Файл: ТАырып Инвестициялы саясат туралы ым Инвестицияны экономикалы мазмны мен рлі Инвестиция термині латынны invest сзінен аударанда салым салу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы

Инвестициялық қызмет инвестицияларды салу үдерісін сипаттайды. Ол берілген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ынталы заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттің тәжірибелік мақсатты кешенін қамтиды.

Инвестициялық қызмет экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатын көздейді. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық, өндірістік үдерісті қамтиды және оның кейбір мәселелеріне (мысалы, негізгі өндіріс қорларын жөндеуден өткізуге, жаңа техниканы ендіруге) әсер етеді. Сондай-ақ инвестициялық қызметке қаржы салу және арнайы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жатады.

ҚР-да инвестициялық қызмет заңдармен реттеледі және бағдарламалық мақсаттық сипатқа ие болып табылады.

Инвестициялық қызмет – бұл инвестицияларды салу және инвестициялау, инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік қызметтер жиынтығы. Сонымен қатар, инвестициялық қызмет инвестордың инвестициялық объектіні таңдауы және құруы, оны пайдалануы мен жоюы, қажетті қосымша салымдарды жүзеге асыруы мен сыртқы қаржыландыруды тартуы бойынша инвесторлардың қызметін түсіндіреді.

ҚР-ның заңында инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік кызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған, тіркелген активтері жөніндегі қызметі деп көрсетілген.

Жалпы инвестициялық қызметті құқықтық реттеудің 2 формасы бар:

1) Ұлттық құқықтық реттеу;

2) Халықаралық құқықтық реттеу.

Ұлттық құқықтық реттеу формасы – бұл инветициялық қызметке байланысты және оны реттеуге бағытталған сол елдің аумағында әрекет ететін заңдылықтар мен нормативтік-құқықтық актілер кешені.

ҚР-ның инвестициялар туралы заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді және ҚР-ның «Инвестициялар туралы» заңы мен өзге де нормативтік-кұқықтық актілерінен тұрды. Сонымен қатар, бұл заң мемлекеттік бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға, коммерциялық емес ұйымдарға – оның ішінде білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни мақсаттар үшін капитал салуға байланысты қатынастарды реттемеді.

«Инвестициялар туралы» заң ҚР-дағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттеді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындады.


ҚР сында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік берді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгіледі.

Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын саласына байланысты қатынастарға «Инвестициялар туралы» заңының ережелері ҚР-ның осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылды. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта осы зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылды.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі негізінде ҚРның заң актілерінде инвестициялық қызметте шектелетін немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлері мен аумақтары белгіленген. Сонымен қатар, бұл заңда инвестиция, инвестициялық қызмет, инвестор, инвестициялық преференция ұғымдарына анықтама берілген.