Файл: аза тіліні дыбысты жйесін, лексикасы мен грамматикалы рылымды тере мегеру, бір жйеде сауатты жазу, тілдік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 78
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мақтадан көп нәрсе жасалады. Одан жіп иіріледі. Жіптен мата тоқылады. Мақтаның шитінен май шығады. Мақга өте бағалы болғандықтан, оны «ақ алтын» деп те атайды. (40 сөз)
Жоспар.
Жиренше шешен
Баяғыда Жиренше деген танымал шешен болыпты. Ол асқан ақылды, сөзге ұста, шешен адам екен. Жиреншенің шешендігіне қызығып, хан шақырып алады. Оны өз қасына ертіп жүреді екен. Бірақ Жиренше ханды жақтырмапты. Елдің сөзін сөйлепті. Ол ханның алтындаған сарайына тұрмапты.Өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен. (44 сөз)
Жоспар.
Балық аулаған балалар
Күн жылы еді. Балалар езенге келе жатты. Біраз жүрген соң, катты жел тұрды. Аспанды бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Сәлден соң жауын құйып кетті. Балалардың үсті-басы су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды. Жауын басылды. Бұлт арасынан жарқырап күн шықты. Балалар өзенге келді, қармақ салды. Олар балық ұстады. Кешке үйге қайтты. (50 сөз)
Жоспар.
1.Балалардың өзенге келуі.
Бөгенбай батыр
Бөгенбай батыр - Абылай заманындағы атақты колбасшы, батыр. Сол кездегі қазақ сарбаздарының үлкен ағасы болған. Бөгенбай арғын ішіндегі Қанжығалы руынан шыққан. Оны халық аңызында «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атаған. Бөгенбай халық тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға қатысты. Ол жоңғарлармен соғыста ерен ерлік көрсетті. (41 сөз)
Жоспар.
Маймыл мен бұршақ
Бір маймыл екі уыс бұршақ алып келе жатты. Ол бір бұршағын жерге түсіріп алды. Оны аламын деп жерге еңкейгенде, бұршақтың біразы.түсті. Маймыл шашылған бұршақтарын теремін деп жүріп, тағы біраз бұршағынан айырылып қалды. Маймыл өзінің епсіздігін бұршақтардан көрді. Бұршақтарына ашуланды да, қолында қалғанын шашып жіберді. (46 сөз)
Жоспар.
Талғаттың ерлігі
Таңертең ұшқыштар маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға шығуға дайын. Талғаттың ұшағы әуеге көтерілді. Ұшқыштардың қимылын командир жерден бақылап тұр. Ол Талғаттың жауға жасаған шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудьың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі жаяу әскер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қашты. Жауынгерлік тапсырма орындалды. (44 сөз)
Жоспар.
Қанаттты достар
Жайлауда
Суретті салған Саят ЖАНӘБІЛ
Қысқы ойын
Батыр қоян
Әдетте, ор қоянды қоркақ дейді. Бұл жолы ол қорқақтығын көрсетпеді. Бірде қояндар мекеніне жуандау келген улы жылан жақындай бастады. Осы кезде ана қоян жыланға қарсы шауып, тырнап, тістелей берді. Орнынан тырп еткізбеді. Жылан сәл қозғалса болды, ол тарпа бас салады. Ақырында жыланды өлтіріп тынды. Сөйтіп, көжектерін аман сақтап қалды. (49 сөз)
Жоспар.
Ақтөс
Ақтөс — кішкентай күшік. Ол кішкентай үйшікте тұрады. Оның басы ақ, мұрны қара. Алдыңғы аяқтары ак, артқы аяқтары қара.
Ол ауладан кішкентай үш балапанды көрді. Олар сары және үлпілдек. Ақтөс балапандармен ойнағысы келді. Ол балапандарды қуды, балапандар қашты. Олар шиқ-шиқ етеді. Сол кезде тауық оларды көрді. Ол Ақтөсті тістеп алды. Ақтөс арс ете қалды. Енді Ақтөс балапандармен ойнағысы келмеді. (54 сөз).
