ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 809

Скачиваний: 22

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сүт қоректілердің тіршілігіндегі жылдық циклі. Сүт қоректілердегі биологиялық құбылыс, олардын, организмінің күйі, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы маусымдық заңдылыққа бағынады. Басқа жануарлар сияқты бұлардың да тіршілік циклі бірнеше периодтардан немесе фазалардан тұрады. Осыған сәйкес тіршіліктің жылдық циклінің өте қарапайым схемасын ұсынуға болады.

1. Көбеюге дайындық—сүт қоректілердің көбейер алдында мінез-құлқында елеулі өзгерістер болады. Бұл мезгілде полигамдар “үйір” немесе, “гарема” құрады. “Үйір” құрады. “Үйір” құру үшін еркектері бірімен-бірі таласып, маңына ұрғашыларын көбірек жинауға тырысады (бұғылар, теңіз мысығы, жылқылар т. б.)

Болашақта балалауына қолайлы жағдай тандауына байла-нысты шағылыс кезінде мекен еткен жерін тез ауыстырады. Мысалы, теңіз мысықтары құрғақ аралдарға кетеді. Ашық жерлерді мекендейтін қара бурыл түлкілер, түлкілер бұл кезде қалың шөпті, бұталы немесе тасты жерлерге ауысып, ін қазып, тиіндер, саршұнақтар, ондатраларда ескі індерін жаңартып, немесе жаңадан ін қазады.

2. Балалау және төлдерін тэрбиелеу — мерзімінде аңдар көбінесе тасалы жерде болып, жасырын тіршілік етеді. Мұндай жағдай әсіресе балаларын ашық немесе шұңқыр жерге туатын жануарларға тән (тұяқтылар, мысықтардын, ірі түрлері, қаскырлар және т. б.). Осы кезде аңдар індерінін, маңайынан ешқайда алыстап кетпейді. Тіпті мекенін жиі ауыстыратын жануарлардың өзі де отырықшы болып қалады. Балалары жетіліп тамақтық зат көбірек қажет болғанда, қоректік зат мол жерге ауыса-

271

ды. Тиіндер мен түлкілер сияқты көбею үшін уақытша ін казған сүт коректілердің түрлері балалары ержеткен соң інін тастап, қорегі мол жерге кетеді. Тұрақты індерінде болатын суыр, сар-шұнақтар мекенін ауыстырмайды.

Сүт қоректілердің балаларын сүтімен асырау мерзімінде бір-дей болмайды. Қасқырлар күшіктерін 4—6 жұмадай емізеді, қара бурыл түлкілер 6—8 жұмадай, ондатралар 4 жұмадай, қоңыр аюлар 5 айдай, ақ аюлар 1 жылдай, солтүстік бұғылары 4—5 ай, тау қойлары 5—7 ай емізеді. Жоғарыдағы өзгешелік әр түрлі жағдайларға: тамақтың сипатына, оны табу жағдайына, ата-анасы мен баласының мінез-құлқына, сүтінің химиялық құрамына байланысты жас особьтың өсу жылдамдығы да әр түрлі болады. Мысалы, Гренландия тюленьдерінің сүтінің құрамындағы су — 44%, белок—12%, май — 43 процентке жетеді, ал қант болмайды, минералдық заттар 1%, жасыл киттердін. сүтінің құрамында 47% су, 14% белок, 1% минералдық заттар, 38% май, солтұстік бұғыларының сүтінде — 65% су, 11% белок, 20% май, 1 % минералдық зат, 3% қант болады.



Жануарларда ата-енелерінің ұрпақтарымен бірігіп тұруы бір жылдан аспайды. Саршұнақтың балалары бір айдан соң ажырап кетеді, тиіндердің және қояндардың көжектері де осы шамадан аспайды. Түлкінің күшіктері 3—4 айлық, қасқырдікі 9—11 айлық кезінде, жолбарыстікі 2—3 жылдан соң ата-енесінен бөлініп, өз бетінше тіршілік етеді.

3. Қысқа дайындалу — мерзімінде аңдар түлеп, ескі жүнін тастап жақсы семіреді.

Тұрақты мекені жоқ жануарлар бір жерден екінші жерге қо-ректік зат іздеп, мекен ауыстырады. Жануарлардың семіруі — қысқы табиғат жағдайына байланысты өзіндік бейімделушілігі. Мысалы, саршұнақ көктемде 90—120 г болоа, ал жаз ортасында олаодың салмағы 400—500 г жетеді.

