Файл: 4тосан бойынша жиынты баалауа арналан тапсырмалар Блім Театр нері мен мдениеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 162
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис»
Оқу мақсаты | 8.1.2.1 Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға | ||
| байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, | ||
| пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивті- | ||
| эмоционалды сөздердің рөлін талдау | | |
Бағалау критерийі | Білім алушы | | |
| Мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды | | |
| Экспрессивті-эмоционалды | сөздердің | маңызын |
| талдайды | | |
Ойлау дағдыларының | Жоғары деңгей дағдылары | | |
деңгейі | | | |
Орындау уақыты | 15-20 минут | | |
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді.
– Қазір әзіл-сықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып, жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай?
– Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құда-құдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ шашуға да болмайды.
– Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады?
– Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады. Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе.
Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.
– Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз өздеріне деген сенімділік пе?
– Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін, мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі бірдей емес.
– Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті?
– Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе
орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі қажет . Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…
-
Мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді теріп жазыңыз.
-
Кестені толтырыңыз.
Автор көзқарасы қандай? Автор көзқарасы бойынша менің пікірім
-
Автор мәтінде экспрессивті-эмоционалды сөздерді, автор көзқарасын қандай мақсатта береді? Олардың мәтін мазмұнын ашудағы немесе оқырманға әсерін күшейтудегі маңызы бар ма? Дәлелдеңіз.
Бағалау критерийі | № | Дескриптор | Балл | | |||||||
| | тапсырма | | | | | |||||
| | Білім алушы | | | | ||||||
Мәтіндегі | автор | 1 | мәтіннен экспрессивті-эмоционалды сөздерді | 1 | | ||||||
көзқарасын | | | анықтайды; | | | | |||||
анықтайды | | | | | | | |||||
| | 2 | мәтіннен автор көзқарасын анықтайды; | 1 | | ||||||
| | | | | | ||||||
| | | автор көзқарасы бойынша пікір білдіреді; | 1 | | ||||||
| | | | | | ||||||
Экспрессивті- | 3 | мәтіндегі | экспрессивті-эмоционалды | 1 | | ||||||
эмоционалды | | сөздердің рөлін талдайды; | | | |||||||
сөздердің | маңызын | | | | | | |||||
талдайды | | | | | | | |||||
| | мәтіндегі автор | көзқарасының маңызын | 1 | | ||||||
| | | талдайды; | | | | |||||
| | | | | | ||||||
| | | өз ойын дәйектермен дәлелдейді. | 1 | | ||||||
| | | | | | | |||||
Барлығы | | | | | 8 | |
Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация»
Оқу мақсаты
8.2.1.1 Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма,
сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру
8.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі
(диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап
жазу
8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс
белгілерін дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сызбамен берілген мәтіндегі ақпараттарды талдап,
салыстырады
Графиктік мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын
анықтайды
Мәтін құрылымын сақтайды
Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс
белгілерді қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды
2015 жылы елімізге келетін шетелдік туристер ағыны 3%-ға қысқарғанымен, 2016 жылы шетелдік қонақтар саны 4%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы жазады.
2016 жылдың 6 айында Қазақстанға туристік және іскерлік мақсатта 323 мың адам келген. Бұған әлемдік туризмдегі тенденциялардың өзгеруі себеп. Негізгі өсім драйвері – Азия-Тынық мұхит аймағы, бір жыл ішінде бұл жердегі халықаралық туристер саны 9%-ға артқан.
Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі
Туристер ағынының көбеюі қазақстандық туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына да себеп болды. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық өсім 50%-ды құрады. 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында туристік нарықтағы кәсіпорындары 15,4 млрд теңге табыс тапты.
26
Қазақстандағы туристік фирмалар табысы
Әсіресе, қытайлық туристер арасында белсенділік байқалып отыр. Олар 2016 жылы шетелдік туризмдегі шығындарын 20%-ға арттырған. Сондай-ақ, көрші Ресейден, Түркия және басқа елдерден үлкен туристер ағыны келеді деп болжануда.
-
2006 жылдың маусым айы мен 2016 жылдың маусым айы аралығындағы Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлеміне салыстыру жасаңыз. Туристердің саны артып не кемуіне не себеп болуы мүмкін? Болжап көріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
-
Суреттегі ақпаратты саралай отырып, Қазақстан туризмі туралы мәтін жазыңыз, оған тақырып қойыңыз. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерді қолданыңыз.
2017 жыл, қаңтар-қараша
27
Бағалау критерийі | № | Дескриптор | | Балл | | |||
| тапсырма | | | | | | ||
| Білім алушы | | | | | |||
Сызбамен берілген мәтіндегі | 1 | мәтіндегі | ақпараттарды | 1 | | |||
ақпараттарды талдап, | | салыстырады; | | | 1 | | ||
салыстырады | | | | | | | ||
| | ақпараттың | себебіне | болжам | 1 | | ||
| 2 | жасайды; | | | 1 | | ||
| | | | |||||
Графиктік мәтіндегі | мәтіндегі ақпаратты саралайды; | 1 | | |||||
деректердің маңызды | | | | | ||||
| сурет негізінде мәтін жазады; | 1 | | |||||
тұстарын анықтайды. | | | | | | |||
| сөйлем соңында қабаттасып | | 1 | | ||||
Мәтін құрылымын сақтайды | | қойылатын тыныс белгілерді | | | ||||
| | қолданады; | | | | | ||
| | | | | ||||
| | мәтіннің құрылымын сақтайды. | 1 | | ||||
| | | | | | | ||
Барлығы: | | | | | 8 | |
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
-
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды және көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. -
Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Тазарғың келсе, театрға бар!
«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов. Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт -санасы мен тарихы, рухани дүние танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны ерекше. Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп-өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағылымды тарихымен және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты.
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. Бұл пьеса қазақ еліндегі жаңа өнердің , қазақ театрының тұсаукесері болды. Қазақ мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, зор екпінді күш болды. Театр өнері қарыштап дами бастады, алға қадам басты. Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс, өнердің өркендеуіне жұмыс жасады. Мұхтар Омарханұлының бастауымен «Ес-Аймақ» театры 1920 жылдары қарқынды жұмыс атқарды. Рухани шөлдеген жұртты өнермен сусындатты. Әйгілі Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев, Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасып, театр өнері биікке қанат қақты.
2-мәтін
Көрерменің қандай, қазақ театры?
Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге дамып келеді . Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде?