Файл: ТАырып Инвестициялы саясат туралы ым Инвестицияны экономикалы мазмны мен рлі Инвестиция термині латынны invest сзінен аударанда салым салу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 139
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТАҚЫРЫП: Инвестициялық саясат туралы ұғым
Инвестицияларға ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалдар, өндірістік қорлар және тағы басқалар жатады. Экономикалық қызметіне байланысты инвестицияның жалпы капиталы келесідей бөліктерге бөлінеді: ауыл шаруашылығы, орман және аң аулау шаруашылықтары, балық аулау шаруашылығы, өндіріс, сауда, автокөлік жөндеу, қонақ үй мен мейрамхана, көлік пен байланыс, қаржылық қызмет, жалға беру қызметтері, мемлекеттік басқару, білім және әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, коммуналдық қызметтердің көрсетілуі.Нақты инвестициялар үш негізгі бағытқа бөлінеді. Жалпы капиталдың кәсіпкерлік инвестициялары, тұрғын үй құрылысының инвестициялары және қорлардың өзгеруі (тауарлыматериалды қорлардың инвестициялары).Сондай-ақ, инвестициялар таза және жалпы инвестициялар болып бөлінеді. Бұл бөліну функционалдық капиталдың айналмалылығы инвестициямен байланысты екендігін көрсетеді.Инвестицияны жүзеге асыру үшін оның белгілі формалары болады. Олар ақшалай және тауарлы, қысқа және ұзақ мерзімді, несиелік және кәсіпкерлік болып бөлінеді. Қазіргі кезде кәсіпкерлік форма Қазақстан экономикасы үшін өте қолайлы. Кәсіпкерлік капитал жеткізілімі өз кезегінде шекарадан тыс жерлерде филиалдар, еншілес компаниялар және бірлескен кәсіпорын құруға бағытталған ұзақ мерзімді шетелдік инвестициялар болып табылады.Инвестициялар экономикалық категория ретінде келесі негізгі функцияларды атқарады: өндірістік және өндірістік емес аймақтағы негізгі қорлардың жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісі; айналым капиталын қамтамасыз ету және толтыру үдерісі; капиталды бір саладан басқасына, аса тартымды, нақты және портфельдік инвестициялардың негізінде қайта құру үдерісі; басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алу және активтеріне қаражаттарды салу жолымен меншік иелері арасында капиталды қайта бөлу үдерісі.Қорыта айтқанда, инвестиция – бұл пайда табу мақсатында тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың түрлерін сипаттайды.
Инвестицияның жіктелінуі
Бағытталуы бойынша:
нақты инвестициялар
материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар
интелектуалдық инвестициялар
қаржылық инвестициялар
Объектіні басқару мүмкіндігі бойынша:
тікелей инвестициялар
портфельдік инвестициялар
басқа да инвестициялар
1-сурет. Инвестицияның жіктелінуіНақты инвестициялар – негізгі капиталға, жөндеу жұмыстарына, айналым қаражаттары қорларына, құрал-жабдықтарды сатып алуға, жер учаскелеріне және кен орындарының қорларына салынатын салымдар. Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар – жер учаскесін пайдалану құқықтарын сатып алу, лицензияны, тауар белгісін, патенттерді, ноу-хау және тағы басқаларды алуға кететін салымдар. Интеллектуалдық инвестициялар – жұмысшылардың кәсіби біліктілігін көтеруге және ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық жұмыстарды жүргізуге жұмсалынатын салымдар. Қаржылық инвестициялар – бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға жұмсалатын салымдар. Тікелей инвестициялар – нақты ұзақ мерзімді жобаға қаражат салу және нақты активтерді сатып алумен байланысты салымдар. Портфельдік инвестициялар – капиталды жобалар тобына салу, мысалы әртүрлі кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алуға кететін салымдар. Басқа да инвестициялар – басқа да әр түрлі ұйымдармен берілетін займдар.Инвестицияның типтері:1. Салым салу саласына және ақша-қаражаттарды жұмсау бағытына қарай инвестиция үш түрге бөлінеді: қаржылық инвестициялар; материалдық емес активтерге жұмсалынатын инвестициялар; материалдық активтерге жұмсалынатын инвестициялар. Қаржылық инвестицияларға бағалы қағаздарды сатып алу шығындары, басқа да заңды тұлғаларға берілетін несиелер, кепілдіктер, сонымен қатар несиелік және банктік мекемелермен берілетін несиені ұсыну жатады. Материалдық емес активтерге жұмсалынатын инвестицияларға лицензиялар, зерттеу, барлау жұмыстары, ноу-хау, кадрларды оқытуға, даярлауға кеткен шығындар, жарнама, фирма имиджі, әлеуметтік салаға жұмсалынған шығындар, тауар белгілері, авторлық құқықтар жатады.
Материалдық активтерге жұмсалынатын инвестицияларға негізгі капиталға жұмсалынған салымдар, негізгі қордың жөндеу шығындары, жер учаскелері, табиғатты пайдалану объектілері жатады. Материалдық активтерге жұмсалынатын инвестицияларды нақты инвестициялар, ал бағалы қағаздарға жұмсалынатын инвестицияларды портфельдік инвестициялар деп атайды.2. Жүзеге асырылу мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді инвестициялар (1 жылдан 5 жылға дейін); орта мерзімді инвестициялар (5 жылдан 20 жылға дейін); ұзақ мерзімді инвестициялар (20 жылдан жоғары). 3. Қайта өндіру үдерісіне қатысу деңгейіне байланысты: қайта инвестициялау – реинвестициялар, негізгі өндірістік қорларды жаңартуға, жөндеуге, қайта қалпына келтіруге бағытталған инвестициялар; нетто инвестициялар – өндірісті кеңейтуге арналған инвестициялар; брутто инвестициялар – қайта инвестициялау және нетто инвестициялардың жиынтығы. 4. Тәуекелдік деңгейіне байланысты: тәуекелділігі төмен инвестициялар – бағалы қағаздарға салынатын салымдарға қатысты инвестициялар; тәуекелділігі орта инвестициялар – нетто инвестициялар; тәуекелділігі жоғары – компанияның акцияларына салынатын салымдар, венчурлық инвестициялар. 5. Аймақтық сипатына байланысты: шетелдегі инвестициялау – берілген елдің мемлекеттік шекарасынан тыс орналасқан инвестициялау объектілеріне қаражаттарды салу; ішкі инвестициялау – берілген елдің аумағында орналасқан объектілерге қаражаттарды салу; аймақтық инвестициялау – мемлекеттің нақты аймағының шегінде қаражаттарды салу.Қазақстан экономикасында инвестициялардың тікелей және портфельдік жіктелінуі кең тараған. Портфельдік инвестициялар – заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын қаржы делдалдары шығарған бағалы қағаздарға салу арқылы жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарға салынатын салым есебінен инвестор өзінің қаржылық капиталын арттырады және дивиденд алады. Портфельдік инвестицияларда инвестордың басты негізгі міндеті қор нарығында бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларымен жүзеге асырылатын оңтайлы инвестициялық портфельді құру және басқару болып табылады. Сондай-ақ, портфельдік инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операцияларды жүзеге асырады. Тікелей инвестициялар – инвесторға объектіні басқаруға немесе оның қызметін қадағалауға құқық береді, заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады. Инвестор тікелей инвестицияға қаражат салу нәтижесінде өзінің өндірістік капиталын арттырады, яғни тікелей инвестицияның капитал құру негізіне ие салымдар болып табылады.
Экономикалық деңгейде инвестицияларды макро және микро деп екіге бөлуге болады.Макродеңгейдегі инвестициялар: өндірісті дамытуға үлес қосуға; елдің төлем қабілеттілігі сұранысын қанағаттандыруға; тозығы жеткен өндірістік қорларды жаңартуға; ірі өнеркәсіптердің мәселелерін шешуге; әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге; экономиканың болашақтағы өсіміне негіздер қалауға; тауардың қажетті мөлшерде, сәйкес сапада, ішкі сұранысын қалыптастыруға бағытталады. Микродеңгейдегі инвестициялар: негізгі өндіріс қорларын кеңейтуге, жаңасын салуға, жөндеуге, қайтадан жаңғыртуға; негізгі қорлардың моралдық, физикалық тозуын болдырмауға және өндірістің техникалық денгейін көтеруге; жаңа техника мен технологияларды енгізуге; жоғары білікті мамандарды дайындауға және кәсіпорынның басқа да мақсаттарына жетуге; қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жүргізуге; еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін енгізуге бағытталады.
-
Инвестицияның экономикалық мазмұны мен рөлі

Инвестицияның жіктелінуі және түрлері

Инвестицияның субъектілері мен объектілері