ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 840
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
К о р е к т е н у і. Бұлардың қоректері бір тектес болады. Жануар текті қоректерді пайдаланады, тек қана личинкалары өсімдіктермен қоректенеді. Құйрықсыздар мен құйрықтылардың
95
көпшілігі негізінен омыртқасыздармен: жауын құрттарымен, моллюскалармен, сүліктермен және түрлі насекомдармен қоректенеді. Жасыл бақалар кейде құстардың балапандары-на, ұсақ қеміргіштерге және балықтарға шабуыл жасайды. Өгіз бақа және мүйізді бақалар балапандарды, тышқандарды, кейде су жыландарын да ұстап қорек етеді. Алып салмандра-лар көбінесе балықпен және олардың уылдырықтарымен қоректенеді. Уылдырықты басқа құйрықтыларда пайдаланады. Аяқсыздар құрттармен, құмырсқалармен қоректенеді.
Құйрықсыздардың көпшілігінің личинкалары өсімдіктермен қоректенеді. Олар жүзіп жүрген ұсак балдырларды жұтады және мүйізді жағымен су өсімдіктерінің сабағын кеміріп жейді. Сонымен қатар планктондағы омыртқасыздарды, инфузорияларды, коловраткаларды, ұсақ шаян тәрізділерді де пайдаланады. Құйрықсыздардың личинкалары өсімдік тектес азықтармен қоректенгендіктен, олардың ішегі, ересектерінің ішегімен салыстырғанда ұзынырақ болады. Құйрықсыздар мен аяқсыздардың личинкалары жануар тектес организмдермен қоректенеді.
Қоректерін ұстау тәсілдері әрбір түрінде түрліше болады. Құйрықсыздар тек қана қозғалатын заттарға, желім сияқты тілін лақтырып тигізіп, жабыстырып ұстайды. Кейбір түрлері (жасыл бақа) саусағымен және жағымен ұстап коректенеді. Олар қоректік заттарын көру органдарымен рана анықтауы мүмкін. Аяқсыздар мен құйрықтылар қоректерін иіс мүшелерінің көмегімен тауып, тек қана қозғалмайтын организмдерді ұстап қоймай, қозғалатын организмдерді де жағының немесе тілінің көмегімен ұстап, қорек етеді.
К ө б е ю і. Амфибилердің еркектері мен ұрғашыларының сырт белгілеріне қарап байқау қиын. Кейбіреулерінің (әсіресе құйрықсыздардың) еркектері ұрғашыларынан әлде қайда кіші болады. Жазғытұрым қоныр бақалардың еркектерінің арқа жа-ғында жэне тамағының астында күлгін түсті теңбіл пайда болады. Тритондар мен протейлерде “күй салтанаты” кезінде ашық теңбілдер пайда болады. Морфологиялық құрылыстарында да ерекшеліктер байқалады. Мысалы жаз кезінде жалды тритондардың еркектерінің арқасында және құйрығында сүйел сияқты тері өсінділері күшті өсіп, оларда өте жиі орналасқан қан тамырының торлары пайда болады. Құйрықсыздардың еркектерінде алдыңғы аяқтарының саусақтарының ішкі бетінде сүйелденген төмпешіктер өседі, осы төмпешіктер арқылы еркектері шағылысқан кезде, ұрғашыларына бекім жабысады. Кейбір түрлерінде мұндай “күй сүйелі” денесінің басқа бөлігінде де болады.
Амфибилердің көбеюіндегі ерекшелік — олардың көбею ке-зінде суға келіп, жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтуі. Кейінгі кезде амфибилердің бірсыпыра түрлерінде судан тыс ортада көбеюге бейімделушілік қалыптасты. Әйткен-
96
мен бұл бейімделушілік екінші сипатта болатын қос мекенділердің азғана түріне тән ерекшелік.
