Файл: абылдаан Жамила Дуйсенова Орындаан Тоамбай Саынды Тобы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек. Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек.
-
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім дұрыс жауап беру үшін балаға уақыт беру керек. Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап, қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.
-
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек.
Сондай ақ түрлендіру, дамыту, толықтыру керек. Әртүрлі қалып пен мәтінде қарастыра білу керек.
-
Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.
-
Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері
Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.
-
Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.
Қалыптастырушы бағалау әдістері:
-
Дембо және Рубинштейннің «Ғажайып сызғыш» әдістемесі арқылы бағалау;
Т.Дембо және С.Рубинштейн ойлап тапқан «Ғажайып сызғыш» әдісі оқушыларға өз білімдерін бағалау көмектеседі. Мысалы, математика сабағында «Жазбаша көбейту және бөлу» тақырыбы бойынша оқушылар әр сызыққа білу, түсіну деңгейіне байланысты белгі қояды. Әр бір сызық бір критерийді білдіреді. Бірінші сызық - сандарды алгоритм бойынша жазбаша дұрыс жазу. Екінші сызық – кестелік көбейту және бөлу. Үшінші сызық - көп таңбалы сандарды қосу және азайту. Келесі сызық - көбейтіндінің немесе бөліндінің мәнін табу. Барлығын дұрыс орындаған оқушы сызықтардың жоғарғы жағына белгі қойып шығады.
1 2 3 4
Осылайша оқушы өзін бағалап, біліміндегі кемшіліктерді көріп, түзетуге әрекет жасайды. Бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
-
Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау; -
Эмоциялық қалыптар кескіндемесі арқылы бағалау.
«Кемпірқосақ» әдісі
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
-
Пікірнама жазу арқылы бағалау;
1.Мен бүгін білдім
2.Мені қызықтырды
3.Қиын болды
4.Менің қолымнан келді
-
Жапсырма қағаздар көмегімен бағалау; -
М.Люшер әдістемесін басшылыққа ала отырып бағалау.
Бояулар не білдіреді? | | | | |||
| | | | | ||
Жасыл | Көк | Сары | Қызыл | | ||
Барлық тапсырмаларды өзім орындай аламын | Қиындығы орта деңгейдегі тапсырмаларды орындадым | Тапсырмаларды мұғалім көмегімен орындадым | Тапсырмаларды түсінбеймін және орындай алмаймын | |
-
«Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау
Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→ бағалау деп жіктеледі. Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға,әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды. Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді.Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.
-
Тест түрлері
-Мини тест (Бір дұрыс жауабы болады)
-Элективті тест (Оқушылар А,В,С,Д карточкаларын көтеру арқылы)
Мұғалім әрбір оқушыға «А,В,С,Д» әріптері бар карточкаларды таратып шығады да олардан дұрыс жауаптарын карточкаларын көтерулері арқылы білдірсін дейді. Ұстаз міндетті түрде оқушыларға ойлануға 20 секунд беруі қажет. Ұстаз қатысушылармен жауаптардың әр түрлі нұсқаларын талқылап, оларға өздерінің таңдауларын түсіндіріп берулерін ұсынады. Олардың жауаптары оқушылардың оқытылған тақырыптың түсінгендіктері және деңгейлерін байқатады. Соған орай мұғалім тақырыпты тағы бір түсіндіру керек пе, әлде жалғастыра беру керек па соны анықтайды.
-Формативті тест (шағын топта отырып талқылау арқылы жауап беру)
Мұғалім оқушыларды ерікті түрде бірнеше топтарға бөлді. (әрбір топта 4-5 оқушыдан). Әрбір қатысушы сұрақтары бар бір бет және жауап жазуға бір бет алады. Әр кіші топтардағы қатысушыларға тесттағы сұрақтарды талқылауларына уақыт беріледі. Оқушылар талқылаудан кейін әр біреуі жеке жауап парақтарын толтырады. Әрбір оқушының ұпайлары жеке есептелінеді.
-
«Басбармақ»
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
-
«Бағдаршам»
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
Мысалы:
•Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
•Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
•Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.
Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып, дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл түсті көтеріп жатады.
Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.
Қалыптастырушы бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті деуге болады. Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Қателіктер болған жағдайда мұғалімге өзінің жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс бере алады. Кері байланыс - бұл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарды сезінуіне және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған ақпараттар.Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімніңбілім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп , сабақты ірі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
-
Білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру; -
Тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау; -
Білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру; -
Кері əсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.
Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек. Егерде бала қателессе, жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап, қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп. Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және өзара бағалау парақтарын, өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.
Нәтиже
-
Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды; -
Білімге деген ынтасын арттырады; -
Баланың өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді; -
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес, кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады; -
Оқушылар жұпта, топта жұмыс істеуге дағдыланды.