальцитониноциттер.
Парафолликулярлы жасушалары (С-жасушалары) ересек ағзада фолликул
қабырғасында орналасады. Сонымен қатар бұлар дəнекер тінінің фолликул
аралық перделерінде де кездеседі. Өлшемі бойынша парафолликулярлық
жасушалар тироциттерден ірірек, дөңгелек болып келеді. Тироциттерден айырмашылығы, йодты қолданбай-ақ (жұтпайды) белокты гормондарын
кальцитонин мен соматостатинді түзеді;.
27. Қалканша маны бездері. Даму көздері., құрылысы, маңызы.
Қосқалқанша бездері-гормондар өндіреді.
1. П а р а т и р и н –бұл гормон тирокальцитониннің антогонисі
(қарсыласы), қандағы кальцийдің деңгейін көбейтеді. Бұл екі жолмен: а-Остеокласттардың белсенділігін күшейтіп, сүйектің минералды компонентін бұзады, осыдан кальций қанға өтеді .
б-Ішекте Д1 витамин түзілу белсенділігін арттырады, ал бұл болса
кальцийдің қанға сорылуына септестігін тигізеді. 2. Биогендіаминдердісинтездейді.
3. Кальцитониндіөндіреді.
Дамуы: Эмбриогенездің 5-6 апталарында 3-4 желбезек қалталарынан
бастау алады.
Құрылысы. Қосқалқанша бездері-паренхиматозды мүше.
Васкуляризациясы-бездің артериясы көптеген капиллярларға
тарамдалып, ал венасы тор түріндегі анастомоздар түзеді.
Иннервациясы-безге көптеген симпатикалық, парасимпатикалық нерв
талшықтары өтіп, паратироциттердің арасында көптеген түйреуіш немесе
таяқша тəрізді болып келген миелинсіз талшықтардың терминальді ұштары
болады.
28. Қалканша маны бездері. Жасушалық құрамы. Функционалдық мәні.
27 мен 29 ды косып айтуга болады
29. Паратироциттер, құрылымдық ерекшеліктері.
Эндокриноциттері немесе паратироциттері: басты (базофильді) жəне
оксифильді болып екі топқа бөлінеді. Парациттердің функциональді жайына байланысты: ашық жəне күңгірт түсті жіктелуі тағы бар. Күңгірт түсті паратироциттердің қызметі белсенді, сондықтан олардың цитоплазмасында түйіршікті ЭТ мен ГК күшті дамыған. Сонымен қатар, диаметрі 400 нм-дей болатын, паратирині бар, көптеген секреторлы түйіршіктері болады. Ашық түсті паратироциттердің белсенділігі нашар, цитоплазмасында көбінесе лизосомалары, гликоген липидті қосындылармен мөлшері 150-200 нм болатын секреторлы түйіршіктері кездеседі. Бездегі ашық түсті паратироциттерінің саны күңгірт түстіден 3-5 рет көбірек.
Оксифильді паратироциттер без паренхимасында топтасып та, жекеленіп те орналасады. Бұлардың цитоплазмасында көптеген митохондриалар, аздаған түйіршікті ЭТ мен ГК болады. Секреторлы түйіршіктері болмайды. Көптеген гистологтар оксифильді паратироциттерді АРUD-ға (жүйесіне) жатқызады. Бұлардың биогенді аминдерді синтездейтіні белгілі болғандықтан, кальцитониноциттерге жатқызуға болады.
30. Диффузды эндокриндік жүйе.
Гормондар синтезіне қатысатын жекеленген жасушалар диффузды
эндокринді жүйе түзеді (ДЭЖ). ДЭЖ-екі топқа жіктеледі:
I. APUD-жүйесінің жасушалары.
• Нейроэктодермадан терідегі Меркель жасушалары мен бас миының
жəне эпифиздің эндокриноциттері дамиды.
• Энтодермадан гастроэнтеропанкреатикалық жүйенің (ГЭПЖ)
эндокринді жасушалары дамиды. Бұған жататындар: ас қорыту жолдарын тыстайтын эпителиі мен Лангенгарс аралшықтарындағы апудоциттер. Энтодерманың прехордальді пластинкасынан тыныс алу жолдарындағы кілегейлі қабығының апудоциттері дамиды.
• Мезодермадан несеп жолдарының эндокриноциттері түзіледі. APUD-жүйе жасушаларының құрылысына аздаған түйіршікті ЭТ., ГК жəне базальді полюстерінде аргирофильді түйіршіктердің болуы тəн.Аргирофильді түйіршіктердің болуының арқасында күмісті азот қышқылымен импрегнация əдісімен жақсы өңделіп, микроскопиялық зерттеулерде анық көрінеді. Апудоциттерде биогенді аминдердің болуына байланысты бұларды люминнесценттік əдістердің көмегімен де анықтауға болады.
Электронды микроскопиялық зерттеулердің нəтижесінде апудоциттердің
құрамында аздаған белок синтезіне қатысатын органеллалармен электронды тығыз секреторлы түйіршіктер болатыны анықталған. APUD-жүйесі эндокриноциттерді биогенді аминдер мен қоса полипептидті гормондар да синтездейді. Осыған байланысты бұлар (эндокриноциттер) тағамның, ауаның, несептің химиялық құрамын талдайды да, олардың өзгеруіне байланысты APUD-жүйесінің жасушалары биологиялық белсенді заттар мен гормондар бөледі. Сондықтан, APUD-жүйесі сенсорлық та, эффекторлық қызметтерді атқарады. APUD-жүйесінің жасушаларының синтездік қызметінен ісік-апудомалардың да шығуы мүмкін.
II. Гормондарды жеке өндіретін апудоциттерге APUD-жүйесіне қатыспайтын жасушалар жиынтығы жатады. Бұларға: андрогендерді бөлетін аталық бездегі гландулоциттер, аналық жыныс гормондарын бөлетін фолликулярлы жасушалар, тимустың ретикулоэпителиоциттері, бүйрек денешіктеріндегі артериола қабырғасындағы ренинді бөлетін
юкстагломерулярлы жасушалар жатады.