Жоспар.
Астана - бас қала
Астана - әсем қала. Қала жылдан-жылға зор қарқынмен дамып келеді. Болашағы өте үлкен. Астанада Отанымыздың жүрегі соғады. Аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар, тұрғын үй кешендері мен ескерткіштер бой көтерген. Гүлзарлар мен бұрқақтар алыстан көз тартады. Астана халықты таң қалдырмай қоймайды. Бір көруге ынтық болушылар қаншама. Астана — бұрынғы Акмола емес, гүлденген, көркейген, өркендеген кала.
Жоспар.
3-сынып
Үста дүкені
Біздің ауылымыз Қостөбе деп аталады. Ауылда отыз-қырық үй бар. Ауылдың ортасында бір үй бар. Бұл үй - ұста дүкені. Ұста дүкені
әңгіме -дүкен құруға, демалуға жақсы. Мұнда әрқашан аздап от жанады.
Дүкенінде Өкембай ұста қыздарға, келіншектерге алқа, сақина, білезік, белдік, шолпы, жүзік, сөлкебай жасап береді. Ал бозбалаларға бәкі жасап береді.
Өкембай - еңбекқор және өте көңілді адам.Оның дүкеніне балалар жиі келетін. (61 сөз)
Б. Соқпақбаев
Жоспар
Қараторғай
Мамыр айының бас кезі. Үйдің төбесіне шықтым. Көктемде келген қараторғайлар мені айналып шырылдап ұша бастады. Кішілеу қараторғай тобығымды сүйкей ұшып өтті. Қанатты достарға не болғанын білейін деп төмен қарадым. Көкшіл жасыл түстес жұмыртқа жатыр. Ол қараторғайдың жұмыртқасы екен.
Өте сүйкімді осы қараторғайлар біздің үйге үйір. Олар бақшамыздағы зиянды құрттарды жейді. Ал балапандары құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Сондықтан қараторғайлар бар жердің ағаштары әдемі болып өседі. (63 сөз)
С.Ақатаевтан Жоспар
1.Мамыр айы
2.Көктемде қараторғайлар келді. З.Олардың пайдасы.
Нұрғиса
Ол өнерге ерте келген. Бес жасынан бастап Нұрғиса домбыра тартты. Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбановтан сабақ алды.
«Отырар сазы» оркестрін құрды. Оған жетекші болды. Дүниенің төрт бұрышын аралады. Қазақ деген халықты, оның өнерін әлемге танытты. Нұрғисаның әндері, күйлері біздің байлығымыз.
Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Үш рет жараланып, аман-есен еліне оралды. Қолына домбырасын қайта алды.
Композиторға «Халық қаһарманы» атағы берілді.Ол кісінің өлмес өнері мәңгіге қалады. (67 сөз)
Жоспар
Балапан
Балапан жетім қалды. Қыс келді.Даланы қар басты.Үскірік аяз тұрды. Балапанға қиын болды. Аштық оны ұйыктатпады. Таң біліне тамақ іздеді. Қырманды да қар басып қалыпты. Ол аштықтан әлсіреп құлап қалды. Бір бала оны үйге алып келді. Баланың балапанға жаны ашыды . Бала балапанды пештің қуысына орналастырды.Ол бойы жылынған соң көзін ашты. Қанатын қақты. Бала оның алдына жем қойды. Ашыққан балапан жемді лезде тауысты.
Балапан қысты жылы үйде өткізді. (68сөз)
Жоспар
Сапар
Сапардың қолындағы үлкен қызыл добы арыққа барып түсті. Қатты ағын оны ала жөнелді.