Құйрықсыздардың көпшілігінде ұрықтану сыртта болады Еркегі ұрғашысының үстіне шығып, алдыңғы екі аяғымен ар-қасына мықтап жабысып алып, ұрғашысының жұмыртқасын қысып шығарады. Бұл процесс ұзақ уақытқа, кейде бірнеше күнге созылады. Бұл кезде олар су ішінде болады.
Құйрықтылардың көпшілігінде және аяқсыздарда ұрықтану іште өтеді. Аяқсыздар ғана кәдімгідей шағылысады және олардың еркектерінің шағылысу органы болады. Тритондардың еркектері ұзақ уақыт ұрғашыларының артынан еріп жүріп, оларды күтеді. Бұдан кейін спермасын кішкене қапшықшаларға салып, сперматофораларын су астындағы өсімдіктердін, үстіне шашады, олар өсімдіктерге бекиді. Ұрғашысы жүзіп келіп осы қапшықшаларға клоакаларын беттестіріп, ұрық жолдарына ендіріп, ұрықтанады. Құрлықта жүретін кұйрықты саламандралар сол мекендеген жерінде шағылысады. Бұл кезде еркек сала-мандра алдыңғы аяқтарымен үрғашыларын құшақтап, екеуі клоакаларын беттестіреді. Еркегінің сперматофоры ұрғашысы-ның клоакасы арқылы ұрық жолына өтеді.
Ұрықтанған жұмыртқаларын амфибилер көпшілігінде суға салады да оның келешектегі дамуына қамқорлык жасамайды. Сонымен қатар жұмыртқалардың басқаша жағдайларда дами-тыны туралы көптеген деректер бар.
Аяқсыздар жұмыртқаларын көпшілік жағдайда індерге, тас-тардың және түбірлердің астына салады. 20 шақты жұмыртқа салып, олардан личинкалар шыққанша, денесімен орап жата-ды. Личинкаларын жұмыртқадан шыға салысымен суға көші-реді, суда метаморфозы тез аяқталып, ересек формаға айна-лады.
Қалталы бақаның (Nоtotгеmа) ұрықтанған жұмыртқалары денесінің арқа бөліміндегі тері қатпарларының терең түкпіріне орналасады. Кейбір түрлерінің осындай қатпардан шыккан итшабақтарының дамуы суда аяқталады, ал кейбір түрлерінде барлық стадиялары осы қалташада өтеді де одан метаморфоздан өткен ұсақ бақалар шығады.
Оңтүстік америкалық бақа — Дарвинның ринодермасының (Rһіпоdегmа (dаwiпі) көбеюі ерекше болады. Еркегі ұрықтанған жұмыртқаларын жұтып көкірегі мен құрсағында болатын, ұзын дыбыс қапшықшасының ішінде алып жүреді. Бұл дыбыс қапшыкшаның ішіне 20—30 шақты жұмыртқа сияды. Ұрықтар алғашқы уақытта, тек-қана жүмыртқаның ішіндегі сары затымен қоректену арқылы дамиды. Сары заттары біткен соң, арқа және кұйрық бөлімдерінің бетімен бірігіп дыбыс қапшықшаларының ішкі беттеріне бекиді, ондағы көптеген қан тамырлары арқылы зат алмасу процесі жүреді. Бұдан сыртқа метаморфоздан өткен ұсақ бақалар шығады.
97
Кейбір бақалар жұмыртқаларын өздері жасаған ұяларға са-лады. Мысалы, Оңтүстік Американың филломедуза деген бақасы жұмыртқасын иіліп тұрған өсімдік жапырақтарының үстіне салады. Ол үшін олар жапырақтық жиегін бір-біріне жақындатып, бүріп кішкене конверт жасайды. Жапырақтың жиегі жұмыртқалардың қоймалжың қабымен желімделеді. Жұмыртқадан шыққан личинкалар біраз уақыт осында болып, кейін суға түсіп, метаморфозын аяқтайды. Тропиктік ормандарда тіршілік ететін кейбір түрлері де жұмыртқаларын иіліп, суға төніп тұрған жапырақтардың қолтырына салады немесе жапырақтың бетіне желімдеп қояды.
