ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


САБАҚ №17
Тақырыбы: Жүйке тіні. Жүйке талшықтары, жүйке ұштары
Сабақтың соңында студент:

  1. Жүйке тінінің құрылымдық компоненттерінің (жүйке талшықтары, жүйке ұштары) микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысы туралы теориялық білімді қалыптастыру

  2. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтарының, рецепторлы және қозғалтқыш жүйке ұштарының микроскоп астында, сызба, электроннограмма және микросуреттерден анықтау бойынша тәжірибелік дағдыны қалыптастыру.

  3. Жарық микроскопы арқылы алынған ақпаратты талдау.

  4. Алынған мәліметтерді ситуациялық есептерді шешуде пайдалану.

  5. Ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқыту және білім, білік дағдыларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастапқы дағдыларын дамыту.

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Гистология, эмбриология, цитология. 6-шы басылым. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина. Қазақ тіліне аударған Р.Ж. Есимова., К.Т. Нүрсейтова - М., ГЭОТАР-Медиа баспа тобы, 2014, 257-292 беттер.

  2. Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Гистология, цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы. Алматы. «Эффект» баспасы, 2012, 98-106 беттер.

Қосымша:

  1. Абильдинов Р.Б., Ергазина М.Ж., Юй Р.И. Толковый словарь основных гистологических терминов на казахском, русском и английском языках. Алматы, «ZAMANPRINT» баспасы, 2017, 122 б.

  2. Гистология, цитология және эмбриология. Атлас. Алматы, 2015. (Авторлары Абильдинов Р.Б., Юй Р.И., Ергазина М.Ж., Аяпова Ж.О.) Алматы : Эффект, - 416 б.

Электронды ресурстар:

  1. Мяделец О.Д. Гистология, цитология и эмбриология человека часть -1. цитология, эмбриология и общая гистология. Витебск, 2014- 439 б. https://core.ac.uk/download/pdf/53873514.pdf

Тақырып бойынша видео материал қарау:

  • YouTube: https://www.youtube.com/watch?v=Gw2ebE19Gx0

  • YouTube: https://www.youtube.com/watch?v=y_egwPgWXRQ

  • YouTube: https://www.youtube.com/watch?v=6RGAi-bGhEI

  • YouTube: https://www.youtube.com/watch?v=wXyGyaGXuNY


Тақырыпқа дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Жүйке тінінің гистогенезі.

  2. Миелинді және миелинсіз талшықтардың құрылысы.

  3. Жүйке тінінің жасушааралық байланыстары. Рефлекторлық доға туралы түсінік

  4. Жүйке ұштары.

  5. Жүйке тінінің дегенерациясы және регенерациясы.

Сабақты өткізу түрі: бастапқы білім деңгейін анықтау үшін (ауызша және жазбаша жауап алу),тест тапсырмаларын орындау, (№2-8) практикалық дағдыларды тапсыру.

Бақылау: бағалау жиынтық түрінде, ауызша жауап беру, тест тапсырмаларын орындау, практикалық дағдыларды тапсыру арқылы (бағалау парағымен) бағаланады.

БОӨЖ тапсырмалары: сабақтың тақырыбы бойынша ситуациялық есептер шешу кесте толтыру, сапалы хатттама толтырып, суретін салып, анықтап, гистологиялық құрылымдарына сипаттама беру.

БОӨЖ бақылауы: бағалау формативті.

БӨЖ тапсырмалары: тақырып бойынша эссе жазу:

  1. Нейронаралық синапстар

  2. Жүйке-бұлшық ет синапсының құрылысы мен механизмі

БӨЖ бақылауы: бағалау жиынтық түрінде. Білім алушы 16 аптада тапсырып, 17 аптада аралық бақылау кезінде (бағалау парағымен) бағаланады.