Сапар да қарап тұрмады, соңынан қуып берді. Қызыл доп ұстатпады. Арық кернеуіне соқтығып, төмен қарай тоқтаусыз тартты. Сапар да қалар емес. Ақыры жетті. Ұстап алды. Қуанып кетті.Кейін қайтайын деп еді, өз үйін таппады. Бөтен көше екен. Бір адам оны үйіне жеткізіп салды. (52сөз)
Ж.Дәуренбеков Жоспар
Екі бұғы
Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты.
Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп, сыртылдата кеп мүйіздесіпті. Олар осылай әбден сүзіседі. Аздан соң талдың бұлағы сияқты бұғылардың мүйіздері ілінісіп қалыпты. Бірінен-бірі ажырай алмай әрлі-берлі тартысыпты.
Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қуаныпты. Дереу келіп бұғыларды арбасына салып алып, үйлеріне қарай жөнеле беріпті. (63 сөз)
Жоспар
Көшет
Көктем шығысымен Айжан аулаға гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әжесімен ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екені есіне түсті. Гүлдер солып калатын шығар деп уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай, төрт-бес күннен соң үйіне келді. Келсе гулі де, көшеттері де жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, апасы су құйып, күтіп жүріпті. Оны көрген Айжан қатты қуанды. (62сөз)
Жоспар
І.Айжанның көшеттері. 2.Ол ауылға кетті. З.Көшеттерін уайымдауы. 4.Айгүл неге қуанды?
Кішкентай Қаныш
Кішкентай Қаныш - бүкіл ауылдың сүйікті баласы. Оның екі шешесі болды: туған анасы Сәлима және үлкен анасы Нұрым. Қаныш көбінесе Нұрым апасының қолында болатын.
Бір ауылдың еркесі болған Қаныш басқа балалар сияқты асықты ұзақ ойнамайтын. Жазда ел жайлауға кешкенде, ол көбінесе өзеннің жағасына кетіп қалатын. Сол жерде түрлі тастарды жинап, өз бетінше жүретін. Үлкен апасы Нұрым асық салуға тігіп берген асық қалтаға тас салатын. (63 сөз)
М. Сәрсекеев Жоспар
1.Кішкентай Қаныш.
2.Қаныштың аналары кімдер?
З.Қаныштың басқа балалардан ерекшелігі.
Жоспар.
-
Мақта қандай өсімдік? -
Мақтаның пайдасы.
Жиренше шешен
Баяғыда Жиренше деген танымал шешен болыпты. Ол асқан ақылды, сөзге ұста, шешен адам екен. Жиреншенің шешендігіне қызығып, хан шақырып алады. Оны өз қасына ертіп жүреді екен. Бірақ Жиренше ханды жақтырмапты. Елдің сөзін сөйлепті. Ол ханның алтындаған сарайына тұрмапты.Өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен. (44 сөз)
Жоспар.
-
Жиренше шешен қандай адам болған? -
Хан мен Жиренше. -
Жиренше елдің сөзін сөйледі.
Балық аулаған балалар
Күн жылы еді. Балалар езенге келе жатты. Біраз жүрген соң, катты жел тұрды. Аспанды бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Сәлден соң жауын құйып кетті. Балалардың үсті-басы су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды. Жауын басылды. Бұлт арасынан жарқырап күн шықты. Балалар өзенге келді, қармақ салды. Олар балық ұстады. Кешке үйге қайтты. (50 сөз)
Жоспар.
1.Балалардың өзенге келуі.
-
Жауын жауды. -
Олар балық аулады.
Бөгенбай батыр
Бөгенбай батыр - Абылай заманындағы атақты колбасшы, батыр. Сол кездегі қазақ сарбаздарының үлкен ағасы болған. Бөгенбай арғын ішіндегі Қанжығалы руынан шыққан. Оны халық аңызында «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атаған. Бөгенбай халық тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға қатысты. Ол жоңғарлармен соғыста ерен ерлік көрсетті. (41 сөз)
Жоспар.
-
Атақты батыр Бөгенбай. -
«Қанжығалы қарт Бөгенбай» аталуы. -
Оның ерен ерлігі.
