Файл: Крнекілігі Д. И. Менделеевті периодты кестесі, слайд,ребус, плакаттар, Барысы Жргізуші Слеметсіздер ме,рметті стаздар мен оушылар! Орысты лы алымы М. В. Ломоносов айда арасата,айда кз жіберсек те кретініміз химияны ажайыптары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тақырыбы: «ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ХИМИЯ ЕЛІ»

Мақсаты: Оқушылардың химияға деген қызығушылықтарын арттыру, химия пәнінен алған білімдерін толықтыру, химик-ғалымдардың еңбектерін жастарға үлгі ету.

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, слайд,ребус, плакаттар,

Барысы:

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов «Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары»демекші,шындығында да бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.

Химия және биология апталығы аясында таңғажайып сыры мол химия пәнінен өткізілгелі отырған «Құпияға толы химия елі» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер
Жастықтың оты қайдасың.
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын- демекші

Сайысқа түсушілерге сәттілік пен жеңіс тілеймін.

Бүгінгі  «Құпияға толы химия елі» сайысында алған білімдеріңізді мына бөлімдерде көрсете аласыздар.

І бөлім. «Иә» немесе «Жоқ»

II бөлім.«Шифрды жеткізу үшін телефон номерін анықтау».

III бөлім. «Биік шың»

ІҮ бөлім. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Ү бөлім. «Қызықты әңгімеден жасырылған элементтерді табу»

ҮІ бөлім «Химиялық портрет»

І.жүргізуші:

Көруге бұл сайысқа жиылғандар,
Д. И. Менделеевке құрметпенен сыйынғандар.
Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар!

Бүгінгі сайысымызға қатысатын топ мүшелерімен таныс болыңыздар

ІІ.жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын ойыншыларымызды және олардың ойынын тең дәрежеде бағалап, әділ шешім беретін, аса құрметті әділ-қызылар алқасымен таныстыра кетуге рұқсат етіңіздер

1. География пәні мұғалімі: Әуденова Әсел Сырымқызы

2. Биология пәнінің мұғалімі: Серикова Назым Файзоллақызы

Жүргізуші: Енді ойыншыларымызға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық.

І бөлім. «Иә» немесе «Жоқ».Берілген сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруі керек.10-сұрақ оқылады. Әр сұраққа 10 –балл.


І топ сұрақтары:

1. Озонның формуласы – О3. (иә)

2.Темірдің атомдық салмағы – 56. (иә)

3.Судың формуласы – SO2 . (жоқ)

4.Атом – молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым - М.В.Ломоносов.(иә)

5.Сұйық металл – сынап.(иә)

6.Шынының балқуы - химиялық құбылыс (жоқ)

7.Сүттің ашуы - физикалық құбылыс (жоқ)

8. Табиғатта ең көп таралған зат – су (иә)

9. Судың газ күйі – мұз. (жоқ)

10. Адам шашында алтын бар. (иә)

ІІ топ сұрақтары:

1.Атомдық салмағы 16-S (жоқ)

2.Үйге жарық беретін элемент – Fe. (Жоқ)

3.Сүйек құрамында сынап бар.(жоқ)

4.Сұйық құрамында фосфор бар.(жоқ)

5 .Күміс қасық қараяды.(Иә)

6.Ас тұзының формуласы – NaCl. (Иә)

7.Адам тыныс алатын газ – Н2.(Жоқ)

8.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл – йод. (Иә)

9.Атом - молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым –

Д.И.Менделеев. (Жоқ)

10.Металлдарды тот басады. (Иә)
ІІ бөлім. Шифрды жеткізу үшін телефон номерін анықтау.

2 топқа химиялық формула жазылған карточка беріледі. Оқушылар заттардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, асты сызылған элементтердің тотығу дәрежесін жазып алу.

І топ. (О4, НСІ, O2,Р2O5, SiH4 ,HF , KrO4, XeO4, Br2 O7, NaCI

Дұрыс жауабы: (8 705 418 8271)

ІІ топ. ArO4, HCI, HBr, HI, HАt, CrO3 , N2O5 , Al2 O3, Li 2O, RnO4, LiCl.

(8 777 765 31 81)

Балалар, сіздер қателеспепсіздер. Сіздер жақсы агент екенсіңдер. Қиын тапсырманы о да шештіңіздер. Енді біздер шифрдың жеткізілу уақытын, телефон номерін білдік.


Жүргізуші: Ой жинақтау кезеңін қорытындылай отырып, келесі кезеңімізге көшейік.