Қысқа дайындық әрқашанда миграциямен байланысты. Күз-де тіршілік жағдайы нашарлай бастағанда қара бурыл түлкі-лердің көпшілігі оңтүстікке орманды тундраға және орманды зонаның солтүстік бөлігіне ауысады. Солтүстік бұғылары күзде оңтүстікке барады, ал көктемде қайтып тундраға келеді. Бұғы-лармен бірге қасқырлар және росомахалар миграция жас-айды. Тундраның солтүстік бөлігінде тіршілік ететін ақ қоян-дардың кұзде оңтүстікке өріс аударып, ал көктемде қайтадан тундраға оралатыны анықталған. Тау жануарларының көптеген түрі жазда шөбі бітік, қансорғыш насекомдары аз, биік тау жайылымдарына шығып кетеді, ал қыста қары жұқа және шөбі мол тау етегіне ауысады (жабайы шошқалар, бұғылар, жабайы қойлар, ешкілер, маралдар т. б.). Шөлді жерді мекендейтін тұяқтылар күзде жайылымы жақсы тау етегіне келеді де, ал көктемде қайтадан шөлге оралады. Құстармен, балықтармен салыстырғанда сүт қоректілердің миграциясы айтарлықтай емес. Миграция процесі

272

айқын байқалатындарға теңіз сүт қоректілері, жарқанаттар жә-не тұяқтылар жатады.

4. Қыстап шығу — кезіндегі негізгі қиыншылық — тамақ та-бу жағдайының қиындап кетуі, тамақтың азаюы, тамақтың са-пасының нашарлауы. Мұндай қиыншылықтан құтылудын, ең қарапайым жолы тамақ іздеуде қозғалыс жылдамдығын арттырып, көп аймақты аралау. Осындай ерекшелікті көптеген жануарлардан — қасқырлар, түлкілер, жолбарыстар, барыс-тар; кемірушілерден — тиіндер, қояндар және түяқтылардың бірнеше түрлерінен байқауға болады. Сүт қоректілердін, кейбір түрлері қоректік азық іздеп, миграция жасамайды, олар қыстың қиыншылығын ұйқыда жатып өткізеді немесе қысқа қажетті тамақ қорын жинап алады.

Қысқы ұйқы сүт қоректілерде кең таралған құбылыс, бірақ ол кейбір отрядтардың өкіліне ғана тән ерекшелік. Қысқы ұйқыға клоакалылар, қалталылар, насеком жемділер, қол қа-наттылар, мүкі тістілер, жыртқыштар, кемірушілер' отрядының өкілдері жатады.


Қыскы ұйқы ұйықтау дәрежесіне қарай үшке бөлінеді.

1. Қысқы немесе факультативті ұйқы. Қысқы ұйқы кезінде жануарлардың организміндегі зат алмасуы, температурасы, тыныс алу құбылыстары төмендейді. Аюлар, жанаттар, жанат тәрізді иттер, борсықтар ұйқысынан мезгілі болмай-ақ оянады. Қоңыр аюлар қыста жер апандарда немесе құлап жатқан ағаштардың астында немесе шырша түбірлерінің астында ұйықтайды. Қара аюлар, жанаттар — ағаш үңгірінде, жанат тәрізді иттер — саяз індерде немесе жиылған шөптің ішінде ұйықтайды, ал борсықтардың індері терең және күрделі құ-рылысты болады. Ұйқыға жату немесе одан ояну мерзімі андар-дың тіршілік еткен жағдайларына тікелей байланысты, мысалы, қоңыр аю Сибирьдің солтүстігінде октябрьден бастап май айына дейін ұйқыда болса, Европаның солтүстігінде олар ноябрьден апрель айына дейін, Кавказ тауларының оңтүстік беткейінде декабрьден февральға дейін ұйықтайды, ал Закавказьеде кейбір жылдары аюлар тіпті ұйқыға жатпайды.

2. Н а ғ ы з ұ й к ы — кезінде температура төмендеп, тыныс алу жиілігі бәсеңдейді. Алайда кыс ортасында күн жылы болған күндері қысқа мерзімге мезгіл-мезгіл ояна алатын қабілеті бар жануарлар жарқанаттар, шұбар тышқандар, аламандар жатады.

3-Нағыз маусымдық үздіксіз ұйқыға жататындар — кірпілер, жарқанаттардың кейбір түрлері, сар-шұнақтар, суырлар, қосаяқтар болып саналады. Бұлар терең ұйқыға кетеді де, температурасы бірден төмендеп, тыныс алуы баяулап, өлі организмге көбірек ұқсайтын болады.

