Файл: Жмба негізгі мектебі кмм 5 А 6 А сыныптарыны трбие жмысыны сараптамасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жұмба негізгі мектебі» КММ
5 «А» - 6 «А» сыныптарының тәрбие жұмысының сараптамасы
2022-2023 оқу жылы
5 «А» сыныбында 1 оқушы, 6 «А» сыныбында бес оқушы білім алады, олардың ішінен 5 «А» сыныбында ер бала, 6 «А» сыныбында төрттеуі- ер бала, біреуі - қыз бала. Білім сапасы оқу жылының басында да, аяғында да 100. 6 «А» сыныбында оқу озаттары – 2 оқушы ( Арыстанбекова Аяулым, Нурлиханов Ердаулет), оқу екпінділері – 3 оқушы ( Жұмабеков Алишер, Кеңесқанов Әли, Шафих Нұрасыл), 5 «А» сыныбында Төлеубек Ержүрек «қанағаттанарлық» деген бағаға оқиды.
Тәрбие жұмысы оқу жылының басында құрылып , бектіліген жоспар бойынша жүргізілді. Сынып сағаттары және басқа да іс-шаралар тәрбие жұмысының төмендегідей мақсат, міндеттерін орындауға бағытталған: : мақсаты - жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу, міндеттері - жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар құқықтық санасының өсуіне, оның балалар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету; тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
Тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
-
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты. Оқушыларды өз отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуіне ықпал ету, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық.», «Сақ жүрейік көшеде», «Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік», «Елбасы – ел тірегі», «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» атты сынып сағаттары өтті. -
Рухани-адамгершілік тәрбиесі бағытының мақсаты – тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарынт қалыптастыру. «Ұстаз –ұлы есім», «Қарттарым – асыл қазынам», «Ұлт ұстазы – Ы,.Алтынсарин» атты сынып сағаттары оқушылардың бойында рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірімділік, ақылдылық, шыншылдық, қайырымдылық, адамгершілік, әдептілік сияқты асыл қасиеттерді игеруге,бағалай білуге ықпал етті. -
Ұлттық тәрбие бағыты. «Ана тілім-айбыным!» , «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты сынып сағаттары мен әс-шаралардың мақсаты- тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау . -
Отбасы тәрбиесі бағытының мақсаты - ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. «Оқушыларды орта буынға бейімдеу – қиын да күрделі іс», «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыптарында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналармен тыңыз байланыста жұмыс жүргізілді. -
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты. «Еңбек бәрін жеңбек» атты тәрбие сағаты мен сенбілік тәрбие шаралары оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың табиғатты қорғау қабілетін арттыруға, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға үйретуге бағытталған. -
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениеттік тәрбиесі бағыты. «Қазақ тіл білімінің атасы- А.Байтұрсынұлы», «Жүректен маржан іздеген» , «Ұлттық валюта – теңге» атты тәрбие сағаттары мен тәрбие шаралары ы оқушылардың жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бағытталды. -
Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие бағыты. «Күз ертегілері», «Қош келдің, Жаңа жыл!» тәрбие шараларының мақсаты тұлғаның жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдауға, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға бағытталған. -
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты. Оқушыларға темекінің ағзаға келтіретін зияндығы туралы мәлімет беру, салауатты өмір салтын ұстануға насихат жүргізу, гигиеналық талаптарды орындауға, денсаулықтарын күте білуге үйрету мақсатында «Салауатты өмір салты» атты сынып сағаты жүргізілді.
5 «А» -6 «А» сыныптары мектепішілік іс-шараларға белсенділікпен қатысады.
Жоспарда бекітілген іс шаралар жүзеге асып, тәрбие мақсаттары орындалды.
Сынып жетекшісі: Кусаинова С.К.,