Кейбір амфибилер тірі туады, бұл құйрықтылар мен аяқсыз-дардың азғана түріне тән. Мысалы, теңбіл саламандралар (SаІаmапdга sаlаmапdга) әдетге тірі туады. Кейде (лабораторияда ұстағанда) жұмыртқа салады. Бірақ жұмыртқадан сол сағатың Ішінде сыртқы желбезегі бар личинкалар шығады.
Тау саламандралары (Sаlатапdга аtга) личинкаларыгіың ме-таморфозы анасының ішінде аяқталады. Үцгір саламандралары-мен (Sреlегреs fиsсиs) кейбір аяқсыз қос мекенділердің түрлері толық дамып жетілген тірі бала туады.
Амфибилердің жоғарыда көрсетілген көбею тәсілдерінің әдеттегі көбеюден ерекше болуы, олардың әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделіп, өзінен кейінгі тұқымын сақтауға қам ету болып саналады.
Амфибилердің өсімталдығы түрліше болады. Мысалы, қара саламандра 2 бала туады, ал теңбіл саламандра мен терілі құртша бір ғана бала туады. Цейлонның жылан балығы 10—15 жұмыртқа, буылтық құртша 5—10, пипалар 50—100, Дарвин ринодермалары 20—30 жұмыртқа салады. Шөп бақасы 1500— 4000 жұмыртқа, жасыл бақа 3—8 мың, ал қүрбақалар 10 мыңға дейін уылдырық салады.
Жылдық цикл. Амфибилердің құрлықта тіршілік етуге аз бейімделуі жыл маусымында болатын өзгерістерге сәйкес өзгеруге, икемделуге мәжбүр етеді. Олардың қалыпты тіршілік етуіне экваторлық зонада ғана толық жағдай бар. Ал кейбір жауын мен құрғақшылық алмасып отыратын облыстарда, олардың тіршілік әрекетінде үлкен өзгеріс болады. Құрғақшылық кезінде балшыққа көміліп, інге, тастың, басқа заттардың астына тығылып, ұйқыға кетеді. Біздің жердегі бақалар сентябрь айында ауа темпеартурасы 8—12 градус жылылықта ұйқыға дайындалады да, 3—5 градуста ұйқыға кетеді. Москва түбінде кейбір ересек формаларын октябрьдің жартысында да кездестіруге болады. Кейбір пікірлер қоңыр бақалардың су түбіндегі балшыққа көміліп жатпай, тастың астында, балдырлардың арасында қыстап шығатынын дәлелдейді.
98
Құрбақа, бақылдауық бақалар кеміргіштердің ескі інінде ағаш тамырының, тастың астында, подвалдарда қыстап шығады.
Тритондар мен саламандралар да топтанып немесе әрқайсысы өз бетінше мүктің арасына, ағаш тамырының, тастың астына, інге еніп қыстайды. Тритондар бақаларға қарағанда суыққа шыдамды келеді. Мысалы, олар — 1,5 градусқа шыдаса, бақалар — 0,5—0,8 градусқа ғана шыдайды.
Көктемде ұйқыдан ең алгаш апрельдің бас кезінде, кейде марттың аяқ кезінде коңыр шөп бақасы оянады. Жасыл бақа майдың бас кезінде, ал тритондар апрель айының басында оянады.
