Файл: Шахматтаы те ойын. МЖ. Бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 59

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Шахматтағы тең ойын. ҚМЖ.

«Бекітемін» Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары:

Пәні:

Жетекшісі:


Сабақ реті:

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы:

Шахматтағы тең ойын.

Сілтеме:

Орта мерзімді күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Жалпы мақсаттар:

Оқушыға шахмат ойынының фигураларының жүрістерін үйрету. Ойнату. Қандай жағдайда тең ойын болатынынын түсіндіру. Тапсырмалар беру.

Оқыту нәтижесі:

Оқушы фигуралардың жүрістерін біледі. Шахмат нотациясын жатқа айтады. Тең ойын қай жағдайда болатынын біледі.

Түйінді идеялар:

Оқушыға сұрақтар қою арқылы ойлау дағдысын қалыптастыру. Серіктестермен бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру.

Жаттығулар:

1. Жұптық жұмыс. Тапсырмаларды нотациямен жазу. Фигураларды орналастыру. Тапсырмаларды талдау. Жұлдызша беру.

Дәптермен жұмыс. Конспект. Шахматтағы тең ойын.

Тең ойын жасау үшін қарсыласының фигурасын айырбастау кезінде

аз шығынмен ұтып алуға тырысу керек. Ойынның соңында корольдерден басқа бір жағының 1 піл мен бір слоны қалса, тең ойын деп есептеледі. Каролге шах қойылмай, жүріс таусылып қалса, ойын «пат» болып аяқталады.

Екі жақ ұта алмайтындарына көздері жетіп, келісіп қол алысса тең ойын саналады.

Ұтқан ойыншы 1 ұпай, тең ойнаса жарты ұпайдан, жеңілгенге 0 нөл ұпай беріледі.

Тапсырмалар

Мат қоюға тас жетіспейді.Тең ойын.

Жүрістің жоқтығынан мат қоя алмайды. Тең ойын.

f7 жүрісінен кейін қол алысып тең ойынға келісу. Тең ойын.

Пат. Тең ойын.

Ферзь 30,32,34-ші жүрістерінде е2-ге үш рет келді. Бір жүрістер үш рет қайталанса, тең ойын саналады.

Бұл партияда 121-ші жүрістен кейін 50 жүрісте мат қоя алмады. Бұл да тең ойын болады.


Еске түсіру және

қорытындылау

сұрақтары


1. Шахмат ойындарында тең ойын болады ма?

2. Корольмен бірге қандай екі жеңіл фигура қалғанда, ойынды тоқтату керек? 1 ат, 1 піл

3. Екі жақтың карольдары мен бір жағының бір аты мен бір пілі қалса, мат қоюға болады ма?

4. Кезегі келген ойыншының жүрісі таусылып, кароліне шах қоя алмаса, не болады? Ол қалай аталады?

5. Егер ойында бір жүрістер 3 рет қайталанып ойналса, оны қалай атайды? Шексіз шах.

6. Өзара келісу арқылы жеңуге мүмкіндік жоқ деп есептеліп, келісудің нәтижесін қандай ойын деп атайды? Тең ойын.

7. Пат дегенді қалай түсінесіңдер?

8.Тең ойынға қандай ұпай беріледі?

9.Диогональ деген не? 10.Горизонталь деген не?

11. Вертикаль деген не? 12.Ауыр фигураларға қандай фигуралар жатады? 13. Жеңіл фигураларға қандай фигуралар жатады? 14. Ауыр фигураны бірінші жүрген дұрыс па, әлде жеңіл фигураны бірінші жүрген дұрыс па?

15. Ортадағы қиғаш қара жолақтар не деп аталады?

Үйге :

Сұрақтарға жауап жазып келу.Шахмат ойнау.