ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
.
Коучинг тақырыбы: Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ.
Мақсаты: Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысын-дағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу.
Міндеттері: - Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру; - Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту; --Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалімдер оқушыларға сапалы білім бере отырып, жетістікке жету жолдарын анықтайды және жолға қояды.
Түрі: пікір алмасу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі парақтар.
Коучинг барысы: Кіріспе. Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: Ойлану - ең ізгі жол; Еліктеу – ең жеңіл жол; Тәжірибе жолы – ең ауыр жол. / Бенедикт Спиноза/
Стратегия -ұзақ уақытты қамтитын кез келген іс-әрекеттің жалпы жоспары және мақсатқа жету тәсілі. Педагогикалық стратегия – білім беру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін сыныпта қолданылатын жоспарланған, әрі жүйеленген әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білумен сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен-күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
І.Ұйымдастыру. Ынтымақтастық тренингі. «Сіздің нағыз мұғалім екеніңізді білдіретін 5 белгі»
Қатысушы коучерлерді топқа бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу, слайд арқылы әр фигураның өзіндік ерекшелігін білдіру
Квадрат. Сізде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетіңіз баршылық. Сізден үздік администра-тор шығады
Шеңбер.Сізде адамгер-шілік жоғары дамыған.
Сіз өз әріптесіңізді тыңдай аласыз және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісе-сіз,басқаның ауыртпалы-ғына жәрдемдесу қа-білетіңіз жоғары қалып-тасқан. Сізге жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңізді олардан аулақ ұстайсыз. Сізден үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Сізге басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңызға қол жеткізуге барлық мүм-кіншілігіңізді жасайсыз. Өзіңе сенімдісіз және жеңіске,
жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесіз. Айтқаныңыз-дан шықпайсыз, абыройлысыз.Сіз қоғам-да, өмірде жоғары жетістіктерге қол жет-кізесіз, жұмысыңызда жоғарыға көтерілуге бейімділігіңіз бар.
II. Постер қорғау. Әр топқа тапсырмалар бөлінеді және сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды. I топ. «Қазіргі кездегі білім берудегі мәселелер». Мақсаты: Білім сапасын жетілдіру үшін мұғалімдердің заманауи оқытудағы әдістері мен дағдыларын инновациялық-педагогикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.
II топ. «Білім берудегі қиындықтар, оны шешу жолдары». Мақсаты: Өз тәжірибесіндегі қиындықтарды анықтай отырып, мұғалімдердің таным-ізденушілік қабілеттерін дамыту, кәсібилік пен шеберлікті арттыру.
III топ. «Мінсіз мұғалім ». Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтеру, өз ісінің шебері болу үшін алдағы мақсаттарын жаңаша көзқараспен айқындау. ІІІ.Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау. Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.
1-тапсырма. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
2-тапсырма. Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
3- тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
Кілті: 1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады».
2-тапсырма бойынша: «ұлты басқа болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді».
3-тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді...»
ІV. Сергіту сәті. «Өзіңді тереңірек тани біл!» Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады. Таңдаған жеміс-жидектің өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз.
Кілті:
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ.
Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, әсіресе, анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.
Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз. Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлік, батылдық керек. Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншатығыңыз да жоқ емес. Сіз алманы өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
V.Рефлексия: «Сандық, еттартқыш, қоқыс шелегі»
VI. Қорытынды: «Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес,пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді.Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:"Не істеп,не оқысам да соның бәрі,тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін",-деген екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттерінің өздеріне шәкірт тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес етіпті» Я.А.Каменский. Біздердің, деңгейлік бағдарламаны меңгерген, әріптестердің іс-әрекеті(коучинг, тәлімгерлік, топтық жұмыстар, шеберлік сыныптар т.б.)осы даналар сөзінің айқын көрінісі. Өйткені курстан өтпей-ақ осы бағдарламаны қолданатын мұғалімдер күн санап артып отыр. Қазақ халқында біреуге жақсылық жасау - үлкен сауап. Бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық, үйрете жүріп, өзіміз де үйренуден жалықпайық