Файл: Week 9 Date 04. 11 08. 11 Teacher Мтар А.., Жумабекова М. М. алиева Ж. Ж. Subject аза тілі Grade 4.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Week: 9 Date: 04.11 – 08.11
Teacher: Мұқтар А.Қ., Жумабекова М.М. Қалиева Ж.Ж. Subject: Қазақ тілі Grade: 4
Апта | Оқу мақсаты/міндеттері | Сабақ барысы | Негізгі бөлім | Сабақтың аяқталуы | Ресуртар мен оқу көздері | ||||||||||
4.11 | Мамандық таңдау. Барлық оқушылар: мұғалімнің оқылған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін дәлелдейді, дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазады. Көптеген оқушылар оқылған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін дәлелдейді, дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазады. Кейбір оқушылар: оқылған материалдағы ақпараттарды өзара салыстырып, өз пікірін еркін дәлелдейді, дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап еркін жазады. | Қызығушылықты ояту. «Сөйлемдер тізбегі». Оқушылар тақырыпқа қатысты мұғалім айтқан сөйлемді мазмұны жағынан жалғастырып, бір сөйлемнен қосып тізбек жасайды. Тізбекке қатыса алмаған оқушы тізбектегі барлық сөйлемді қайталайды. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | «Үстел басындағы әңгіме» Оқушылар берілген сұрақ бойынша алдымен өзі ойланады, содан соң жұпта бөліседі. Соңында өз ойын шеңберде айтады. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады. Сұрақ: Мамандықты қалай таңдау керек? «Оқы, біл». Оқушылар берілген мәтінді оқып, сұрақтың жауабын жұпта талқылайды. Әлібектің әкесінің мамандығы - есепші. Ол үлкен фирмада жұмыс істейді. Есепшінің мамандығы қиын және жауапты. Себебі ол қызметкерлердің ақшасын есептейді. Ал Әлібектің анасы - сәнгер. Ол киім үлгісін жасайды, ерекше киімдер ойлап табады. Содан соң оған мата таңдайды. Әлібектің анасы танымал адамдарға киімдер тігеді. Әлібекке сурет салған ұнайды. Ол табиғаттың, жануарлардың суретін салғанды жақсы көреді. Әкесі Әлібекке «есепші бол» дейді. Ал анасы «дәрігер бол» дейді. Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, Әлібекке не істеу керек? Дескриптор:
«Ойлан, жаз». Оқушылар берілген сөйлемдерді толықтырып жазады. Оқушыларға тірек сөздер ұсынылады. Дауыссыз қ-ғ дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазуына көңіл бөлінеді. Түпнұсқамен салыстыру арқылы өзін-өзі тексереді. Маманды...(қ, ғ)ты дұрыс ................ керек. Маманды...(қ, ғ) таңдау – өте ............ іс. Маманды...(қ, ғ)ты өзінің ....................., ............................... қарай таңдау керек. Жақсы маман болу үшін .................... болу керек. Қажетті сөздер: жауапты, таңдау, қызығушылы...(қ, ғ)ына, қабілетіне, еңбекқор Түпнұсқа Мамандықты дұрыс таңдау керек. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Мамандықты өзінің қызығушылығына, қабілетіне қарай таңдау керек. Жақсы маман болу үшін еңбекқор болу керек. Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. - тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ - тапсырманы орындауда қателер болды. - тапсырманы орындау қиын болды. (Ө) "5 минуттық жазу". Оқушылар сурет негізінде сөйлемдер жазады.
Үлгі: Алинаның қызығушылығы – сурет салу. Оның суретші болғысы келеді. | «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды | Презентация, оқулық, әдістемелік нұсқаулық. | ||||||||||
06.11 | Мамандықтың бәрі жақсы. Барлық оқушылар:бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін, шағын мәтіннің мазмұнын түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі:мәтін негізінде қосымша сұрақтар құрастыра алады. Кейбір оқушылар: жағдаяттық тапсырмалар бойынша өз ақыл-кеңестерін ұсына алады. Тілдік мақсаттар: Пән лексикасы және терминология: Сазгер, сәнгер, еңбексүйгіштік, т.б Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын... | Тыңдалымалды тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер:
Лексика-грамматикалық минимум: Төмендегі сөздердің мағыналары мен аудармасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
Еңбексүйгіштік – еңбекқорлық, (трудолюбие). | ІІ. Тыңдалым тапсырмасы. Жұптық жұмыс. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіздер. Қазіргі кезде мамандықтың түрі көп. Олар – дәрігер, мұғалім, сәнгер, тәрбиеші, сазгер т.б. мамандықтың жаманы болмайды. Әр мамандықтың өз пайдасы бар. Мысалы, сәнгер әр түрлі киім үлгілерін көрсетеді. Сазгер ән шығарады. Жақсы маман болу үшін еңбексүйгіштік пен білім қажет. Г.Тәуекелова Начало формы Конец формы 1-тапсырма: Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтінді мазмұндаңыз, қосымша сұрақтар құрыңыз.
2-тапсырма: Үлгі бойынша сәнгер сөзі туралы сөйлем құраңдар.
Есте сақтайық! Қосымша: сән+гер, саз+гер 3-тапсырма: Берілген сөздердің қайсысына –гер, -кер қосымшасын жалғауға болады? Заң – Қаржы – Дәрі – Ғарыш - 4-тапсырма: Жағдаяттан қалай шығуға болады? Ақыл кеңестеріңізді ұсыныңыздар. Айсұлтан өскенде сазгер болғысы келеді. Әкесі оның қаржыгер болғанын қалайды. Айсұлтан музыканы ұнатады, бірақ әкесінің де көңілін қалдырғысы келмейді. Айсұлтан не істеуі керек? Дескриптор:
Жағдаяттан шығу үшін ақыл-кеңестерін ұсына алады. | ІІІ. Ой-толғаныс. «Мамандық – өмір бастауы» деген даналық сөздің түйінін айтыңдар. Рефлексия. Сабақта қай тапсырмалар күрделі болды? Саған кім көмектесті? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Кері байланыс арқылы және бағалау критерийлері арқылы. | әдістемелік құрал, ақпаратты мәтіндер. | ||||||||||
7 - 8.11 | Дастарқанға нан қалай келді? Барлық оқушылар:мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу; Оқушылардың басым бөлігі:мұғалімнің қолдауымен қосымшаларды қолдану(-шы, -ші) , ауызша/жазбаша тілде қолдану; Кейбір оқушылар: мамандық түрлері туралы өз ойларымен бөліседі. Тілдік мақсаттар: Пән лексикасы және терминология: дәрігер, мұғалім, қаржыгер, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, заңгер, аспаз, әнші, биші, журналист т.б Диалог/монолог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша, дәлел келтіремін, деп ойлаймын.... | Психологиялық жағымды орта қалыптастыру І Қызығушылықты ояту: «Болжау әдісі» : Осы суреттер негізінде оқушылар сабақ тақырыбын анықтайды «Ой қозғау» әдісі:
/өз пікірлеріңді білдіріңдер/. | | | әдістемелік құрал, интербелсенді тақта /таныстырылым/ |