Маймыл мен бұршақ
Бір маймыл екі уыс бұршақ алып келе жатты. Ол бір бұршағын жерге түсіріп алды. Оны аламын деп жерге еңкейгенде, бұршақтың біразы.түсті. Маймыл шашылған бұршақтарын теремін деп жүріп, тағы біраз бұршағынан айырылып қалды. Маймыл өзінің епсіздігін бұршақтардан көрді. Бұршақтарына ашуланды да, қолында қалғанын шашып жіберді. (46 сөз)
Жоспар.
-
Екі уыс бұршақ. -
Маймылдың епсіздігі. -
Ол бұршактарға ашуланды.
Талғаттың ерлігі
Таңертең ұшқыштар маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға шығуға дайын. Талғаттың ұшағы әуеге көтерілді. Ұшқыштардың қимылын командир жерден бақылап тұр. Ол Талғаттың жауға жасаған шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудьың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі жаяу әскер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қашты. Жауынгерлік тапсырма орындалды. (44 сөз)
Жоспар.
-
Маңызды тапсырма. -
Талғаттың жасаған шабуылы. -
Жауынгерлік тапсырма орьндалды.
Қанаттты достар
1 2 3
Жайлауда
Суретті салған Саят ЖАНӘБІЛ
Қысқы ойын
Батыр қоян
Әдетте, ор қоянды қоркақ дейді. Бұл жолы ол қорқақтығын көрсетпеді. Бірде қояндар мекеніне жуандау келген улы жылан жақындай бастады. Осы кезде ана қоян жыланға қарсы шауып, тырнап, тістелей берді. Орнынан тырп еткізбеді. Жылан сәл қозғалса болды, ол тарпа бас салады. Ақырында жыланды өлтіріп тынды. Сөйтіп, көжектерін аман сақтап қалды. (49 сөз)
Жоспар.
-
Ор қоян қандай? -
Жыланның жақындай бастауы. -
Қоянның батырлығы.
Ақтөс
Ақтөс — кішкентай күшік. Ол кішкентай үйшікте тұрады. Оның басы ақ, мұрны қара. Алдыңғы аяқтары ак, артқы аяқтары қара.
Ол ауладан кішкентай үш балапанды көрді. Олар сары және үлпілдек. Ақтөс балапандармен ойнағысы келді. Ол балапандарды қуды, балапандар қашты. Олар шиқ-шиқ етеді. Сол кезде тауық оларды көрді. Ол Ақтөсті тістеп алды. Ақтөс арс ете қалды. Енді Ақтөс балапандармен ойнағысы келмеді. (54 сөз).
Жоспар.
-
Ақтөс кандай күшік? -
Аулада болған оқиға.
Астана - бас қала
Астана - әсем қала. Қала жылдан-жылға зор қарқынмен дамып келеді. Болашағы өте үлкен. Астанада Отанымыздың жүрегі соғады. Аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар, тұрғын үй кешендері мен ескерткіштер бой көтерген. Гүлзарлар мен бұрқақтар алыстан көз тартады. Астана халықты таң қалдырмай қоймайды. Бір көруге ынтық болушылар қаншама. Астана — бұрынғы Акмола емес, гүлденген, көркейген, өркендеген кала.
Жоспар.
-
Астана кандай қала? -
Астанада нелер бар? -
Қазіргі Астана.
3-сынып
Үста дүкені
Біздің ауылымыз Қостөбе деп аталады. Ауылда отыз-қырық үй бар. Ауылдың ортасында бір үй бар. Бұл үй - ұста дүкені. Ұста дүкені
әңгіме -дүкен құруға, демалуға жақсы. Мұнда әрқашан аздап от жанады.
Дүкенінде Өкембай ұста қыздарға, келіншектерге алқа, сақина, білезік, белдік, шолпы, жүзік, сөлкебай жасап береді. Ал бозбалаларға бәкі жасап береді.
