Файл: Экология мірді соып тран жрегі!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебі


Тәрбие сағаты





Сабақтың тақырыбы: Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі!      

Бастауыш сынып мұғалімі: Оразбаева Х.К.

2019-2020 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі!»       

 Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

       

  Керекті құрал – жабдықтар  мен көрнекіліктер: Тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері, «Қ.Сәтбаевтің суреті», видеотаспа және т.б        

  Өткізу әдісі: әңгімелеу,  сұрақ – жауап , жарысу, өлең оқу, ойыншық жасау, есептеу әдістері .

Тәрбие сағатының жоспары:

1.     Ұйымдастыру  3-4 мин

2.     Негізгі кезең    21 мин

3.     Қорытындылау  5 мин       

1.Ұйымдастыру кезеңі.    

     Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. Оқушылардың ішінен 3 оқушыдан тұратын «Эксперт»тобын құрып, олардың  міндеттерін түсіндіру.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Қалған оқушыларды басқа топтарға бөлу. Ол үшін оқушыларға ақын, жазушы, жыршылардың суреттері, калькулятор, шот, компьтердің суреттері және қайшы, желім, жіп, ине салынған суреттер көрсетіледі. Оқушылар өздеріне ұнаған   суреттерді таңдайды, соған байланысты топтарға бөлінеді: «Шығармашыл» , «Үнемшіл» , «Өнер» топтарына бөлініп отырады.       

2. Негізгі кезең.

Экологиялық экспресс ұйымдастыру.       

Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысатынын айтып, келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап  айтуды мұғалім өзінен бастайды.

Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.

Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

Сол кезде «Эксперт» тобы оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкершілікті сезінеміз бе?

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. Сендер әлі оқушысыңдар, болашақта Қазақстанның белгілі де, білімді азаматы болсаңдар сендерде  Жерге іздеріңді қалдырасыңдар. Мысалы қазақтың қара тасын құрметтеген Қаныш Имантайұлы  Сәтбаев өз ізін  қалдырды. Ол адамның орасан еңбегі үшін, 1976 жылғы маусым айында  ашылған  «№ 2402 кіші  планетаға» аты  берілді.

"Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.

«Сәтбаев» планетасын  әрдайым Торпақ жұлдызынан көріп отыруға болады» - дей отырып  ол «Эксперт»  тобына сөз береді. Бұл топ өздерінің байқағандарын айтады.         
3. Қорытынды

 «Қазақстанның байлықтары»  фильмін көріп, оқушылар Қазақстанның байлықтарын айта келіп, оны өндірудегі табиғатқа зиян келтіретін екінші жақтарын көрсетеді. 

« Тіршілікті дұрыс иемденбеу неге әкелді?»  

«Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды ?» - деген сұрақтарға жауап беріп,ой қозғайды.