Файл: 9 8 пернетатадан кейпкерді басару.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні

Әскербек А.Т.

Күні

26.04.2023

Сынып 9

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Кейіпкерлерді анимациялау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


9.3.2.1 Pythonтіліндегісызықтықалгоритмдердіжазу

9.3.3.7 кейіпкер қозғалысын программалау

9.3.3.8 пернетақтадан кейпкерді басқару;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Анимация, анимациялау кезеңдерін анықтау

Көптеген оқушылар:

Анимациялау алгоритмдерін программалауда қолдану.

Кейбір оқушылар:

Анимацияланған компьютерлік ойындардың зиянды және

пайдалылығын салыстыру, тұжырымдау.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

09.35-09.40

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу

Сабақ барысында оқушылар оқулықпен және таратпа материалдармен жұмыс жасайды. Алгоритмді компьютерге жазу арқылы экран бетіне анимация шығады.

Алгоритмді жазған кезде оқушылар қате жіберіп алмауы керек жазылуында

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.






Сабақтың ортасы

5 мин

09:40-10:05

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Спрайт –ойындағы графикалық нысандар,көбінесе кейіпкерлер. Әдетте спрайттардың программалық кодтағы графикалық примитивтер сияқты суреті салын айды, олар алдын ала жасалады (яғни ойынды іске қосу кезіндегі дайын сурет). Оларды бір тұтас экран ретінде манипуляциялауға және жылжытуға болады. Спрайт әртүрлі сипаттары және әдістері бар нысан ретінде қарастырылады (мысалы: ені, биіктігі, түсі, т.б.).
Ойынның басты класынан бастайық (оны Game деп атаймыз), ол басқа кодты басқарады. Game класында __init__ ойынды бастау функциясы, сондай-ақойынанимациясыныңбастыцикліболады.

Мысал үшін қарапайым жарыс ойынын көрейік.
Ойыншы көлікті бақылап, солға және оңға қарай жылжуы мүмкін. Сондай ақ жоғары және төмен пернелердің көмегімен жылдамырақ және баяу жүре алады.

Car.py класын құрыңдар. Бұл класс көліктің сипаттамасын ұсынады. Ол РyGame-дегі Sprite класынан шыққан. Көлікті біз тік төртбұрыш ретінде саламыз. image.load() функциясын пайдалана отырып, көліктің суретін жүктеуге де болады.

Компьютермен жұмыс

Автокөлікті қозғалту программасының кодын

компьютерде орындаңдар.

1-код

import pygame; pygame.init()

screen = pygame.display.set_mode([400,360])

screen.fill([255, 255, 255])

#Ойын терезесіне ат береді

pygame.display.set_caption('Анимация' )

#Cуретті жүктейді

avto = pygame.image.load('avto.png')

#Cуреттің ойындағы өлшемін береді

avto=pygame.transform.scale(avto,(180, 100))

#Cуретті экранда көрсетеді

screen.blit(avto,[10, 50]); pygame.display.flip()

#Программаны 1000 милли секундқа тоқтатады

pygame.time.delay(1000)

#Cуреттің экранда орнын өзгертіп қайта

көрсетеді

screen.blit(avto,[210, 50]); pygame.display.flip()

running = True

while running:

for event in pygame.event.get():

if event.type == pygame.QUIT:

running = False

pygame.quit()

Топтық жұмыс

Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында қандай

тақырыптағы компьютерлік ойындар ерекше

сұранысқа ие? Талдаңдар. Мысалдар келтіріңдер.

Жұптық жұмыс

Компьютерлік ойындардың пайдасы мен шектен

тыс ойнаудың адам ағзасына зияны жайлы өз

ойларыңды тұжырымдаңдар. Компьютерлік

ойындарды ойнауды ұнататын құрдас-

құрбыларыңа, өз денсаулығына зиян келтірмей

ойнаудың ережесін ұсыныңдар.

Оқушылардың жұмыстарын фигуралар арқылы

бағалау

Мұғалімді тыңдайды






Геометриялық

фигуралар

Сабақтың соңы

10 мин

10:05-10:15

Оқулықтағы қосымша тапсырмаларды орындау

1. Компьютерлік анимация дегеніміз не?

2. Pygame-де кейіпкерді қалай қозғалтады?

Түсіндір.

3.Pygame.time.delay функциясының қызметі не?

4. Қазақстанда түсірілген қандай анимациялық

мултьфильмдерді білесің?

Ойын терезесінде кейіпкерлерді өшірудегі масат не?

Оқушылар сабақ туралы бұрыннан не білетінін,

сабақта не білгенін, не білгісі келетінін кестеге

жазады.

Өзін-өзі бағалау.




Оқулық

Үй тапсырмасы

5 мин

Өзіңе ұнаған тақырыпта ойын кейіпкерін таңдап,

оны қозғалту программасын құрастыр