ІІІ бөлім.Биік шың.
Бұл кезеңде бірнеше әріптер беріледі, соны пайдаланып химиялық элемент атауларын құрастыру. 3 минут беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 балл.Үш тілде жауап берген уақытта 30 балл.
Й И Л Ж Г Т Н Е З А М Р О Б Т
(БОР, АЗОТ, АРГОН, НЕОН, БРОМ, ТИТАН, НАТРИЙ, МАГНИЙ, БАРИЙ. ГАЛИЙ. ГЕРМАНИЙ, РЕНИЙ, ГЕЛИЙ)

І.жүргізуші:



ІҮ бөлім.«Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңінде әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Алғашқы болып ұпайы аз топ таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.Әрбір дұрыс жауапқа 30 балл беріледі.Егерде оқушы үш тілде жауап беретін болса. Ендеше балл аз топ әріпті таңдай қойыңыздар.

«С» әрпі

1.Химиялық элемент(сутегі,скандий)

2.Күрделі зат (су,сірке қышқылы)

3.Металл (сынап)

4.Қышқыл (сірке қышқылы)

5.Әмбебап еріткіш( су)

6.Сілті (суда еритін негіз)

7.І валентті элемент (сутек)

8.Физикалық құбылыс (судың қатуы)

9.Натрий гидроксиді (сілті)

10.Судың агрегаттық күйі (сұйық)

«К» әрпі

1.Жай зат (күкірт)

2. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.

3.Тұз (карбонаттар,калий хлориді)

4.Бейметалл (көміртек,күкірт)

5.Сілтілік металл (калий)

6.Екі валентті элемент (кальций)

7.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)

8.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)

9.Лакмус сілтіде (көгереді)

10.Химиялық байланыс (ковалентті)

«М» әрпі

1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)

2. ІІ валентті элемент (магний)

3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)

4.Атомдар нені құрайды (молекула)

5.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)

6.Шалшық газы(метан)

7. Калий перманганаты (марганцовка)

8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)

9.Индикатор (метилоранж)

10.Темір (металл)

Ү бөлім. «Қызықты әңгімеден жасырылған элементтерді табу» (1-10 ұпай )

1. Павлодар қаласында Алмагүл деген қыз дүниеге келіпті. Алмагүл күмістей ақ түсті, әдемі, нәзік, салмағы жеңіл қыз болып өсіпті. Алмагүл үнемі таза ауаға шыққан уақытында жанынан ағасы шыға келеді екен. « Ағасы бардың - жағасы бар дегендей » жанында ағасы бар уақытта Алмагүл ешнарседен қорықпайды, өзін еркін сезінеді, егер ағасы жанынан табылмай қалса Алмагүл өзін қорғансыз сезініп, көңіл күйі тез арада түсіп кетеді екен. Сұрақ: Алмагүл және оның ағасы кім? (Алюминий және алюминийдің қорғағыш қабаты алюминий оксиді)

2.Ерте заманда Набира деген ханшайым болыпты. Оның 11 уәзірі болған екен. Набира ханшайым жаңбырды ұнатпайды, күн жаңбырлы болғанда өте қатты ашуланып, бұлданып кетеді. Ханшайымның өзіне тән ерекшелігі бар екен, ханшайыммен адамдар амандасқанда қолдары күйіп қалады, сол себепті ханшайымның қолын ешкім алмайды. Ханшайым Сургут, Курск, Оттава қалаларымен және Финляндия, Хорватия мемлекеттеріне барып демалғанды ұнатады. Сұрақ: Набира ханшайым және ханшайым демалысқа баратын мемлекеттер кімдер? (Натрий және су, күкірт, оттек, фтор, хлор)


ҮІ бөлім «Химиялық портрет»

І топ.

Шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерттеулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды. 1748 жылы атом-молекулалық ілімінің негізін жариялаған және де химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңын ұсынған орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, суретші, тарихшы (М.В. Ломоносов)

ІІ топ.

1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамал жасап, осы жорамал негiзiнде ол негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. Ол өз есiмiмен универсалдық тұрақты сан (6,02*1023) – идеал газдың 1 молiндегi молекулалар саны деп атаған итальян физигi және химигі (Амедео Авогадро)

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс жеңімпаздарын анықтау үшін, әділқазылар алқасын ортаға шақырайық.

Қорытынды.

Бүгінгі "Құпияға толы химия еліне" жасаған сапарларыңызда қиындықтан қайырылмай өткен жеңімпаздарды құттықтаймыз. Әрдайым сапарларыңыз сәтті болғай!