Өкембай - еңбекқор және өте көңілді адам.Оның дүкеніне балалар жиі келетін. (61 сөз)
Б. Соқпақбаев
Жоспар
-
Біздің ауыл - Қостөбе. -
Ұста дүкені. -
Өкембай ұста не істейді?
Қараторғай
Мамыр айының бас кезі. Үйдің төбесіне шықтым. Көктемде келген қараторғайлар мені айналып шырылдап ұша бастады. Кішілеу қараторғай тобығымды сүйкей ұшып өтті. Қанатты достарға не болғанын білейін деп төмен қарадым. Көкшіл жасыл түстес жұмыртқа жатыр. Ол қараторғайдың жұмыртқасы екен.
Өте сүйкімді осы қараторғайлар біздің үйге үйір. Олар бақшамыздағы зиянды құрттарды жейді. Ал балапандары құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Сондықтан қараторғайлар бар жердің ағаштары әдемі болып өседі. (63 сөз)
С.Ақатаевтан Жоспар
1.Мамыр айы
2.Көктемде қараторғайлар келді. З.Олардың пайдасы.
Нұрғиса
Ол өнерге ерте келген. Бес жасынан бастап Нұрғиса домбыра тартты. Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбановтан сабақ алды.
«Отырар сазы» оркестрін құрды. Оған жетекші болды. Дүниенің төрт бұрышын аралады. Қазақ деген халықты, оның өнерін әлемге танытты. Нұрғисаның әндері, күйлері біздің байлығымыз.
Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Үш рет жараланып, аман-есен еліне оралды. Қолына домбырасын қайта алды.
Композиторға «Халық қаһарманы» атағы берілді.Ол кісінің өлмес өнері мәңгіге қалады. (67 сөз)
Жоспар
-
Нұрғисаның өнері. -
«Отырар сазы» оркестрін құрды. -
Нұрғиса - өнерлі, батыр.
Балапан
Балапан жетім қалды. Қыс келді.Даланы қар басты.Үскірік аяз тұрды. Балапанға қиын болды. Аштық оны ұйыктатпады. Таң біліне тамақ іздеді. Қырманды да қар басып қалыпты. Ол аштықтан әлсіреп құлап қалды. Бір бала оны үйге алып келді. Баланың балапанға жаны ашыды . Бала балапанды пештің қуысына орналастырды.Ол бойы жылынған соң көзін ашты. Қанатын қақты. Бала оның алдына жем қойды. Ашыққан балапан жемді лезде тауысты.
Балапан қысты жылы үйде өткізді. (68сөз)
Жоспар
-
Жетім балапан. -
Балапанның көрген қиыншылығы. -
Баланың оған қамқорлық жасауы.
Сапар
Сапардың қолындағы үлкен қызыл добы арыққа барып түсті. Қатты ағын оны ала жөнелді.
Сапар да қарап тұрмады, соңынан қуып берді. Қызыл доп ұстатпады. Арық кернеуіне соқтығып, төмен қарай тоқтаусыз тартты. Сапар да қалар емес. Ақыры жетті. Ұстап алды. Қуанып кетті.Кейін қайтайын деп еді, өз үйін таппады. Бөтен көше екен. Бір адам оны үйіне жеткізіп салды. (52сөз)
Ж.Дәуренбеков Жоспар
-
Арықтағы доп. -
Сапардың допты қуалауы. -
Сапардың қуанышы. -
Оның үйіне жетуі.
Екі бұғы
Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты.
Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп, сыртылдата кеп мүйіздесіпті. Олар осылай әбден сүзіседі. Аздан соң талдың бұлағы сияқты бұғылардың мүйіздері ілінісіп қалыпты. Бірінен-бірі ажырай алмай әрлі-берлі тартысыпты.
Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қуаныпты. Дереу келіп бұғыларды арбасына салып алып, үйлеріне қарай жөнеле беріпті. (63 сөз)
Жоспар
-
Екі бұғының шөпке таласуы. -
Керісудің кеселі. -
Аңшылар бұғыларды көргенде не істеді?