ҚОС МЕКЕНДІЛЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ
Ертедегі қос мекенділер Гренландияда жоғарғы девон қаба-тынан анықталған. Әзірше ондай жануарлардың бас сүйегі ға-на табылды. Ал толық скелеті тас көмір мен перм қабаттары-нан табылған. Бұл өте ертеде тіршілік еткен амфибилердің тобы — филлоспондилер (Рһуііоsропdуlі) отрядына топтасады. Бұлардың ең ұсақтарының (Вгапсһіоsаигиs) денесінің ұзындығы бірнеше сантиметр ғана болған. Сыртқы бейнесіне қарағанда, олар тритондарға ұқсайды. Ми сауытының басым көпшілігі сүйектенбеген, бірақ оның үстіңгі жағы тері тектес сүйекпен қапталып тұрады. Кейбір түрлерінде рудиментті желбезек қақпақшалары болған. Бас сүйегшің құрылысындағы кейбір элементтеріне қарағанда, бірқатарында личинка кезінде сыртқы желбезегі болғаны байқалады. Филлоспондилер отряды — амфибилердің ертеде тіршілік етіп, кейін құрып біткен, олардан қазіргі замандағы құйрықты және кұйрықсыздар отряды пайда болған болуы керек.
Амфибилердің екінші құрып біткен отряды — лабринто-донттар (LаЬугіпthоdопtіа). Олар тас көмір мен перм қабаттарынан және полезоц мен ерте мезозой дәуірінен белгілі. Бұл алуан түрлі өте көп жануарлардың тобы еді. Ертеде болған түрлерінің ұзындығы 60 сантиметрдей, бірақ көпшілігінің дене мөлшері ірі крокодилдердей болған. Жалпы бейнесі саламандраларға ұқсас, бірақ аяқтары нашар жетілген. Ми сауыты тері тектес сүйекті сауытпен қапталған. Кейбір түрлерінде сүйекті сауыт кұрсағында да болған, ол құрсақ бөлімін жер бетіндегі әр түрлі заттардың әсерінен қорғау қызметін атқарған. Бұл отрядтың ертедегі түрі еогиринус (Еоgигіпиs) тас көмір дәуірінде батпақты жерде тіршілік еткен су жануарлары. Кейін, карбон дәуірінің аяқ кезінде жер бетін мекендейтін аяғы жақсы жетілген түрлері пайда болған. Эволюциялық дамудың нәтижесінде ондай ам-фибилерден бауырымен жорғалаушылардың шығуы мүмкін.
Қос мекенділердің үшінші отряды. Лептоспондилер (Lерtоsропdуlі) карбон мен пермнің ортаңғы және жоғарғы қабатынан
99
белгілі. Бұлар тайыз сулар мен батбақты Мекен еткён, ұсақ жануарлар. Көпшілігінің денесі ұзын, рудиментті аяқтары болған.
Амфибилердің құрып біткен осы үш отряды стегоцефалдар немесе сауытты амфибилер (Stеgосерһаlіа) класс тармағын құрайды.
Стегоцефалдардың арғы тегі сүйекті балықтар болуы сөзсіз. Олардың құрылысының қарапайым (алғашқы скелетінің нашар сүйектенуі) болуымен қатар, желбезекгеріне қосымша қапшық тәрізді өкпесі болған. Сол сияқты суды есуге және жер бетінде жүргенде тірек болатын, келешекте бес саусақты аяқ дамитын жұп органдары да болған. Қауырсын қанатты балықтардың (Асtіпорtегуgіі) мұндай белгілері болмаған. Қос тынысты балықтар (Dірпоі) өкпемен тыныс алғанмен, су түбінде тіршілік етуге бейімделген балықтар тобына жатады. Стегоцефалдарға туыстық жағынан жақынырақ саусақ қанатты балықтар (Сгоssорtегуgіі). Олар өкпемен тыныс алады және аяқтарының скелеті стегоцефалдардың аяқтарының скелетіне ұқсайды. Ертедегі саусақ қанатты балықтар мен стегоцефалдардың бастарынын, сыртқы сүйектерінің орналасуы өте ұқсас болған. Осы кездегі ғылымға белгілі саусақ қанатты балықтар жер бетіндегі омырт-қалылардың арғы тегі бола алмайды. Өйткені, бұл саусақ қанаттылар кейінірек уақытта пайда болған. Жер бетіндегі омыртқалылардың тегі полеонтология ғылымы әлі анықтамаған ертеректе тіршілік еткен саусақ қанатты балықтардан пайда болған.