Үйқыға жатқан организмде зат алмасуы өте төмендегенмен де бүтіндей тоқтап қалмайды. Бұл кезде олар өзінің денесіндегі

273

тканьдері мен май корларын пайдаланады. Нағыз ұйқы қыста ғана емес жазда да болады. Ол — әсіресе саршұнақтарға тән құбылыс. Мысалы, солтүстіктегі теңбіл саршұнақ (С. sиslіса), август айында ұйқыға кетеді. Жартылай шөлді облыстарда тіршілік ететін кіші саршұнақ (С. руgmаеиs) июль айында ұйқыға кетсе, ал Орта Азиядағы саршунақтар (С. fиlvиs) июнь мен июль айларында ұйқыға кетеді. Жазғы ұйқының себебі; өсімдіктердің қурап кетіп, организмнің қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті суды ала алмауынан болады.

Қысқы ұйқы, сол сияқты нағыз ұйқы да тіршілікке қолайсыз жағдайларды өтеудегі организмнің бейімделуі болып саналады. Бұл көрсетілген екі түрлі құбылыстарда тіршілік жағдайының нашарлау дәрежесі жануарлардың түрліше бейімделуіне себепші болады.

Тамақ қорын жинау. Жыл мерзімдерінде қоректік азықтар-дың болмай қалуынан сақтанудағы жануарлардың бейімделуі. Бұл әсіресе кемірушілерге тән ерекшелік.


Біздің оңтүстік далалы жерді мекендейтін қорған салушы тышқандар (Миs mиsсиlиs һогtuгаnas) жерден үйіп, құмырс-қаның илеуі сияқты биіктігі 10—80 см, аумағы 50—200 см (ірге жағынан) етіп қорған салады. Сыртынан қарағанда ол төбешік секілді болып көрінеді. Оның ішінен күрделі торапталған жол-дар қазып, ішін бірнеше бөлікке бөледі де, олардың ішіне мәдени дақылдардың және жабайы өсімдіктердің дәнін жинайды. Әдетте мұндай қорғандардың ішіне жиылған дән 5—7 кг болады. Ал кейде 15—16 килограмға дейін дән табылғаны туралы мәлімет бар. Олар азықты 20—25 күннің ішшде август — октябрь айларында жинайды. Жиылған азық — қорларын тышқандар күзде, кыста және көктемнің басында пайдаланады.

Даланың кішкене экономка деп аталатын — сұр тышқаны (Місгоtиs оесопотиs), өзінің ініне дақылды азықтың дәндерін, ағаштың, шөптің тұқымдарын, құрғақ шөптерді және өсімдік тамырларын жинайды, оның ініне жинаған азық қорының мөл-шері 10 килограмнан астам болады. Осы сияқты азық қор-ларын цокорларда (Муозраіах туозраіах), соқырларда (Sраlах mісгорһаlmиs) індеріне жинайды. Орта Азияда кездесетін кемірушілердің көпшілігі өсімдіктің вегетативтік органдарынан қор жинайды. Мысалы, үлкен құм тышқаны (RһоmЪоmуs аріmиs) және кепкен шөпті індеріне жиятын ысқырғыш, немесе шөптергіш тышқандар (Осһоtопа). Дала тышқандарының көпшілік түрлері шөптің биіктігін 35—45 см етіп, ал көлемі — іргесінен өлшегенде 40—50 см болатын шөмеле етіп жинайды. Қыста ұйқыға жататын Шығыс Сибирьдің ұзын құйрық саршұнақтары (Сіtеlus ипdиlаtиз), шұбар тышқандары, аламандары да қор жияды. Тиіндер санырауқұлақты ағашқа іліп, кептіріп қояды.

Жыртқыштардьщ да біразы қорек қорын көп жинаса (қоңыр

274

күзендер, гіоркалар), ал аю, түлкі және сусар сияқтылары кор-ды аз жасайды.

Сандарының ауытқып тұруы. Сүт қоректілердің көптеген түрлерінің саны жыл сайын өзгеріп отырады. Оның ішінде әсі-ресе кемірушілердін. және кейбір жыртқыштардың (тиіндердің, кояндардың, ондатралардың, су тышқандарының, күзендердің, қарсактардың, түлкілердін т. б.) саны миі ауытқиды. Тұяқтылардың кейбір түрлерінің (солтүстік бүғыларының, киіктердің, жабайы шошқалардың) саны да жылма-жыл өзгеріп түрады. Жеке жүретін баяу көбейетін ірі жыртқыштардың санының ауытқуы шамалы болады.

Жануарлардың санының жыл сайын ауытқып түруы көбею кабілетіне, тіршілік жағдайына және тарауы, жыртқыштардың санының өсуі, қоректік азықтың мөлшері және ауа райының тұрақсыздығы т. б.