Файл: Мектепте информатиканы оыту трлері, дістері мен ралдары Кадеров. Д. Б мамандыы 0111000 Негізгі орта білім.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 70
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері мен құралдарыКадеров.Д.БМамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»Біліктілігі: 0111063 «Математика мұғалімі»Топ: 4аМК-9Ғылыми жетекшісі: Батыкова.А.САннотация: Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттыру жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді және жаңа ақпараттық құралдардың қолданылуы мен әдіс-тәсілдерін қарастыру, кабинеттің жабдықталуы мен ұйымдастырылуын айтып кетуге болады.Кілттік сөздер: Информатика, әдіс-тәсілдер, бағдарламалар, робот.Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері мен құралдары” болғандықтан, информатика сабағына қолданатын әдістер, олардың қолайлылығы мен оқушыларға әсерін зерттедім.Сонымен қатар түрлі оқыту түрлеріне байланысты АКТ құралдарын қолданып, оқушыларға беретін жақсы немесе жаман тұстарын зерттедім.Атақты чех педагогы Я. А. Коменскийден (1592-1670) бастау алған оқу үдерісін ұйымдастырудың сыныптық сабақ жүйесi отандық мектептiң бүкiл тарихындағы сабақты ұйымдастырудың құрылымдық негiзi болып табылады. [1]Информатика сабағына мен көбіне “дәстүрлі”, “түсіндірмелі-иллюстративті”, “бағдарламалық (компьютерлі)”, “проблемалық”, “дамыта” оқыту түрлерін қолдандым. [2]Негізі мен осы курстық жұмысыма байланысты сабақта өткізу әдіс-тәсілдерін екіге бөліп зерттедім.Олар:
https://learningapps.org/watch?v=pdjy904bt23
-
Күнделікті сабақ; -
Практикалық сабақ.
-
Ұйымдастыру кезеңі әдіс-тәсілдері; -
Үй тапсырмасын тексеру әдіс-тәсілдері; -
Өткен материалды қайталау немесе жаңа сабаққа қатысты әдіс-тәсілдер.
-
“Жүректен-жүрекке” әдісі- оқушылар бір-бірлерін ізгі тілектерін жүрекше арқылы білдіреді;
-
“Бес саусақ” әдісі- оқушылар қолдарының суретін салады, ал қалған оқушылар оған сол оқушының жақсы немесе жаман жақтарын жазады.
-
“learning apps” бағдарламасынан“сәйкестендіру”тапсырмасы, яғни үй тапсырмасын бағдарлама арқылы тексеру алдымен оқушыларға қызықты әрі барлық оқушыны бір мезетте тексеруге мүмкіндік береді. Үй тапсырмаларын тексергенде сыныптағы 15 оқушының 13-і тапсырманы түсініп, сол мезетте орындап, түсініп кетті
https://learningapps.org/watch?v=pdjy904bt23
-
Quiziz бағдарламасынан да тест тапсырмаларын беру арқылы оқушыдардың есте сақтау қабілетін арттыра алдым.
-
Басқа да көптеген программаларды үй тапсырмасын тексеруге қолдандым, оларға “kahoot”, “padlet”, “world whal” бағдарламаларын жатқызуға болады, осы айтылғандардың барлығы да оқушылардың үй тапсырмасын орындауы мен оны тексеруіне деген қызығушылығын арттырды
-
Бұл кезеңде көбіне тест тапсырмалары мен сәйкестендіру тапсырмалары болатындықтан, мен көбіне “learning apps”, “kahoot”, “padlet”, “world wall” сияқты бағдарламаларды қолдандым. Осы бағдардамалардың көмегімен сабақ қызықты өтіп, оқушыдардың жаңа сабақпен өткен сабаққа деген қызығушылықтары артты.
-
Қайталау сабағына арналған әдіс-тәсілдер;
-
Жаңа сабақты меңгертугеарналған әдіс-тәсілдер; -
Сабақты бекітуге арналған әдіс-тәсілдер.
-
“learningapps” бағдарламасынан “құрастырмақ” тапсырмасы, яғни бұл тапсырманы мен 5 сыныбыма берілген тарау “Робототехника” тарауы болғандықтан қолдандым. Сынып түгендей, тіпті сабаққа қызығушылығы төмен болған 3-4 оқушыларымның өздері сұрақтардың жауаптарын іздеп, қызығушылықтары артты.
-
“Видеосабақтар” қолдану- мен оқушыларға жаңа сабақты меңгертуге міндетті түрде видеосабақтар қолдандым. Себебі қазіргі оқушылар көбіне қызықты нәрселерді көру арқылы сабақты жақсы түсінеді;
-
“Роботтарды көрсету” оқушыларға тақырыпты түсіндіруге мен тақырыптарға байланысты роботтарды көрсетіп, олардың атқаратын қызметін түсіндіріп, оларға жеке-жеке көрсеттім. Бұл арқылы оқушылардың роботтарға деген қызығушылығы жоғарылады. -
“LEGO MINDSTORMS EV3” программасы- арқылы роботың іс-әрекетін құрастыру. Олар компьютерге робот іс-әрекетін құрастыру арқылы робототехникаға деген қызығушылықтары артып, сыныптың 11-12 оқушысы программаны құруды өте жақсы меңгере алды, ал қалған оқушыларда компьютер жетіспегендіктен қиыншылықтар туды.
-
Сәйкестендіру -
Тест -
Жасырын сөзді тап- деген тапсырмаларды жатқызуға болады.
-
“Flippity” спиннері- бұл спиннерде оқушылар тізімі тұрады, сол тізімнен түскен оқушы сабақтан не түйгенін айтады. Осы әдіс маған оқушылардан кері байланыс алуға көптеген көмектерін берді, себебі кейбір оқушылар сабаққа деген ойларын өз еркімен тұрып айтқысы келмейді, ұялады, сондай өз ойын айтуға ұялатын 3-4 оқушы болды, осы әдісті қолданғаннан кейін олар сынып ішінде ашылып белсенді болды.
-
Е. Ы. Бидайбеков, М. П. Лапчик, Ж. К. Нұрбекова, А. Е. Сағымбаева, Г. С. Жарасова, Н. Н. Оспанова, Д. Н. Исабаева : Информатиканы оқыту әдістемесі. -
Т.Қ. Қойбағарова, Р.А. Ельтинова: Информатиканы оқыту әдістемесі I-бөлім.